“Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі республикалық кеңестің отырысы ұйымдастырылды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың төрағалық етуімен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі республикалық кеңестің кезекті XV отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары қатысты, – деп хабарлайды шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Отырыс барысында «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асырудың өзекті мәселелері мен жаңа мүкіндіктері, білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайы, сондай-ақ өзін-өзі тану педагогтерінің біліктілігін арттыру және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша болашақ мамандарды даярлау бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны талқыланды.

Күн тәртібіне қойылған мәселелерді талқыламас бұрын, басқосуға жиналғандар назарына «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның педагогтермен, оқушылармен және ата-аналармен кездесу барысында айтқан өнегелі әңгімелерінен бейне үзінді ұсынылды. Сүйіспеншілік пен кешірім, айналаңа қызмет ету – адамның саналы ғұмырының мақсаты екенін алға тартқан Сара Алпысқызы өмірде кездесетін түрлі келеңсіздіктер мен қиындықтардың себебін риясыз сүйіспеншіліктің жетіспеуімен байланыстырды.

Өзіңді, ата-анаң мен бауырларыңды, жұбайыңды, бала-шағаңды, достарыңды, шәкірттеріңді олардың кемшіліктеріне қарамастан, олардан ешқандай қайырым күтпестен сүйе білу, қате-кемшіліктерін шынайы кешіру және олардың игілігі үшін аянбай қызмет қылу нағыз бақыттың кілті екен. Рухани-адамгершілік білім, сабырлық, таза ниет пен адал еңбек адамды рухани тазалыққа жеткізеді. 

Сонымен қатар, мұғалім тұлғасының қандай болуы қажет деген сауалға жауап іздемес бұрын, алдымен «адам болу» мәселесін бірінші орынға қою керектігін айтқан Сара Алпысқызы жан дүниеңе үңілу, өзіңнің шынайы болмысыңды тану, білімсіздік пен қараңғылықтан құтылу, өз-өзіңді жетілдіру, өмірлік мақсатыңды айқындау және сол жолда аянбай тер төгу әрбір пендені екі дүниеде де абыройға бөлейтін ақ жол екенін атап көрсетті.

Сара Алпысқызының «Даналық сабақтарынан» үзінді тамашалағаннан кейін министр Асхат Қанатұлы Аймағамбетов өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беру жүйесін дамытуға үлес қосқан педагог қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 753 қаулысымен бекітілген «МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН» медалін табыстады. Аталған медаль Сара Алпысқызының жеке ұсынысымен әзіренгендігін айта кеткен жөн.

Медальдің алғашқы иегерлерінің қатарында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты президентінің кеңесшісі И.В. Калачева, ғылыми қызметкерлер Р.М. Мұратханова және А.Қ. Рысбаева, «Бөбек»  ҰҒПБСО «Өзін-өзі тану» гимназиясының өзін-өзі тану мұғалімі Е.М. Лосева, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы «Үміт» балалар үйінің директоры М.Б. Бейсеканова, Ақмола облысы Шучинск қаласының Жоғарғы педагогикалық колледжінің директоры Г.В. Бичун, Алматы қаласының №42 мектептің музыка, би, өзін-өзі тану мұғалімі А.В. Буренкова, Қостанай облысы Лисаковск қаласының мектеп-гимназиясының өзін-өзі тану мұғалімі М.А. Баяхметова, Алматы қаласы №117 мектептің өзін-өзі тану мұғалімі И.В. Ильина, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылының Маяковский атындағы орта мектептің өзін-өзі тану мұғалімі И.Т. Тагиева, Алматы қаласының №172 мектеп-гимназиясының директоры Т.Т. Қазыбаев, Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының гуманитарлық колледжінің оқытушысы Б.М. Жамекова, Қарағанды облысы «Байтерек» балабақшасының директоры Р.Ү. Тебай, Алматы қаласы №35 гимназиясының директоры О.А. Прокопьева, Нұр-Сұлтан қаласы №22 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары, өзін-өзі тану мұғалімі Т.В. Столярова болды.

Марапат иелерін құттықтаған Сара Алпысқызы былай деді: «Бұл медальдің атауында адамның риясыз қызмет ету, өмірді сұлулық пен жарыққа толтыру, әлемді өз махаббатына бөлеу, өскелең ұрпақты әлемді, Табиғат-Ананы, бүкіл тіршілікті сүюге және қадірлеуге үйрету талпынысы көрініс тапқан. Сіздерді еліміздегі өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік білім беру ісінің көшбасшылары деп атауға болады. Сіздің жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайту жолында адал еңбек етіп кеесіздер!»

Өз сөзінде Асхат Қанатұлы бүгінгі таңда елімізде балалар мен білім алушы жастарды тәрбиелеу мен оқыту жүйесін жетілдіру бойынша маңызды жұмыстардың атқарылып жатқандығын тілге тиек етіп, білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін дамытуға басымдық беру керектігін айтты. Бұл мәселені шешудің тиімді жолы білім алушылардың зияткерлік және адамгершілік-рухани тұрғыда үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайтын «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мазмұнында жатқандығын атап көрсетті.

Бағдарламаны оқу-тәрбие процесіне кіріктіру білім беру салалары мазмұнының құндылық әлеуетін жандандыруға, қосымша білім беру мен оқудан тыс іс-әрекет мазмұнының адамгершілік-рухани аспектісін күшейтуге, білім алушылардың бойында өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігін назарға алуға шақырды. Отырыстың негізгі бөлімінде Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында және Павлодар облысында  «Өзін-өзі тану»  пәнінің оқытылу жағдайы туралы, Алматы, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының іске асырылуы туралы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарындағы «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша өңірлік жұмыс топтарының қызметі туралы өңірлік білім басқармалары басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Қазіргі кезеңде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асырудың өзекті міндеттері жайында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының президенті Елена Николаевна Сакенова баяндады. Өз сөзінде Елена Николаевна «Өзін-өзі тану» пәнін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына енгізудің қажеттілігіне, орта, техникалық және кісіптік білім беру ұйымдарында оқу процесін кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне, өзін-өзі тану педагогтерін даярлаудың, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырудың және оның сапасына мониторинг жүргізудің, өңірлерде «Өзін-өзі тану» бағдарламасын іске асыру бойынша базалық және пилоттық білім беру ұйымдары желісіне сүйене отырып, өзара іс-қимыл жасаудың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, күн тәртібінде қаралған мәселелердің бірі «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуға және «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыруға қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының мазмұнын өзектендіру болды. Бұл жөнінде ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Тойбаев Әділет Жүнісұлы баяндады. Министр Асхат Қанатұлының және кеңес мүшелерінің өзара сұрақ-жауап, талқылаулардың нәтижесінде отырыс соңында бірауыздан келесі шешімдер қабылданды:

Орта білім беру ұйымдарының оқу процесіне «Өмір әдебі» элективті курсын (1-4 сынып – Адамгершілік әліппесі, 5-9 сынып – Адамгершілік грамматикасы, 10-11 сынып – Ар-ұждан ғылымы) ендіруді қамтамасыз ету; білім берудің барлық деңгейіндегі басшылардың, ҚР БжҒМ басшылық қызметкерлерінің, облыстық, аудандық білім басқармалары басшыларының, облыстық инновациялар орталықтары әдіскерлерінің және педагогтердің «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша біліктіліктерін арттыруын қамтамасыз ету; «Өзін-өзі тану» бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіру бойынша базалық және пилоттық ұйымдардың өзара желілік әрекеттестігін қамтамасыз ету.

«Өзін өзі тану» пәнін оқытуға қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, «Әлеуметтік пелагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының мазмұнын өзектендіру; «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша өңірлік жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий