М.Әуезов университеті: Халықаралық суретші – педагогтар симпозиумы басталды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай «МӘДЕНИ МҰРА» атты Халықаралық суретші–педагогтар симпозиумы басталды. Халықаралық суретші–педагогтар симпозиумының ашылуына орай кездесу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Кездесуді оқу орны Басқарма Төрағасы-ректор Дария Пернешқызы Қожамжарова ашып, өз сөзінде «Кеше ғана Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысындағы ҮНДЕУІНДЕ «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. ЖЕТІ тұғырдың Бесінші тұғыры, Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі деп атап көрсетті. Бұл симпозиум Тұңғыш Президентіміз атап көрсеткен БЕСІНШІ ТҰҒЫР бойынша дер кезінде орындалып отырған іс-шара ретінде қабылдауларыңызды сұранамыз» – деп симпозиум қатысушыларына аталған іс-шараға алыс-жақын шет елдерден, еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, атсалысқандықтары үшін алғысын білдірді.

Симпозиумға қатысушыларды Ресей Федерациясының Омск мемлекеттік педгогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қ.Ж.Амирғазин және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Ералин Қуандық Ералыұлы тікелей эфирде құттықтап, симпозиум жұмысына сәттілік тіледі. Келесі кезекте Низамий атындагы Ташкент мемлекеттик педагогика университеті, Бейнелеу өнері кафедрасының доценті У.Н.Нуртаев, Шәкәрім атындағы университеттің «Өнер және музыка» кафедрасының профессоры, п.ғ.к., ҚПҒА академигі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі М.С.Мырзаханов сөз алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, симпозиум жұмысына сәттілік тіледі.

Кездесуден соң симпозиумға қатысушылар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының профессор-оқытушылары мен студент, магистранттарының шығармашылық көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. Симпозиум заманауи педагогикалық көркем білім беру мәселелерін зерттеп жүрген ЖОО ғалымдарының, докторанттар мен магистрантардың, суретші-педагогтардың, орта мектептерде дәріс беретін көркем еңбек пәні мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу нәтижелері мен көкейкесті мәселелері бойынша шығармашылық тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Симпозиум барысында Шымкент және Түркістан қалаларында «ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛА», «ЖАҢҒЫРҒАН ТҮРКІСТАН», атты бейнелеу өнері ұстаздары мен докторанттары, магистранттары арасында табиғат аясындағы пленэр ұйымдастырылады. Симпозиум жұмысы үш күнге жалғасады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий