Құрылыс саласына ғылым мен технологияның соңғы жетістіктерін қолданудың пайдасы зор

Құрылыс – халық шаруашылығының жетекші салаларының бірі, онсыз ғылыми-техникалық прогресті, жаңа технологияларды дамытуды, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, қөлікке, әлеуметтік салаға арнап негізгі қорларды құруды елестетудің өзі қиын. Еліміз нарықтық қатынастарға көшкеннен бері құрылыс өнімдерінің сапасына, оған арнап материалдың аз мөлшерде жұмсалуына, энергия үнемдеу жағдайларын қамтамасыз етуге, құрылыс өнімдерінің сенімділігі мен ұзақ уақытқа жарамдылығына қатысты қойылатын талаптар едәуір артты.

Бұл талаптарды орындау үшін жаңа құрылыс технологияларын, құрылыс машиналарын, жаңа иновациялық құрылыс өнімдерін дамытуымыз керек. Қазақстанда енгізіліп жатқан жаңа инновациялық өнім – «отқа төзімді жұқа тақтайша» еліміздегі отқа төзімділік бойынша ең жоғарғы шекке ие. Бұған қоса, шыныталшықтан жасалған «жылу оқшаулаушы жұқа тақтайшаның» да отқа жанбайтындығы анықталып отыр. Республикамыздағы ғимараттардың бұдан былай энергияны аз шығындайтын дәрежеге көтерілуіне қол жеткізуіміз керек.

Бұл үшін тіпті арнайы заң қабылдап, қабырғасынан суық саулайтын, ызғар есетін тұрғын үйлер салушыларды жазаға тарту да артық болмас еді. Егер еліміздегі нышандар инновациялық шешімдерге сай бой көтерсе, екі жылдан соң еліміздің және әлемнің әр атырабынан ағылатын қонақтарға тек павильондарды ғана емес, ғимараттардың ішін аралау да қызықты болады.

Қазақстанда тұрғызылатын ғимараттар онда тұратын адамдарға жақсы, жайлы өмір сыйлап қана қоймай, эксплуатациялауда өте қымбатқа түспеуі тиіс. Бұл өте маңызды. Тұрғын үй өте әдемі болғанымен, онда тұру өте қымбатқа түсер болса, тұрғындардың қызмет көрсетуші компанияларға төлейтін эксплуатациялық шығыны өте көп болса, онда бірте-бірте адамдар үшін ол баспана экономикалық тиімсіз болады. Энергиялық тиімді құрылыс материалдары.

Энергия тасығыштарға бағаның ұдайы өсуі кезінде, әсіресе тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттар тұрғызу үшін жарамды жылу энергиясын сақтайтын құрылыс материалдарын шығару өткір мәселе болып тұр. Энергия сақтайтын материалдар мен технологиялар күн сайын үлкен сұранысқа ие. Аталған құбылыстың себебі анық: энергия тасығыштардың құны жоғары, олардың шектеулі болуы, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануынан болып отыр. Энергияны тиімді тұтыну көптеген компанияларға өздерінің өнімділік шығындарын айтарлықтай төмендеуге, ал жеке тұлғаларға пәтер мен үйге жылытуға қосымша ақша қаражатын шығындамауға мүмкіндік береді.

Қазақстан өңірлеріндегі ғимараттар мен құрылыстардың термиялық кедергісінің коэффициенті бойынша талаптарды көтеру есебінен кеуек бетондарды минералдық жылу оқшаулағыш материалдарды тұтынуды арттыруға ынталандыру. Осы технологиялар өмірдің барлық саласына, соның ішінде құрылысқа кеңінен енуі керек. Жаңа тұрғын үйлерді салғанда немесе ескі үйлерді жаңғыртқанда, күрделі жөндеу жүргізгенде заманауи құрылыс технологиялары қолданылуын талап ету керек.

Бұл жұмыстың нәтижелері еңбек өнімділігін арттыруға, құрылыс материалдарын үнемдеуге және соларды тасымалдау мен сақтауға жұмсалатын шығынды азайтуға, құрылыс жұмыстарын орындау кезіндегі шығындарды азайтуға, энергия ресурстарын үнемдеуге, құрылыс қарқыны мен құрылыс өнімдерінің сапасын арттыруға ықпалын тигізеді.

Гүлбану Іздібайқызы ЕСБОЛАЙ,
Yessenov University аға оқытушысы,
магистр,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий