Білім беру сапасын жақсартудың маңызды құралы

Бүгінде Қазақстан дағдылардың өмір бойы дамуын көрсететін бірнеше халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысады. Соның ішінде TIMSS зерттеуі де бар. TIMSS мектептегі математикалық және жаратылыстану-ғылыми білім беру сапасы халықаралық мониторингтік зерттеуі – оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастығымен ұйымдастырылған.

Шолпан КАЙРГАЗИНА

Бұл зерттеу әртүрлі елдердегі бастауыш мектептің 4-сынып оқушылары мен 8-сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану-ғылыми білім деңгейі мен сапасын салыстыруға мүмкіндік береді. 2015 жылдан бастап жеті жыл бойы Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің басшылығымен «TIMSS» және «PIRLS» бағдарламаларының зерттеулері негізінде түрлі құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құрастыру бойынша бастауыш сыныптардың шығармашылық топтары жұмыс істейді.

«TIMSS» бағдарламасының зерттеулері негізінде түрлі құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құрастыру бойынша шығармашылық топтарды құру «TIMSS» халықаралық қауымдастығының материалдары негізінде 4-сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану-ғылыми білімдерінің жетістіктерін бағалау бойынша құрылды. Сондай-ақ PIRLS шығармашылық тобында «Оқушыларды халықаралық PIRLS зерттеуіне дайындау» тақырыбы бойынша тапсырмалар оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған.

Шығармашылық топ 1-4 сыныптардан бастап, кіші сынып оқушыларын TIMSS зерттеулеріне дайындау бойынша материалдарды әзірлейді: «Бастауыш сынып оқушыларын PIRLS халықаралық зерттеулеріне дайындау үшін мәтіндер мен тапсырмалар жинағы», «PIRLS оқу сауаттылығын қалыптастыруға арналған Тренажер» жинағы, «TIMSS бағдарламасы шеңберінде практикалық сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік құрал», «TIMSS бағдарламасын орындау бойынша практикалық сабақтар», «4-сынып оқушысының жұмыс дәптері» (оқу құралы үш тілде анотациядан, жұмыс парақтарынан, дескрипторлардан және әрбір парақ бойынша мұғалімге арналған жауаптар банкінен тұрады).

Жұмыс дәптері «TIMSS» бағдарламасын зерттеу негізінде әзірленген және мынадай міндеттерді шешеді: оқушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми білім мен білік жүйесін берік және саналы меңгеруін қамтамасыз ету, пәнге тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, оқушылардың қабілеттерін анықтауды және дамытуды көздейді. Осы зерттеудегі барлық тапсырмалар 6 бөлімге бөлінеді. Математика: мәліметтерді ұсыну, сандар, геометриялық фигуралар және өлшемдер. Жаратылыстану блогы: биология, география және астрономия, физикалық ғылымдар.

Оқушының бұл жұмыс дәптерінде «TIMSS» бағдарламасын зерттеу негізінде әр түрлі құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар және «TIMSS» халықаралық қауымдастығы материалдарының негізінде жасалған практикалық сабақтар бар. Уақыт тоқтамайды, демек, «TIMSS» және «PIRLS» сияқты білім беру саласындағы халықаралық салыстырмалы зерттеулер де жалғаса бермек. Жаңа кезеңде жаңару және жаңа идеялар арқылы өзінің жарқын болашағын құруға білім берудің бірегей мүмкіндіктері жеткілікті.

Шолпан КАЙРГАЗИНА,
бастауыш сынып мұғалімі,
Павлодар қалалық білім беру бөлімінің әдіскері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий