Қостанай облысы: Техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамыту – басты назарда

Аймақтың жастары 34 колледжде сұранысқа ие мамандықтар бойынша сапалы кәсіби білім алу мүмкіндігіне ие. Өткен оқу жылында онда 22 мыңнан астам адам білім алған болатын. 73% немесе 16 мыңға жуық оқушы тегін білім алғанын айта кетукен жөн. Ағымдағы жылы  «Нұр Отан»  партиясының сайлауалды бағдарламасы шеңберінде жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс көлемі 454 орынға ұлғайтылды және 5,5 мың астам (5652) орынға жетті, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Алғаш рет мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша конкурс ақпараттық жүйе арқылы талапкерлерді орташа балл бойынша автоматтандырылған бөлу арқылы өткізіледі, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды. Жалпы, техникалық және кәсіптік білім беру саласы – мемлекеттің экономикалық дамуының маңызды сегменті. Сондықтан ол ұтқыр, икемді, еңбек нарығының қажеттіліктеріне мұқият ден қоюға, оқу бағдарламаларын бейімдеуге тиіс. «Жас маман» жобасы дәл осыған бағытталған.

Екі жыл ішінде облыстың 10 колледжіне жоғары технологиялық заманауи жабдықтарды сатып алу үшін республикалық бюджеттен 2,8 млрд.теңге, облыстық бюджеттен 247 миллион теңге бөлінді. Осы жабдықты тиімді пайдалану үшін алдағы қыркүйек айының бірінен бастап облыста «Серіктестік алаңы» жобасы енгізілуде. Ол өзара тиімді әлеуметтік әріптестікті, желілік өзара оқыту жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні заманауи инновациялық жабдықтары бар колледждер өз алаңдарына өндірістік оқыту шеберлерін, тағылымдамадан өту үшін оқытушыларды ғана емес, сонымен қатар осы жабдықта оқу үшін облыстың басқа колледждерінің студенттерін де шақыратын болады. Мысалы, Жітіқара политехникалық колледжінде «Жас маман» жобасының арқасында студенттерде нақты жағдайдағыдай тау-кен өндірісінің практикалық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін бірегей тау-кен машиналарының тренажер-симуляторлары сатып алынды.

«Серіктестік алаңы» жобасы шеңберінде осы тренажерларда Лисаков техникалық және Рудный тау-кен – технологялық колледждерінің оқушылары да жаттыға алады. Осылайша, студенттеріміз оқу кезінде нағыз өндірістік үдеріспен танысып, болашақ жұмысқа дайын және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті бола алады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий