Оралдық көркем еңбек пәні мұғалімдері шеберліктерімен бөлісті

Қайырымдылық айлығы аясында қалалық білім беру бөлімінің келісімі негізінде «Nur Otan» партиясының мүшесі, қалалық мәслихат депутаты А.Ғұбашева ұсынған «интеллектуалды еріктілер» әлеуметтік жобасы шеңберінде қала мектептеріндегі көркем еңбек пәні мұғалімдері «Асыл мирас» аутизм орталығында «Бәйтерек» қоғамының педагог-психологтары үшін шеберлік сыныбын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Орал қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

“Мұғалімдердің нақты қарым-қатынасының байланысы – баланың толыққанды тұлға ретінде дамуына ықпал ету» тақырыбында өткен шеберлік сыныбын қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Нұрбану Ракишова ашты. Бірлескен жұмысқа сәттілік тілеп, ерекше балалармен жұмыстанатын қоғамдық ұйымға мектеп оқушыларының жұмыстарын сыйға тартты.

Қалалық мәслихат депутаты Азима Ғұбашева әлеуметтік жоба бағыттарымен таныстырып өтті. Жоба миссиясы – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуі және жастардың кәсіби бағдары. Яғни, басты мақсат шығармашылық сауықтыру шаралары арқылы балалардың денсаулығын жақсарту.

– Инклюзиялық білім беру қазіргі уақытта барлық білім ұйымдарында енгізілуде. Осы орайда мектеп ұстаздрының ерекше балалармен жұмыс жасайтын педагог-психологтарымен іс-тәжірибелерін бөлісуі арқылы біздің кішкентайларымыздың қарапайым мектептердегі түзету сыныптарына тез қабылдануына, толыққанды білім алуына ықпал ету, – деген Азима Зиннатқызы әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға тартылған ұстаздарға алғысын айтты.

Шеберлік сыныбы барысында №13 орта мектеп мұғалімі, педагог-шебер Лилия Бражникова балалардың қол моторикасын дамытудағы әдіс ретінде формиран материалынан әмиян жасау тәсілін көрсетіп, осы материалдан гүл жасаудың жолын түсіндірді. А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гмназиясының мұғалімі, педагог-сарапшы Мөлдір Гусманова мен №46 орта мектептің мұғалімі, педагог-сарапшы Палина Сағитова изолоннан гүлді шамшырақ жасау жолдарын түсіндіріп, тәжірибе жүзінде ұсынды.

№13 орта мектептің мұғалімі, педагог-сарапшы Алмагүл Мукатова педаог-психологтарға дәстүрлі емес материалдардан, атап айтқанда қалдық-қораптардан портрет дайындауды көрсетіп, оның балалардың қызығушылығын оятудағы және қол моторикасын жетілудірудегі тиімділігін жеткізді. Сонымен қатар қатысушылар Х.Доспанова атындағы №30 орта мектеп мұғалімі, педагог-шебер Жеміс Қайырова мен №41 мектеп-лицей мұғалімі, педаог-модератор Самал Баймурзиеваның жетекшілігімен ойын картасынан қобдиша дайындады. Төзімділілік, шыдамдылық, еңбекқорлық қасиеттерге баулитынын және креативті ойлау қабілеттілігін арттыратыны түсіндірілді.

Екіншіден, бұл жұмыс екі қолмен атқарылатындықтан, қимылдың тез әрі шапшаң болуына және бұлшық еттердің шымырлануына, моториканың дамуына үлкен септігін тигізеді. Ең бастысы, бүлдіршіндердің саусақтарының икемділігін арттырып, өз кезегінде қаламды еркін ұстап, көркем жазуға алып келеді. «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Меруерт Санкаева мен шеберлік сабағына қатысқан педагог-психологтар интеллектуалдыеріктілерге алғыстарын білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий