Спорт-адамның рухани әлемі үшін маңызды

Жалпы алғанда спорт физикалық мығымдығы өте маңызды болатын жеңіске немесе жеңіліске әкелетін әрекетті сипаттағанымен, құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты деп атауға болатын білім.

Дене шынықтыру пәнінің басты мақсаты – ағзаның бүкіл жүйелерін дамыту, барлық дене сапаларын жетілдіру болып табылады. Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол білім алушының дене дамуына, әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Блім беру жүйесінде дене шынықтыру білім алушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.  Осы ретте, ата-бабаларымыз айтқан «Тәні саудың – жаны сау», «Шынықсан, шымыр боларсың» деген сөздері тегін емес.

Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Адам неге спортпен шұғылдану керек? Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор.Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық адамдың ең қымбат дүниесі. Спорт адам өмірін ұзартады деген сөзді де жиі естуге болады. Спорттың адам өміріне көп пайдасы тиетіні сөзсіз. Сондықтан да адам баласы спортты жанына серік қылу керек.

Спорттық ойындардың түрлері көп. Олар: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, жүгіру және т.б. деп кете береді. Спортпен айналысудың пайдасы өте көп. «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Дене жаттығулары адамның көңіл-күйін ғана көтеріп қоймайды, қанайналым жүйесін жақсартады. Қан қысымы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір құдіреті. Адам дене жаттығуларымен айналысқан сәтте оның миында да сан мыңдаған үдерістер орын алады. Ми дене қимылдарының әрекетін күйзеліс ретінде қабылдап, оған қарсы күрес жүргізе бастайды. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Футбол ойнау да, шаңғы тебу де де, гимнастикамен шұғылдану да спортпен айналысуға жатады. Тіпті, қар күреу, ағаш жару секілді үй шаруасын атқару да спортпен шұғылданғандай әсер береді.

Осы ретте «Жүгіру»  туралы ақпарат беріп өтейін. Жүгіру бұл – бұлшықет пен байланыстырушы жүйенің барлық бөлігі жұмыс істейтін қарапайым және тиімді дене жаттығы. Жүгіруге деген құлшыныс және қабілет әр адамға табиғат арқылы берілген. Жүгіру денсаулық пен өмірді сақтау үшін эволюциямен қамтамасыз етілген негізгі механизмдердің бірі болып саналады. Ежелгі адамдардың өзі тұрақты жүгірудің адамдарға көптеген пайдалы әсер беретінін жақсы білген. Сонымен қатар, адам денесінің буындары да жүгіру кезінде пайдалы жүктеме алады. Жүргізу қан айналымды арттырып, барлық мүшелер мен тіндерді оттегімен қандырады. Ол тамырлық жүйені жаттырықтырады және көптеген жүрек ауруларының алдын алад. Ал спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі. Оның тегіс жерде әр түрлі қашықтыққа жүгіру (жүгіру жолымен және тас жолмен), кедергілі (барьерлі) жүгіру (сондай-ақ стипль-чейз), кроссмарафондық жүгіру сияқты түрлері бар.

Жүгіру қарама-қайшылықтар болмаған кезде барлық адамдар орындауы мүмкін ең тиімді аэробты жаттығулардың бірі болып саналады. Тиімділікті арттыру үшін түрлі жүгіру жаттығуларын қолдануға болады. Олар күш-жігерді дамытуға, қозғалыстар мен төзімділікті үйлестіруге көмектеседі. Арнайы жаттығуларды жиі өткізетін спортшы қашықтықты тезірек өткізіп, сонымен бірге аз күш жұмсайтыны дәлелденді.

Жүгірумен айналысу ағзаны зиянды токсиндерден және қауіпті қалдықтардан тазартуға көмектеседі. Жаттығу кезінде қан тамырлар бойынша жоғары қарқындылықта қозғала бастайды. Қан тамырларының қабырғалары арқылы оған тер арқылы шыққан көптеген қалдықтар түседі. Баяу жүгіру кезінде ағзаның зат алмасу процесі қалыпқа келтіріледі және қандағы холестерин мөлшері азаяды.

Жүгіру қосымша калориядан құтылуға көмектеседі. Жүгірудің салмақтан арылудың тиімді әдістерінің бірі және семіздікпен күресуде көптеген бағдарламаларға кіретіні бекер емес.

Жүйелі жүгіру жаттығулары ағзаның қалыпқа келтіру функцияларын жақсартады. Бұл әсіресе жиі түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар үшін пайдалы. Нәтижесінде, кішігірім жүгірудің өзі рахаттанатын демалыс пен ұйқыдан гөрі тиімді сергітеді.

Ендеше, жүгіру жаттығуларын тиімді жүргізу қадамдарымен айтайық:

-Жоғары сапалы лифтпен жүгіріп өту – аяқтың еденге параллель болуы үшін аяқты көтеру керек.

-Аяқтаумен жүгіріп өту – аяқтың тізедегі бөлігіне бөкселерге тиіп тұру керек.

Қадамды қадаммен іске қосу – алдымен бүйірден бір жаққа қарай, содан кейін екіншісіне бару керек.

-Multiscope – жүгіру кезекпен секіруден тұрады, содан кейін солға, содан кейін оң жақ аяғы алға бағытталған. Алдыңғы аяқтың тізесін мүмкіндігінше жоғары алуға тырысу керек.

 Жүгіру жаттығу үшін стадион немесе саябақ қолайлы. Жүгіруді таңертең, таңғы асқа дейін немесе кешкі уақытта бастау керек. Себебі, бұл кезде ағза дене жаттығуларына айтарлықтай дайын болады. Жүгіруді бастамас бұрын міндетті түрде сергектеніп және созылу қажет. Еңкею мен денені оңға-солға бұру, отырып-тұру секілді бойды қыздыратын жаттығулар бұлшықеттердің қан айналымын күшейтеді және буындардың созылуының алдын алуға көмектеседі. Жұлын, тізе және омыртқаға шамадан тыс күш түсірмеу үшін аяқты дұрыс қою керек. ыңғайлы болып көрінетін қол қозғалысын таңдауыңыз керек. Жүгіру кезінде мұрынмен де, ауызбен де дем алу қажет. Егер тыныс алу ретсіз болса және ауаның көп бөлігін ауыз арқылы «жұтуға»тура келсе, онда жүктеме тым жоғары және сіз темпті баяулатыңыз. Жүгіру кезінде жүрек жиілігін бақылау маңызды. Жүрек соғысы минутына 100-100 соққыдан аспауы үшін жүрексоғысын өлшейтін қарапайым құрал сатып алу ұсынылады. Бірден өзіңізді қалжырататын жүктемелер алмаңыз. Жүгіруді енді бастаған адам күніне 10-15 минуттан жүгіре бастауы керек және жаттығудың қарқындылығы мен ұзақтығын бірте-бірте арттыруы қажет.  Жүгірудің пайдасын барынша арттыру үшін дұрыс киім мен аяқ киім таңдау қажет. Олар денені қыспайтындай жайлы болуы керек. Жүгіруге арналған ең жақсы аяқ киім – соққыға арналған арнайы жастықшалары спорттық кроссовкалар. Жүгіру жаттығуларына бір сағат қалғанда тамақтануға болмайды. Сонымен қатар, жүгіруді бастамас бұрын дәрігермен кеңесу керек.  

Спорт-адамның рухани әлемі үшін маңызды. Спорт адамды жаңа жетістіктерге жетелейді. Дене шынықтыру және спорт кез келген ересек және өсіп келе жатқан балаларымыздың өмірінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Сол себепті спортпен шұғылдануға шақырамын.  Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген әр адамның денсаулығы жақсы болады. Сол себепті спорт денсаулық кепілі екенін ұмытпайық! Спорт сенің серігің- жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды- қимыл менен қозғалыс, – кез келкен күнімізді спортпен айналысудан бастайық!

Әсет Бөлегенов, «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінің дене тәрбиесі пәні оқытушысы

 

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий