Жаһандық құзыреттілік уақыт талабы

Жаһандық құзыреттер – бұл нақты дағдылар емес, қазіргі және болашақ ұрпақтың өміріне әсер ететін кез келген проблемаларды шешуге қатысу   қолданылатын білім, білік, көзқарас пен құндылықтардың үйлесімі.       

Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің пікірінше, мұндай білім іскерліктің және қарым-қатынастың қажеттілігін ескеретін білім беру жүйелері. Мемлекет басшысы Қ.Токаев біз экологиялық мәселелерді шешуді ұзақ жәшікке сала алмаймыз. Жаһандық энергетикалық көшу, инновацияларды дамыту, цифрландыру әлемдік нарықтардың конъюнктурасын өзгертеді және орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер қолдануды талап етеді.

Нәтижесінде экологиялық мәселелер туындайды. Осыған орай Қазақстан Үкіметі экологиялық заңнаманы ЭЫДҰ елдерінің стандарттарымен үйлестіруге және үздік әлемдік практикаларды қолдануға бағытталған дәйекті реформалар жүргізуде.  Соңғы кездерде экологиялық сауаттылық мәселесі көтерілуде. Білім саласында ол бастауыш сыныптарда табиғат, қоршаған орта мәселелерімен байланысты. Сол себепті Ы Алтынсарин атындағы ҰБА қолға алған 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сыныптардағы пән атаулары мен сағаттық жүктемелерді қысқартуы өте орынды.

Қазіргі ұсынылып отырған «Қоршаған орта» пәні 1-5 сыныптарда адам мен табиғат және қоғам тұрғысында қарастыра, 6 сыныпта «Жаратылыстану» пәнімен жалғасуы, 7 сыныптан бастап география, биология, химия, физика  пәндерінде  экологиялық мәселелерді нақтылы қарастыру көзделген. Орта білім сатыларында  экологиялық мәдениетті қалыптастыра  ЖОО экология пәні оқылуы маман иелерінің табиғатқа, қорщаған ортаға деген көзғарасын  толықтай қалыптастыруға тиісті.

Қазіргі ғаламдық табиғаттағы өзгерістерге, климаттың өзгеруіне, шөлейттену, су айдындарының таяздануына  деген көзғарас мекетеп қабырғасында оқылатын пәндер арқылы түсіндіріліп сыни қарауға бағытталмақ. Бұл мәселелер алдымыздағы Тамыз кеңесінде жіті қарастырылатынына сенім артамын.

Орденбек МАЗБАЕВ,
география ғылымдарының
докторы, профессор

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Жаһандық құзыреттілік уақыт талабы

  1. Жаһандық құзыреттілік пәні мектепте қосылғаны жақсы. Бірақ бұл аты ғана. Балалар бұл пәнде жай бос отырады қоңырау тосып, ойын ойнап. Нәтижесінде балам кеш шығып, жарты сағат автобус күтіп тоңып сағат 20.00 уйге келді. Неге бұл сабақ адамша пайдасымен өткізілмейді. Балаларға патриоттық сезім, сыйластық, қорғау, сақтау, жауапкершілік отбасында, мемлекетке, табиғатқа деген нәрселерге үйрету қажет. Және Қаржылық сауаттылық сабағын енгізу керек. Ол үшін дұрыс құрылған нақты бағдарламалар керек. Тағы бір маңызды проблема бұл мұғалімнің функциялары көбейу білім беру сапасына қатты зиян келтіреді. Өйткені мұғалім міндетті жұмыс көлемін үлгерем деп, оқушылар сабақты түсінуге үлгермейді.

Добавить комментарий