Тәуелсіздік жолындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Биыл еліміздің бүкіл аймағында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесі кеңінен аталып өтілуде. Тәуелсіздігіміздің арқасында бірнеше асулардан өтіп, маңызды қадамдар жасап дербес жолмен дамушы ел қатарына қосылып келеміз. Осы бір қиын жолда бірнеше жетістіктерге де жетіп, жастарымыз шет елде білім алуға зор мүмкіндіктер де алды.

Соның бір дәлелі Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ашылған Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдарлама арқылы қаншама талантты жастарымыз әйгілі әлемге танылған атақты шетел университеттерінде білім алып, бірнеше қызметкерлер тағылымдамадан өтіп, қазіргі таңда еліміздің түкпір түкпірінде еңбек етіп келеді. Оның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері мен қызметкерлері де бар. Біз білім жолындағы өз жетістігімізбен мақтана аламыз.

Білімімізбен қатар ғылымымызда бірге дамып, әлем мойындаған университетттер мен ғылыми зерттеу институттарына барып тәжірибе алмасып та жатырмыз. Конкурс арқылы жарияланған қаншама отандық және халықаралық жобалар жасалып, жастарымыз ақырындап ғылым жолын да таңдап, қуантарлықтай өз жетістіктерімен бөлісіп жүрген жастарымыз қаншама.     

Еліміздің экономикалық, құқықтық, әлеуметтік  саяси дамуы жүзеге асырылып, тәуелсіз еліміз  күннен күнге дамып келеді. Соның ішінде  тәуелсіздігіміздің  30 жылдығына дейін  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да болған кейбір айтулы оқиғалар да бар. Мысалы, тәуелсіздікке дейін Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіміз еліміздің тұңғыш Президентінің 1993 жылғы 9 қаңтардағы арнайы қаулысымен автономды мемлекеттік жоғары оқу орны болып, әл – Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті болып өзгертілді.

Университетке ұлы ғұлама тұлға әл-Фарабидің есімінің берілуі де жайдан жай емес болғандай. Тәуелсіздігімізге дейін де қаншама ғалымдарымыз қара шаңырақта еңбек етіп, өскелең ұрпақтың саналы түрде білім алуларына өз үлестерін қосып жол көрсетіп кетті. Сол салынған сара жолды дамытып, ұлтымыздың, еліміздің дамуына зор үлесін қосатын, болашаққа жарқын көзқараспен қарайтын жастарымыздың саны жылдан жылға артуда. әл-Фарабидің өзі жан-жақты дара ғалым болғандықтан атына сай қасиетті университетімізден қаншама талантты жастарымыз түлеп ұшып, өмірден өз орындарын тауып жатыр.

Сонымен қатар университетіміз еліміздегі жоғары оқу орындарының ішінен алғашқы болып   2001 жылдың шілде айының 5 жұлдызында тұңғыш Президентіміздің Жарлығымен «ұлттық» университет мәртебесіне ие болды. Университет 1934 жылы құрылғандықтан 2004 жылы 70 жылдық та абыроймен аталып өтілді.  Қазақ Ұлттық университетінің 70 жылдығы аталып өткеннен кейін Елбасымыз университет қалашығының құрылысының 2-ші кезеңінің басталатынын айтып, жоспарлармен бөліскен болатын.

Сол жоспарлардың ішіне жаңадан университеттің кітапханасын салу, механика, физика және химия фкультеттеріне жаңадан ғимараттар салып ҚазҰУ қалашығына көшіру, студенттерге қызмет көрсету орталығын бір орынға жинақтауға корпус салу кірген болатын. Соның ішінде 2009 жылы химия және химиялық технология факультетінің ашылу салтанаты мен университеттің 3 залдан тұратын әл-Фараби мұражайы Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен болған еді.

Содан бері біртіндеп тәуелсіздіктің 30 жылдығына дейін қойылған міндеттер жүзеге асырылып, салынған корпустар қолданысқа берілді. 2012 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім мен ғылымды ұштастыра алып жүріп, білім, ғылымдағы жеткен жетістері бойынша әлемдегі үздік 200 жоғары оқу орындары қатарына қосылды. 2014 жылы университетіміздің 80 жылдығы кең ауқымда аталып өтілсе, 2020 жылы университетіміздің атауын алған ұлы ойшыл Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, сонымен қатар ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс шаралар жоғары көрсеткіште жүзеге асырылған еді.

Ал, 2020 жылдың наурыз айының 19 жұлдызынан бастап әлемдік пандемияға байланысты университеттің оқыту жүйесі қашықтықтан оқыту тәсіліне көшсе де дәстүрлі оқытудан сапасы қалыспай келеді. Биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерей тойына тұспа тұс келіп, химия және химиялық технология факультетін 25 жыл басқарған ұлы ұстаз ҚазКСР ҒА корреспондент мүшесі, ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Б.А. Бірімжановтың да туғанына 110 жыл толуына орай 2021 жылдың қараша айының 19-20 жұлдызы аралығында XI Халықаралық Бірімжанов съезі де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қара шаңырағында аталып өтілді.

Бұл халықаралық шара 1996 жылдан бері ғалымды еске алу мақсатында ҚР әр аймағында өткізіліп келеді. Мінеки, тәуелсіздік жолында қаншама қиыншылықты көрсек те, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші университетіміздің басшылығының қолдауымен, педагогтарымыздың білімдері мен біліктерінің, қызметкерлердің ауызбіршіліктерінің жоғарылығынан университеттер арасынан көшбасшы болып көрініп келеміз.  

Назгүл Санаққызы ДАЛАБАЕВА,
химия ғылымдарының кандидаты

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий