Тарихи ойлауды қалыптастырудың маңызы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қаңтар айының 26-ы күні ел Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде қолданылып жүрген оқулықтардың сапасына назар аударды. Ол  оқулықтарда еліміздің және әлемнің тарихында көптеген сәйкессіздіктер туралы айта келе, тарихи жағдайлар мен деректер оқушыларға бұрмаланбай жеткізілудің керектігін талап етті. «Сондықтан Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихы бойынша біріңғай мектеп оқулықтарын әзірлеп, енгізуді тапсырамын» – деген болатын.

Шын мәнінде тек қана фактілерге негізделген тарих адамдардың әлеуметтік, рухани, жасампаз, қатысымдық тәжірибесінің жиынтық бейнесі, ал тарих сабағы  заманауи қоғамның ізгілік дәстүрлерін және демократиялық құндылықтарын игеруге, әлемнің мәдени алуан түрлілігін түсінуге жәрдемдеседі. Адамның табиғатпен және қоғаммен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктің маңызды дереккөзі ретінде қызмет етеді. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқытылатын «Дүние жүзі тарихы» – жалпы орта білім беретін мектептерде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар пән.

Біріншіден, оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу, толеранттылығын, елдер мен халықтардың тарихы мен мәдениетіне деген құрметін дарытуға басымдық берілсе, екіншіден, оқушыларда зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуды мақсат етеді. Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде тарихи білім берудің басты мақсаты: ұлттық-тарихи сананы қалыптастыру; білім алушылардың алған білімін өмірде қолдана ала білуі; оқушылар бойында тарихи ойлауды қалыптастыру.

Сондықтан мектепте оқытылатын тарихи концепттердің қолдану аясын талдап көрейік. «Концепт», «концепция» ұғымдарының мәні қандай? Латынның («conceptio» – түсіну, жүйе) – басты ой, жетекші идея; қоғамдағы құбылыстарға қатысты көзқарастар жүйесі; өзара тығыз байланыстағы тарихи ойлау тұжырымдамасы; тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру және оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыру мағынасында қолданылатын тұжырымдаманы айтамыз. Тарихи оқиғалар мен тарихи процессті талдауда негізге алынатын концепттер мен тұжырымдар әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқу мақсаттарын ашуға септігі тиеді. Тарихи концепт: Ұқсастық пен айырмашылық. Қолданатын әдіс: «Ақпараттық органайзер»

империялар

Император, монархтар

Тарихи жылдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тірек сөздер

Тарихи ескерткіштер

Маңызды оқиғалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Империялардың даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Оқыту процесін тиімді іске асыру үшін тарих концепттерін (тұжырымдарын) негізге ала отырып, оқу үдерісі ұйымдастырылады. Олар: өзгеріс пен сабақтастық; себеп пен салдар; дәлел; ұқсастық пен айырмашылық; маңыздылық; интерпретация. Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімді меңгеруі барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру – оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі. Сондықтан мұғалімдердің оқу үдерісін және өз тәжірибесін жетілдіру жолдарын жетік түсінуі, олардың тиімді оқуды ұйымдастыруына мүмкіндік береді.

Бағлан Әшімбекқызы БАЙНАЗАРОВА,
т.ғ.к., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан
облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий