Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – заман талабы

Қазіргі әлемнің басты ерекшеліктерінің бірі – ол тез өзгеруде. Әлемдегі ақпарат көлемі мөлшерден тыс артуда. Сондықтан адамның бұрын алған білімі біраз уақыттан кейін ескіреді және оны түзетуді қажет етеді, ал оқу нәтижелері нақты білім түрінде емес, үйрену қабілеті түрінде қазіргі кезде сұранысқа ие бола бастады. Елімізде жеке және метасана білім беру әрекеттері негізгі бағыттарға айналуда. Мұғалімнің оқу процессіндегі орны мен рөліне, оқушыға деген жаңа көзқарасын қалыптастырмай білім беру мазмұнын өзгерту мүмкін емес.

2021 жылы маусым айынан бастап «Педагогикалық шеберлік орталығы» мен оның филиалдарында пәндер бойынша «Мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізіле бастады. Мен тренер ретінде «Жаратылыстану» және «География» мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту курстарын өткіздім. Бағдарламаның мақсаты: жаратылыстану және география мұғалімдерінің кәсіби құзыреттерін жетілдіру.

Тыңдаушылардың мектепте ғылыми-жаратылыстану білім берудің тұжырымдамалық негіздері туралы теориялық білімдерін өзектендіруін негізгі міндеттердің біріне қойылды. Курс аясында педагогтің кәсіби шеберлігін және құзыреттілігін одан ары дамыту үшін пәндік және функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тұжырымдамалық тәсілдемесі қарастырылды. Білім берудің замануи парадигмаларын зерттей отырып, білім алушының білімді өздігінен ізденуі үлкен нәтижеге апаратынына сенеді.

VUCA әлеміне саяхат жасай отырып, педагог келесі талаптарымен жақынырақ танысты: толерантты болу қажеттілігін, коммуникация құра білу стратегиясын, командалық жұмыстың ережелерін, әлсіздіктерді жеңу жолдарын, стандартты емес тәсілдерін, кері байланыс алу әдістерін. VUCA әлемі жағдайындағы географиялық зерттеулердің рөлі айқындалып, географиялық зерттеулер жүргізудің заманауи әдістері зерделенеді.

Әр оқушының қабілеті әркелкі, сондықтан саралап оқыту әдісі сыни тұрғыдан ойлануына бағыт береді, сонымен қатар функционалдық сауаттылығын жетілдіреді. Ол үшін еліміздің педагогі үнемі білімін жетілдіруде. Географиялық ақпараттық жүйе технологияларын қолдану жолдарын терең меңгерген тыңдаушы Google құралдарымен (Padlet, Piktochart, ArcGIS) жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді. Google «Earth» геоақпараттық жүйесі ғарыштан алынған жер суреттерін иллюстрациялық материал ретінде, жеке аумақтардың табиғаты мен қоғам ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, геоэкологиялық проблемаларды көрсететін мүмкіндіктерін терең қарастырды.

Курс барысында педагог жұмыс дәптерін толтыра отырып, әр түрлі жағдайларда күрделі әрекеттерді жүйелі, тиімді және сенімді түрде жүзеге асыратын ерекше қасиетін – кәсіби шеберлігін, теориялық және практикалық білімін ұштастыра алатын құзыреттілігін көрсетті. Кәсіби педагогикалық құзыреттілікті дамыту – оқу процесінің сапасына тікелей әсер ететін іргелі шарт. Замануи мұғалім табысқа ұмтылған сайын, табысты шәкірт тәрбиелейтініне ешбір күмән жоқ.

Гульмира Болатовна ЕСМАКАЕВА,
“Білім – инновация” қыз балалар лицей
интернатындағы тарих және география
пәндерінің мұғалімі,  Педагогикалық
шеберлік орталығының филиалы,
Павлодар қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий