Мейірімді болу оңай ма?

Қоғамға деген көзқарасы енді қалыптасып келе жақтан жеткіншектеріміздің жан-жақты дамуында, олардың азаматтық белсенділігі мен интеллектуалды ізденісін, түрлі мәселелерге бағдарларын қалыптастыруда дебат ойындарының орны ерекше.

Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан да дебат ойындарын жаңғырту, дамыту ісіне көп көңіл бөлінуде.

– Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы. Балалар осылай бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, өздерінің әлеуметтік байланыстары мен бір-біріне деген сенімін нығайтады, – деп ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов атап көрсеткен болатын.

«Өзін-өзі тану» гимназиясында «Ақиқат нұры» атты дебат клубының ұйымдастыруымен Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай «Мейірімді болу оңай ма?» тақырыбында дебат өткізілді. Дебаттың ашылу рәсімінде гимназия директоры Г.П. Касенова сөз сөйлеп, пікірсайысшыларға сәттілік тіледі. Дебатқа 7-8 сынып оқушыларынан құралған «Парасат» және «Ақиқат» командалары қатысты.

Дебат ойынында көтерілген қоғамдағы өзекті мәселе – мейірімге зәру жандардың қоғамнан тыс өмір сүруі, мейірімді болу үшін қаншалықты күшті болу керектігі, мейірімді адамдардың қоғамдағы орны, мейірімділіктің мына өмірде қаншалықты жетіспейтіні туралы қатысушылар тың пікірлері мен ойларын ортаға салды. Қызу пікірсайыс нәтижесінде «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққандар анықталып, «Парасат» тобы жеңімпаз деп танылды. Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.

Мағжан САҚТАҒАНОВ,
«Бөбек» ҰҒПББСО,
«Өзін-өзі тану» гимназиясының 7 «А» сынып жетекшісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий