Ауыл мектептерін қолдауға арналған жаңа шешімдер

Педагогикалық шеберлік орталығы https://sdo.cpm.kz/ білім беру платформасында ауыл мектептерінің мұғалімдері үшін «Эссе жазу» онлайн курсын іске қосты. Курс бағдарламасы эссе құрылымы және мазмұнымен танысуға, сондай-ақ бағалау әдістемесі мен критерийлерін зерттеуге бағытталған. Мұғалімдер сапалы эссе жазуға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді талдайды, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.

Ауыл мектептеріндегі оқу процесі мен педагогикалық тәжірибені зерделеу, сонымен қатар білім беру жетістіктері мен кәсіби қажеттіліктерді бақылау нәтижелерін талдау негізінде мектептегі аналитикалық тренерлердің жаңа санаты үшін тақырыптық онлайн курстар мен вебинарлар әзірленді. sdo.cpm.kz платформасында асинхронды форматта педагогтердің зерттеу және талдау дағдыларын, деректерді жүйелеу және өңдеу, диагностиканы жүзеге асыру және шешімдер мен қорытындыларды тұжырымдау біліктерін дамытуға арналған курстар өткізу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта ауыл мектептері педагогтарын мониторингтік зерттеулер жүргізуге оқыту бойынша вебинарлар топтамасы әзірленді. Қазан айында төрт тақырыптық вебинар өткізу жоспарда тұр: «Мониторингтік зерттеулердің теориясы мен практикасы», «Сауалнамаларды әзірлеу және сауалнама жүргізу әдістемесі», «Онлайн сауалнамалар құру сервистерін тиімді пайдалану» және «Мониторингтік зерттеу деректерін талдау әрі түсіндіру».

Мұндай формат мектептердің әдістемелік әлеуетін арттыруға, оқыту сапасын жақсартуға, мұғалімдердің цифрлық және талдамалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Жаңа курс педагогикалық шеберлік орталығы бастамасымен NIS-тің «Ауыл мектебі» жобасы аясында жүзеге асырылды. 2020 жылы ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыру мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы облыстық әкімдіктер мен республикалық бизнес-құрылымдарының қолдауымен «Ауыл мектебі» жобасын ұсынды.

Педагогикалық шеберлік орталығы білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін алты өңірдегі (Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары) 14 ауыл мектебінің барлық педагогтарын кәсіби желілік қоғамдастыққа біріктірді. Жоба аясында сабақтарды тиімді жоспарлау, бағалау бойынша тапсырмаларды әзірлеу және талдау, педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту бойынша оқыту іс-шаралары өткізілді.

Педагогтерге кәсіби даму траекториясын таңдауда әдістемелік қолдау көрсету және ауыл мектептерін дамытудың негізгі бағдарларын қалыптастыру үшін – «Ауыл мектебі: табысқа бірге жетеміз», тәжірибе алмасу, оқыту мен оқу практикасын жақсарту мақсатында «Ауыл мұғалімінің тәжірибесі» республикалық семинарлары ұйымдастырылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий