Білім мазұны: Зерттеу дағдыларын дамыту

Қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығы жағдайында кәсіби дағдыларға қойылатын талаптар тез өзгеруде. Осы орайда барлық деңгейдегі жоғары білікті мамандарға деген сұраныс артып келеді. Еңбек нарығының талаптарына сай болу кең ауқымды дағдыларды дамыту қажеттілігін білдіреді. Себебі, қазіргі заманғы еңбек нарығы мамандардан туындап жатқан ситуацияларға қарамастан аз уақыт шеңберінде ұтқырлық таныту, дұрыс шешім қабылдау, сыни және креативті ойлауды талап етеді.

Сондықтан да білім алушының бойында зерттеу дағдыларын дамыту маңызды болып саналады. Яғни, олар білімді жаңа жағдайда қолданып, тапсырмада туындаған проблеманың  шешімін өз бетінше табады және оның алгоритімін өзі құрастырады. Мектептегі химияны оқытудың негізгі мақсаты – білім алушылардың химиялық білім негіздерін толық түсіну мен меңгеру арқылы проблемалық-ізденушілік, зерттеу іс-әрекеттерін қалыптастыру болып табылады. Зерттеу әрекеті – шығармашыл әрекет болып табылады және де оның дамуына ықпал жасайтын белгілі бір сызбалары мен ережелері болмайды.

Дегенмен,  білім алушының оқудағы зерттеу әрекеті бірнеше қадамдардан тұрады: проблеманы анықтау (зерттеу сұрағы); гипотезаларды әзірлеу; ықтимал шешім нұсқаларын іздеу және ұсыну; ақпаратты жинақтау; алынған деректерді талдау; қорытынды өнімді дайындау және қорғау (хабарлама, баяндама, макет). Зерттеу дағдыларын қалыптастыруда проблемалық оқытудың алар орны ерекше мәнге ие. Проблемалық оқыту мәселелері көптеген дидактикалық және психологиялық зерттеулерде (И.Я.Лернер, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин және тағы да басқалар) білім алушының таным қызметі мен оқыту әдістерінің ішкі мәнін түсінуде жан-жақты қарастырылды.

Проблемалық оқыту білім алушының танымдық ойлауы мен зерттеушілік әрекетін белсенді түрде дамытады. Репродуктивті деңгейде қабылданған білім мен білік проблемалық әрекетке ұласып, білім алушының химия ғылымының қыр-сырын білуге шығармашылық танымының құралына айналады. Химия сабағындағы проблемалық ситуацияларды туғызудың негізгі амалдары: мұғалімнің жаңа білімді түсіндіруде, бұрын соңды таныс емес теориялар, заңдар мен ұғымдар. Зат массасының сақталу заңын оқытғанда проблемалық ситуация туады. Шыны ыдыстың ішінде металл ұнтағы салып, аузын балқытып бекітіп, таразыға тартады. Содан кейін ыдысты қыздырып, өлшейді.

Неге ыдыстың массасы өзгермейді? Қосылыстың екі жақты қасиетті (амфотерлік) немесе бір заттың тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиетті көрсететіні. Мырыш гидроксидінің қасиеттерін зерттегенде білім алушылар оның қышқылдарға тән қасиетті көрсететінін байқайды. Бұл ақпарат проблемалық ситуация туғызады. Білім алушылар белгілі бір заңдылықтар негізінде кейбір процестерді эксперимент күйінде іске асыра алмайтынына көзін жеткізу. Металдардың кернеу қатары негізінде оқушылар қате прогноз жасаулары мүмкін, мысалы мыс сульфаты мен натрий арасындағы реакция.

Өмірде кездесетін құбылыстарды түсіндіруге базалық білімнің жеткіліксіз екенін еске салу. Оқушылар 3% сутек пероксидімен жарақаттарды өңдегенде көпіршік пайда болатынын біледі, бірақ бұл құбылысты түсіндіре алмайды. Бұл білместік проблемалық ситуация туғызуға септігін тигізеді. Бір типке немесе класқа жататын заттардың әр түрлі қасиеттер көрсететінін айқындау. Фосфор оксиді мен кальций оксидінің қасиеттері, олардың сумен әрекеттесуі, реакция өнімінің зерттелуі проблемалық ситуацияны қалыптастырыды. Эксперименттік есепті шығаруды ұсыну.

Бірнеше реактивтер берілген және соңғы қорытынды белгілі, бірақ алыну жолдары белгісіз. Берілген реактивтер: мырыш, су, тұз қышқылы, натрий  гидроксиді, натрий хлориді.  Мырыш гидроксидін алу керек. Тиімді оқыту мен оқудағы проблемалық сұрақтар білім алушыларды ізденіске, зерттеушілікке, анализ, синтез жасауға итермелейді. Сонымен қатар проблеманың мақсаты мен сұрағы нақты қойылса, білім алушының назарын, зейінін аударады, ал зейін ойлауды белсендіреді. Сондай-ақ, есте сақтауын,  білімін жүйелеуге және қорытынды жасауға ықпал етеді. Мысалы, химия пәнінен «Көмірсулар» тақырыбын өткен кезде оқушыларға «Неге нанды  ұзақ уақыт шайнаған кезде тәтті дәмге ие болады?».

Немесе глюкозы мен фруктозаның қасиеттерін салыстыруға бағытталған эксперимент барысында оқушылар проблемаға кезігеді: глюкоза мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттеседе, ал фруктоза әрекеттеспейді. Неліктен? Зерттеу білігі мен дағдыларын дамыту үшін оқу әрекетінде проблемалық жағдаяттар мен зерттеуге бағытталған сұрақтарды туғызу керек, құрастыру керек, модельдеу қажет. Мәселен, телидидардан үнемі газдалған сусындарды жарнамалайтын роликтер көп. (Жаздың ыстық күнінде ішсең шөлің қанады….) Алғашында бәрі дәмді, керемет әсер береді.

Бірақ оқушылар сусындарды зерттегеннен кейін, олардың құрамында көмірқышқыл газ, қант, бояғыштар, ароматизаторлар, кофеин, консерванттар бар екенін біледі. Оның ішінде қант көп мөлшерде. Сусынның рецептіне қарай жарты литр шөлмекте 9 қасыққа жуық қант қосылады екен. Ал көп мөлшердегі қант шөлді азайтпайды және ұйқы безінің дұрыс жұмыс жасауына кері әсерін тигізеді. Көмірқышқыл газы ағзаға айтарлықтай зиян келтірмейді. Бірақ сумен әрекеттесіп көмір қышқылына айналады. Көмір қышқылы қышқылдықты арттырады және асқазан секрециясын белсендіреді, кекіртеді, іштің кебуін туғызады.

Бояғыштар мен  ароматизаторлар бауырға әсер етеді, тістің эмалін құртады, әр түрлі аллергиялық реакцияларды тудырады. Кофеин жүйке жүйесінің сарқылуына, бас ауруы, шаршаумен, жүрекке ауыртпалықты арттырады. Міне осы ақпараттар негізінде проблема туындайды және оның шешімін оқушылар бірлесіп табады, ұсынады. Осыған байланысты білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында case-study әдісі негізінде кейс ұсынуға болады.

Кейс «Энергетикалық сусындар». Көп жағдайда спортсмендер, сондай –ақ жарнаманың әсерінен мектеп оқушылары да физикалық және ақыл-ой жүктемелерінің алдында энергетикалық сусындарды ішеді: Red Bull, Sobe Adrenalin Rush, Impulse. Әрине, шыдамдылықты арттыру және қалпына келтіруді тездету үшін жаттығу алдында, одан кейін және жаттығу кезінде сұйықтықты сауатты тұтынудың және дұрыс тамақтанудың маңыздылығын бәрі біледі. Сондықтан “энергетикалық сусын” немесе “спорттық сусын” (су мен бір бөтелкедегі энергия) сияқты ұғымдар өте тартымды естіледі.

Қосымша қуат көзі сіздің жұмыс қабілеттілігіңізді арттыруы мүмкін, бұл кез-келген адам үшін, әсіресе белсенді өмір салтын ұстанатындар үшін өте қажет. Көптеген адамдар жарнаманы негізге алып, жәй ғана күштілікті сезіну үшін осы сусындарды іщеді. Осылайша, көптеген тұтынушылар ешқандай сенімді ғылыми ақпаратсыз, аталмыш сусындарды пайдалы деп санайды. Осы кейс аясында білім алушының орындайтын міндеті: Сұраққа жауап беріңіз: Биологиялық мағынанда энергия дегеніміз? Энергетикалық сусындардың компоненттерін сипаттап жіктеңіз.

Әр компоненттің физиологиялық ролін анықтаңыз. Ғылыми тұрғыдан түсіндіріңіз: бұл сусындар оларға қойылатын маркетингтік талаптарға сәйкес пе? Аталмыш сусын қаншалықты пайдалы? Жауаптарыңызды негіздеңіз. Білім алушылардың проблемаларды шешу үдерісіне қатысуы немесе зерттеушілік әрекетке енуі тақырып мазмұнын терең меңгеруіне, білімді жаңа жағдайда қолдана білу дағдыларын дамытуға ықпалы зор екенін білдіреді.

Жанар Рзабекқызы ЖУБАУОВА,
Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Қызылорда
облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, п.ғ.м.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий