Батыс Қазақстан облысындағы білім беру саласы қызметкерлерінің  тамыз конференциясы  ұйымдастырылды

“Білім мен ғылым  – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында  өңіріміздің білім беру саласы қызметкерлерінің  тамыз конференциясы  ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. Білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз педагогикалық конференциясы – жаңа оқу жылы мен жаңа педагогикалық ой-пікірлерге бастау болатын педагогтарға арналған дәстүрлі шара.

Кеңес жұмысына Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиев, облыс әкімінің орынбасары,  Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Назарбаев Зияткерлік мектептер дербес білім беру ұйымының, «Bilim Media Group» компаниясының өкілдері,  білім саласының ардагерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, “Өрлеу” біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының басшылары, білім беру және ғылым қызметкерлерінің облыстық  кәсіподақ ұйымының төрағасы, білім беру бөлімдерінің және оқу орындарының басшылары,  мұғалімдер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференция барысында облыстың білім беру жүйесіндегі мәселелер  талқыланып, байқаулардың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталды. – Білім беру ұйымдарының жаңа 2021-2022  оқу жылының басталуына  дайындығы және негізгі мәселелер бойынша  ақпарат беруге рұқсат етіңіздер. Білім беру ұйымдарында оқушылар мен педагогтардың қауіпсіздігі шараларын сақтауды ескеріп, жаңа оқу жылында оқытудың күндізгі форматын қамтамасыз ету бойынша  жұмыстар атқарылуда, – деді жергілікті салалық құрылымның басшысы Айгүл Мыңбаева.

Бірінші қыркүйекте дәстүрлі форматта білім беру ұйымдарын ашу үшін келесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау ұсынылады: күнделікті санитарлық-залалсыздандыру шараларын жүргізу; дезинфекциялау; термометрия; бір сыныпқа бір кабинет қағидасы; үзілістерді әртүрлі уақытта; мектеп педагогтері мен техникалық қызметкерлерді вакцинациялау; қосымша ауысымдар мен кіші ауысымдарды ұйымдастыру; ауқымды іс-шараларды өткізбеу; асханалар жұмысын кесте бойынша ұйымдастыру. Ата-аналармен және білім алушылармен жеке гигиена мен санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аудару керек.

Профилактикалық екпелер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, қызметкерлер арасында санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Мектепке кіреберісте мұғалімдер мен техникалық қызметкерлерге, балаларды мектепке жеткізетін ата-аналарға «Ashyq» қосымшасын қолдану, білім беру ұйымдарын жеке қорғаныс және залалсыздандыру құралдарымен толық қамтамасыз ету ұсынылады. Қауіпті аурулар тобындағы балалар,  ата-аналары COVID-19-бен ауырған балалар және науқаспен байланыста болған балалар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

2021-2022 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аударылады: білім алушылардың білімін толықтыру; қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету; цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау. 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы, каникул кезеңі орта білім беру ұйымдарында меншік нысаны мен ведомостволық бағыныстылығына қарамастан «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» ҚР БҒМ 2021 жылғы 27 шілдедегі №368 бұйрығымен бекітілген.

2-11 (12) сыныптарда сабақтың ұзақтығы – 45 минут.  Бірінші сыныптардың оқу сабақтарының режимі: қыркүйекте – күніне 35 минуттан үш сабақ, қазан айынан бастап 45 минуттан өткізіледі. 1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілмейді. 2021-2022 оқу жылының басты міндеті – білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру. Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыруда «2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» қосымшасын басшылыққа алу қажет (ҚР БҒМ 2021 жылғы 26 мамырдағы №240 бұйрығы).

2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында ұйымдастырылған жазғы мектеп білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыруға бағытталды. Жыл сайын жазғы мектеп барлық білім алушылар үшін оқыту мерзімін 20 маусымға дейін ұзарта отырып жұмыс істейтін болады. 2021-2022 оқу жылында жазғы мектептегі сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын және «Кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру аясында орта білім беру ұйымдары педагогтерінің бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі 16 сағатқа дейін төмендетілді.

Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады және «Әліппе» алғашқы оқулығы салтанатты түрде табыс етіледі. Іс-шараға бірінші сынып оқушылары ата-аналарының біреуіне қатысу ұсынылады. 2021 жылдың 1 қыркүйегінде 2-11-сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында республикалық сынып сағаты өтеді.  Жаңа оқу жылында білім алушыларға мектеп формасы бойынша талаптар сақталады, сондай-ақ классикалық стилдегі ыңғайлы киіммен баруға рұқсат етіледі.

Білім беру ұйымдарында негізгі жобалар іске асырылуда: білім алушылардың мектептегі өзін-өзі басқаруы білім беру процесін демократияландыруға ықпал етеді және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Дебат – зияткерлік рөлдік ойын, бұл өзінде бар білімді қолдану біліктілігін қалыптастырады, функционалдық сауаттылығын дамытады және оқушының болашақтағы өзін-өзі жетілдіруінің кепілі болатын нағыз білім беру технологиясы. «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт». Оқу сауаттылығы – табысты, бәсекеге қабілетті тұлғаны және оның қазіргі қоғамда коммуникативтік құзыретін қалыптастырудағы базалық дағдылардың бірі.

Балалардың қауіпсіздігі – қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі. Барлық мектептер бейнебақылау жүйелерімен жүз пайызға қамтылған. Облыстық орталықтарында және Ақсай қаласында орналасқан 58 мектептерде арнаулы күзет еңгізілуі жоспарлануда, 97 мектептерде білім беру орталықтандырылған жедел басқару жүйесіне қосылады. Мектептерде спортпен айналысуға жағдай жасалуы тиіс. Дене шынықтыру, спортпен шұғылдану оқушыларға қолжетімді болуын қамтамасыз ету маңызды. 2021-2022 оқу жылыннан бастап дене шынықтыру мұғалімдеріне секциялар мен үйірмелер өткізгені үшін қосымша ақы төленеді.

Оған республикалық бюджеттен 110 миллион теңге қаражат қарастырылды. Осыған орай, 3 сағат қосымша сабақтар жұргізіледі, оның 1 сағаты шахмат, 2 сағат секция жұмыстары. Мектептер желісі бойынша. 2021-2022 оқу жылы облыста 372 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс жасап, оларда 113 мыңға жуық оқушы, 5 жеке мектепте  600 астам оқушы білім алады деп жоспарлануда.  Оқушылар контингентінің азаюына байланысты 7 мектеп жабылды, 2 мектеп қайта құрылды

(Анықтама үшін: оқушылар контингентінің азайып, талапқа сай келмеуіне байланысты 1 облыстық (М.Өтемісов атындағы сауықтыру мектеп интернаты)  және  6 бастауыш мектептер жабылды (Казталов ауданы Ащысай БМ, Бестерек БМ, Аққұрай БМ, Теректі ауданы Қоныссай БМ, Шыңғырлау Ұрысай БМ, Жаңақала ауданы Плантация БМ). Оқушы санына байланысты 2 мектеп қайта құрылады (Ақжайық ауданы Қадырқұл НМ, Теректі ауданы Восход ОМ).

Білім беру ұйымдарының жұмыскерлерін вакциналау. Бүгінгі күнге облыстың білім беру ұйымдарында 20 950 педагог жұмыс істейді. Қазіргі кезде вакциналануы тиіс педагогтардың жалпы санынан вакциналаумен  95,1 %-ы қамтылған. Сонымен қатар, вакциналауға жататын білім беру ұйымдарының техникалық персоналынан 96 % жұмыскерлер) вакциналанған. «Мектепке жол» акциясы бойынша. Елімізде карантинның енгізілуіне орай көмекті қажет ететін отбасыларды қолдау мақсатында дәстүрлі түрде көмекті қажет ететін 1469 оқушыға 11  565,928 мың теңгеге демеушілер көмек көрсетті.

Оның ішінде 6 266,942 мыңға киім-кешек, 1 939,339 компьютер, 2 659,446 кеңсе тауарлары, 700,201мың теңгеге өзге де (азық-түлік, интернет ақысын төлеу, дәрі-дәрмек алу) материалдық көмек түрлері көрсетілді. Акция барысында белсенділік танытқан Орал қаласы, Бөрлі, Бәйтерек, Ақжайық аудандарының, сонымен қатар, «Аялы алақан» қоғамдық бірлестігі,  «Шуақты Орал» қоғамдық бірлестігі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, «Ізгілік» қоғамдық бірлестігін, «Бестау» сауда орталығы, мектеп ұжымдарының көмегін  атап өтуге болады.

Ата-аналар тарапынан Atamekenim.kz порталының «Мектепке жол» батырмасына өз өтініштерін беру жалғасуда, облыс көлемінде көмекке мұқтаждарға материалдық көмек беру шаралары жыл бойына жалғасатын болады. Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша. Облыс бойынша апатты деп танылған 7 мектеп бойынша жаңа оқу жылында оқитын орындары анықталды. Сонымен қатар бүгінгі күнге күрделі жөндеуге жататын 8 мектептен тек 3 мектепте жөндеу жұмыстары аяқталады (Бәйтерек ауданының Дарьян ЖОББМ, Бөрлі ауданының №3,4 ЖОББМ).

Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімдері созылуына байланысты 5 мектепте күрделі жөндеу жаңа оқу жылына аяқталмайды. Оқушылардың жаңа оқу жылында оқитын орындары анықталып, тиісті шаралар қабылдануда. (Анықтама үшін: 4 мектепте күрделі жөндеу жұмысы 2021 жылдың аяғында ақталады.(Казталов ауданының Талдықұдық ауылындағы С.Есетов атындағы ЖОББМ, Теректі ауданының Аңқаты ЖОББМ, Ақжайық ауданының Тайпақ ауылының Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ, Бөкейордасы ауданының Хан ордасы ауылындағы №1 ЖОББМ және Жәңгір хан атындағы ЖОББМ) 1 мектепте (Казталов ауданының Жалпақтал ауылының Г.Молдашев атындағы ЖОББМ) күрделі жөндеу жұмысы 2022 жылдың наурыз айында аяқталады.)

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий