Қазалыдағы колледж базасында “Жас маман” жобасы жүзеге асырылуда

«Жас маман» жобасы (23. 01. 2019 ж) Жастар жылының ашылу салтанатында берілген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген. «Жас маман» жобасының мақсаты — ең көп талап етілетін 100 кәсіп бойынша 180 колледж бен 20 университетті жаңарту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу.

 «Жас маман» жобасының негізгі міндеттері – аймақтар бойынша сұранысқа ие 100 өндірістік және қызмет көрсету кәсіптерін анықтау, таңдалған мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын колледждер мен университеттерді таңдау, білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базасын қалыптастыру, білім беру үдерісін жаңарту, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін даярлау, сондай-ақ жарияланған мамандық бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес оқыту бағдарламасын құруға көмектесу үшін шетелдік серіктестерді тарту, қосымша қаржыландыру шартымен колледждерге жабдықтар сатып алу (жергілікті бюджеттерден кемінде 5%).

«Жас маман» жобасын іске асыру нәтижесінде білім беру ұйымдары ұлттық және халықаралық деңгейде сұранысқа ие мамандарды даярлауға қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылады, өз аймағының мәлімделген мамандық бойынша құзыреттілік орталықтарына айналады, сонымен қатар қатысушыларды WorldSkills чемпионаттарына дайындайды. Қазалы аграрлы – техникалық колледжі «Жас маман» жобасына қатысып, 2020 жылдың жеңімпазы атанған болатын.

Жоба бойынша республикалық бюджеттен 323 312 000 теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша төрт зертхана, үш шеберхана және оқу алаңы жабдықталды. Колледж жаңа жіктеуіш бойынша 21 мамандық 44 біліктілікке лицензия алды. Енді болашақ мамандар мамандықтар бойынша жаңа оқу бағдарламаларымен білім алатын болады.

«Қазалы аграрлы – техникалық колледжінде «Жас маман» жобасы бойынша Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының, «Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің (27. 09. 2019 ж, №425) бұйрығының негізінде құзіреттілік орталығы ашылды.

Құзыреттілік орталық қызметінің мақсаты«Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану» және «Ауылшаруашылық техникаларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша Worldskills Кazakhstan  чемпионаттарына қатысу үшін аймақтық команда мен Қазақстан құрамасына бәсекеге қабілетті қатысушыларды даярлау инфрақұрылымын қалыптастыру, білім беру ұйымдарының өндірістік білім беру оқытушылары мен шеберлері қатарынан сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру.

Worldskills Кazakhstan талаптарына сәйкес оқыту, Қызылорда облысы аумағында таңдалған құзыреті бойынша Worldskills Кazakhstan стандарттарын іске асыру, Қазақстандағы оқу орындарының озық практикалық тәжірибесін, шетелдік тәжірибені, сондай-ақ колледж жетістіктерін Қызылорда облысының ТжКБ ұйымдарының күнделікті практикада қолдануы үшін ретрансляциялау, өңір экономикасы үшін кадрлар даярлау саласындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту, ТжКБ жүйесінің кадрларын оқыту үшін кешенді ғылыми-практикалық және әдістемелік ресурстық база құру, кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету үшін педагогикалық ғылым мен өндірістік практиканың зияткерлік, әдістемелік, кадрлық, материалдық-техникалық ресурстарын біріктіру.

Құзіреттілік орталықтың қызметтік міндеттері – құзыреттіліктері бойынша Worldskills Кazakhstan чемпионаттарына қатысу үшін бәсекеге қабілетті қатысушыларды дайындау,  Қызылорда облысының құрама командасы үшін резерв дайындауды қамтамасыз ету, кәсіби бағдарлау және кәсіби өзін-өзі анықтауды сүйемелдеу саласында қызметтер көрсету,  халықаралық стандартқа сай мамандар кадрын даярлау.

Worldskills Кazakhstan жаттығу  жиындары  мен өзге де іс-шаралардың өткізілуіне қатысу, чемпионат талаптарына сәйкес құзыреттер бойынша кәсіби мамандарды даярлау үшін материалдық – техникалық  базаны  жаңғырту және тиімді пайдалану, кәсіби мамандарды даярлау үшін әдістемелік база құру, жұмысшы мамандықтарды танымал ету, халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын түзету, материалдық-техникалық базаны нығайту, сарапшыларға  стандарттарға сай білім беру (тағылымдамалар, семинарлар, тренингтер өткізу).

Еңбек нарығының сұранысына және тапсырыс берушілердің кәсіби қажеттіліктеріне жедел ден қоятын жоғары білікті инженерлік-педагогикалық ұжымын қалыптастыру, кадрлардың біліктілігін арттыру және кәсіби даярлау жөніндегі мәлімделген қызметтерді практикалық ұйымдастыру үшін оңтайлы білім беру жағдайларын жасау және жүйелі түрде жаңарту, жаңа техниканы, жабдықтарды, технологияларды, еңбектің озық өндірістік тәсілдері мен әдістерін игеру үшін әріптес кәсіпорындардан кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау процесіне жетекші мамандарды тарту.

Әлеуметтік әріптестермен практикалық өзара іс-қимыл жасау арқылы оқу процесіне тиімді педагогикалық және технологиялық жетістіктерді енгізу, кадрларды қайта кәсіби даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың оқу бағдарламаларына ақпаратты енгізе отырып, тиісті саланың жаңа өндірістік технологиялары туралы деректер банкін қалыптастыру, педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жаңа техниканы, жабдықтарды, технологияларды зерделеу бойынша тағылымдаманы ұйымдастыру.

Құзіреттілік орталығының әлеуметтік ынтымақтастықты одан әрі нығайту және құзіреттілік орталықтың жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «СТАгро» ЖШС мен «Қазалы аграрлы – техникалық колледжі» КМҚК арасында әлеуметтік әріптестік меморандумына қол қойылды. «Worldskills-2021» Ұлттық чемпионатының республикалық кезеңіне қатысушыларды іріктеу мақсатындағы өткізілген облыстық чемпионатына колледж 5 құзіреттілік бойынша қатысып, «Кірпіш қалау», «Дәнекерлеу технологиясы», «Ауылшаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеуші-слесарь» құзіреттіліктері бойынша республикалық кезеңге жолдама алды.

Бұл көрсеткіш заманауи жабдықтарды меңгерген болашақ мамандардың еңбегі екені айқын. Сонымен қатар колледжде биыл алғаш рет WorldSkills Kazakhstan талаптарына сәйкес демонстрациялық емтихан нақты өндіріс процестерін модельдеу жағдайында түлектердің білім, біліктілігін және практикалық дағдыларының деңгейін анықтау мақсатында WorldSkills Қазақстан стандарттарына сәйкес демонстрациялық емтихандары өткізілді. Демонстрациялық емтихан – бұл өңірдегі кәсіпорындар өкілдері арасынан сарапшылардың демо-емтихан тапсырмаларын орындауын тәуелсіз сараптамалық бағалауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша түлектерді мемлекеттік қорытынды аттестаттау нысаны.

Алғаш рет өткізіліп отырған демонстрациялық емтиханды бітіруші топтың «Дәнекерлеу ісі» мамандығының «Дәнекерлеу технологиясы» құзіреті, «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзіреті, «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының «Кірпіш қалау» құзіреті бойынша тапсырды. Емтихан тапсырмасы тек практикалық жұмыстардан құралды.

Демонстрациялық емтихан «Talap» КЕАҚ бекіткен бағалау құжаттамасына сәйкес құзыреттіліктің техникалық сипаттамасы, инфрақұрылымдық парақ, бағалау критерийлері және емтихан тапсырмалары бойынша бағаланды. Демонстрациялық емтиханды өткізу үшін оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері, кәсіпорындардан сарапшылар, сарапшылар-ұйымдастырушылар, техникалық сарапшылар тағайындалады. Олар EDUWSK электронды жүйесінде тіркелген.

«Жас маман» жобасы – заманауи құрал – жабдықтар мен технологияны игерген, құзіреті қалыптасқан маман шығарудың бірден – бір тетігі.

Арман Қонысбайұлы МУСАЕВ,
Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің
директоры. Қызылорда облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий