Туған елге тағзым: NIS – туған жер бағдарында

Елордадағы физика-математика бағытындағы мектептен Асылжан Есен аты аңызға айналға құс самұрықпен бірге бүкіл ел аспанында қалықтай ұшты. Петропавлдағы NIS оқушылары «Minecraft» платформасында Керуен сарайының виртуалды нұсқасының құрылысын бастады. Нұр-сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп оқушысы Инсар Тунгушбаев өзі әзірлеген «Meirim» сайтына Көлсай көлдері мен Шарын шатқалындағы экологиялық нүктелерді енгізді.

Өскемендегі NIS-тен Наргиз Токтамысова ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің тарихына үңіліп, Түркістан өңірінің көрікті жерлерінің жеке каталогын жасады. Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушылары Ердәулет Махамбет, Жанасыл Рысбек, Алуа Мыңжасар, Аяжан Төлеген, Заңғар Өтеш, сондай-ақ «Photo Camp-2021» элективті курсының қатысушылары Бахыт Хаман және Олжас Жахангер Ұлы Жібек жолының ежелгі қалаларын зерттеді. Тараздан Нұрай Наршыбаева мен Алия Анарбаева Алакөлдің «ақылды есігін» ашты.

Қарағанды қаласындағы NIS оқушылары Камила Тазабекова, Асылхан Онбаев, Сабина Балтина және Нариман Ақберген Жетісудың көптеген көрікті жерлерімен танысты. Павлодарлық Темірлан Зорлықбаев Баянауыл ауданында туристік бағдарларды ашу үшін оларды дұрыс құрастыруды үйренді. Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Адлен Ролланұлы мен Мағжан Серікбеков танымал Шаған көлін зерттеп, Ұлттық ядролық орталықта жұмыс істеді.

Алматыдағы химия-биология бағыттындағы NIS оқушысы Темірлан Құмаров әйгілі «Алтынемел» ұлттық табиғи паркінде өзінің «Жетісу» сайтының мобильді қосымшасын жасауды ұйғарды. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларын жазғы демалыста, «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы кезінде күтпеген жаңалықтар мен шабыттандыратын кездесулер күтіп тұрды.

Өткен жылы қашықтан өткізілген байқауға шығармашылық жұмыстар мен жобалардың максималды саны ұсынылып, онлайн экспедиция бағдарларында қатысушылардың рекордтық саны тіркелді. «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясының қорытындысы дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» форумында жарияланып, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова зерттеу экспедициясы NIS-тің әлеуметтік жобалары қатарында айрықша орын алатынын баса айтты:

– «Туған елге тағзымның» әрбір қатысушысы өзін жеңімпаз санауға толық құқығы бар, себебі олар өз елінің тарихи, археологиялық, мәдени, архитектуралық, индустриалдық көрнекі орындарын зерттеді. Экспедицияның бірегей бағдарларымен жүріп өткен барлық қатысушыларды белгілі қазақстандықтар құттықтады: ғарышкер, «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов;  «University Medical Center» корпоративтік қорының Басқарма төрағасы, Қазақстанның Еңбері Ері Юрий Пя; Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мусаходжаева, Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2020 жылғы түлегі Альнур Акчурин.

Олардың әрқайсысының кәсіби жетістіктері оқушыларды табыстың жаңа оқиғаларына жігерлендіре түседі. Онлайн форматқа қарамастан, монитордан әйгілі робот София шыға келгенде қошеметтер легі толастамады. Ең әйгілі гуманоидпен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары оны жасап шығарушы Дэвида Хэнсонмен жасанды интеллект бойынша өткен сабақ барысында достасып үлгерген. Тікелей эфирде жеңімпаздар алты номинация бойынша үздік жұмыстарды ұсынды.

«Ұлы дала өркениеті» номинациясында Ердәулет Махамбет, Заңғар Өтеш, Ақниет Абдашима, Асия Ильясқарова, Мұхтар Қабылбек, Шыңғыс Ерлера, Алуа Мыңжасар, Аңсар Абдулла, Аяжан Төлеген, Нұрсұлтан Жақсыбекова, Жанасыл Рысбек бастаған Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы мектептің авторлық ұжымы «Көне қалашық» Шымкент қаласының мәдени-тарихи бренді бола ала ма?» жобасы үшін жеңімпаз атағын еншіледі.

«Туған өлкем – жұмақ мекен!» табиғи қорықтар бағдарында елордадағы физика-математика бағытындағы мектептен Асылжан Еген мен Ансат Джартыбаев «Artemia salina» жобасы үшін үздіктер атанды. «Ұлт руханияты – бабалар аманаты» мәдени мұра бағдарында «Madeni Zhangyru» мобильді қосымшасын ұсынған Алматыдағы химия-биология бағытындағы мектептің оқушысы Михаил Дудинов чемпион деп танылды.

«Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует» инновациялық-өндірістік бағдарында Қарағандыдан «Физикалық тапсырмалардағы сүйікті қалам» жинағын жасап шығарған Камила Тазабекова жеңіске жетті. «Селт еткізер, ерен ой» шығармашылық аталымында әділ қазылар алқасы жеңісті «Шерхан Мұртаза – екі қанатта» аса көрнекті графикалық туындысы үшін тараздық Сания Қайнарқызына берді.

Үздік эссенің авторы болып «Шарын шатқалының әуенін» жазған Талдықорған қаласынан Шұғыла Нұржанқызы атанды. Жазғы демалыста ең жақсы жобалар мен шығармашылық жұмыстардың бірқатар авторлары бағдарларды қашықтан жүріп өтіп, туған елдің жаңа көрікті жерлерін зерттеді. «Туған елге тағзым» – Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінде осыдан 9 жыл бұрын құрылған бірегей жоба, осы жылдар ішінде мыңдаған оқушы туған жердің туристік бағдарларымен жүріп өтті.

Зерттеу экспедициясы академиялық білімді растау мен кеңейтудің сәтті алаңына айналды. Бірақ бірінші кезекте оның барлық қатысушылары «Туған елге тағзым» жобасының символдық атауы өзін толық ақтайтынын мойындайды:  – Экспедиция маршруттарында біз өз Отанымызға деген мақтаныш сезімін ұғынып, оның жетістік тарихына нақты үлес қосуға деген ұмтылысты шынымен түсіндік – дейді экспедиция қатысушылары.

«Туған елге тағзым – 2021» дәстүрлі экспедициясының соңында тоғыз бағыт, атап айтқанда. тарихи және мәдени мұра, табиғи-қорықтар нысаны, өңірдің инновациялық-өнеркәсіптік дамуы, экологиялық проблемаларды шешу, әлеуметтік стартап-жоба, әлеуметтік жоба, эссе, сондай-ақ «Шабыт» номинациясы бойынша жобалар дайындалады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий