Педагогикалық іс – әрекеттің маңыздылығын арттыруда мұғалімдердің кәсіби шығармашылығын дамыту

Бүгінгі күн талабына сай білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыруда заманауи талаптарға қарай білім беру технологиялары мен әдістерін, дүниетанымның ұстанымдарын қайта қарастыруды, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауға, мұғалімдердің кәсіби шығармашылығын заманауи тұрғыда дайындауды талап етеді.  2014 жылдан бастап осы мақсатта біздің білім ордасында “Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен интеграциялау бойынша республика көлемінде жұмыс жасап келеді.

М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназия мұғалімнің кәсіби шығармашылығындағы жаңаша білім беру – жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін,  ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мектептің тұтас педагогикалық үдерісіне интеграциялаудың  теориялық-әдіснамалық негіздерін басшылыққа ала отырып, оқушылардың рухани-адамгершілік деңгейін зерттеу-зерделеу болып табылады.

Интеграция нәтижесінде мұғалімнің белгілі бір педагогикалық мәселелер туралы барлық ақпаратты жинақтай алуы, оның тиімдісін таңдай білуі, нақты жағдайды шешуге байланысты оған өзіндік қолтаңбамен өзгерістер енгізе алу, осылайша мәселені шешудің өзіндік жолын таба білу сыни ойлау нәтижесінде жүзеге асып келеді. Бұл жағдайда сонымен бірге тапқырлық пен өнертапқыштық сияқты сапалар қатар дамуға мүмкіндік алады. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім үшін білім мазмұнын, әр оқушының өзіндік ерекшелігін, оқушылар ұжымының артықшылықтарын, соған сәйкес оқуды ұйымдастырудың формалары мен тактикалары жайлы ақпараттарды есінде ұстауы қажет.

Сонымен қатар оларды дер кезінде еске түсіріп қажетіне жарата алу оның басты құндылықтарының бірі болып табылады. Шығармашылық әлеует ұғымының құрамалары ретіндегі адамның тұлғалық сапаларының: еркіндік, шешімділік, тәуекелшілдік, тапқырлық, өнертапқыштықтың алатын орны ерекше. Адамның еркіндігі өмірдегі, кәсіби әрекеттегі мәдени әлемдегі өз орнын анықтай алу қабілетінде жатыр. Оның ойлау, пайымдау және әрекеттену еркіндігі жеке кәсіби жауапкершілікті сезінумен сәтті байланысады. Еркін адам өзінің өмірлік позицясы, ұстанымы болғандықтан өзгелерді қайталамай, жаңаша тың жолдармен жүреді. Дәл осы сапа  шығармашыл  мұғалім  үшін аса маңызды.

Шешімділік – адамның өз бетімен жауапты шешімдер қабылдауға және іс-әрекетке оларды бұлжытпай жүзеге асыруға қабілеттілігі. Әрекет белгілі бір шамада тәуекелге барудың және бірнеше баламадан біреуін таңдаудың қажеттілігін туындатады. Осы кезде шешімділіктің маңызы зор. Сол қабылданған шешім үшін жауапкершілікті өзіне батыл алуды, іс-қимылдың дер кезінде болуын оны тез орындай білуді білдіреді. Шығармашылық әлеует-шығармашылық әрекетке негіз бола отырып, шешімді әрекеттің орын алуын қамтамасыз етеді.

Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің құрамына оның кәсіби мәнді сапаларын жатқыза отырып, олардың бастылары ретінде: шеберлік, импровизация мен интуицияны атап өтуге болады. Шығармашыл  тұлғаның  ерекше қасиеттерінің қатарына педагогикалық импровизация жасай алуы жатады. Педагогикалық импровизация дегеніміз – мұғалімнің алдын-ала жоспарланбаған тосыннан пайда болған педагогикалық мәселені шешу үшін өзінің білік, дағдысы мен іскерлігін шығармашылықпен іске қосуы.

Педагогикалық импровизация мұғалімнің шығармашылықпен өзін-өзі дамытуына әсер етуші фактор. Өйткені импровизация кезінде мұғалімнің ішкі күштері мен қабілеттерінің жұмылуы маңызды орын алады. Дәл осы жағдайда шығармашылық туады да әлеуеттің дамуына мүмкіндік жасалады. Педагогикалық шығармашылықтың орын алуына септігін тигізетін тағы бір басты мәселе –мұғалімнің әртістік қасиеті. Мектеп әрине, театр емес. Дегенмен мұғалім – үнемі халық алдында тұратын танымал адам. Олай болса, ол аудиторияны меңгере алуы, иландыра білуі, шабыттандыра алуы тиіс.

Педагогика ғылым ретінде ой мен сезімдерді дамытады, адамның құндылық негіздерін бекітеді. Ол педагогикалық үрдістің руханилығын арттырады, оның мазмұны мен формаларын адамсергіткіштік пен мейірімін қанықтырады, шығармашылық, шеберлік сияқты педагогикалық кәсібиліктің жаңа сапасы арқылы жасампаздыққа жеткізеді. Шығармашылық әрекет жоғары әлеуметтік қажеттіліктерден туатындықтан, сол қажеттіліктерді жүзеге асыру арқылы мұғалімнің құзіреттілігі қалыптасады. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді.

Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзіреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілі-бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ. Заманауи ақпараттық қоғамға  өздігінен дербес, сыни тұрғыда ойлайтын, туындаған проблемаларды көре білетін және оларды шығармашылықпен шеше алатын мұғалім, ол өздігінен белсенді әрекет етіп, шешім қабылдауда, өмірдің өзгермелі жағдайларына икемді бейімделуге қабілетті болуына мүдделі. Шығармашылық – өте күрделі үдеріс, өйткені онымен айналысатын адам мақсатты сезінеді, міндет қояды және оның  шешімін іздейді.

Сонымен бірге шығармашылық үдерісте ішкі түйсіктің де, елестетудің де, қиялдың да орны ерекше. Шығармашылық мәселелерін шешу: қуану, қанағаттану, тілек және тағы да басқа ішкі сезімдермен байланысты. Алайда, бұл сезімдер шығармашылықтың ерекшеліктерін толық ашып көрсете алмайды. Мұғалімдердің кәсіби шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлау – білім беру үдерісінің аясында мұғалімдік кәсіби-педагогикалық қызметке бағдарлануды және білім алушылардың педагогикалық шығармашылық тәсілдерін меңгеруіне, ақпараттық білім беру ортасында ізденіс пен жаңа шығармашылық шешімдер жасай білуіне, білім алушы тұлғаның өзіндік және шығармашылық дамуына қол жеткізуде ұйымдастырушылық формаларын құру дағдыларымен қамтамасыздандыруға жағдай жасайтын оқу үдерісінің барлық құрылымдық компоненттері арасында өзара байланыс  құруды көздейтін күрделі  үдеріс.

Шығармашылық қабілетті дамытуда «шығармашылық орта құру» маңызды болып табылады. Мектеп-гимназиямызда құрылған «Шығармашылық  топ» мұғалімдердің шығармашылығын бірден бір арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Бүгінгі күнде әр бағытта 7 шығармашылық топ жұмыс жасайды. Шығармашылық топ  жас мамандардың кәсіби даярлығын қалыптастыруда педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық тұрғысында бағдарлау, педагогикалық іс-әрекетке қызығушылығын  айқындау, осы мамандықты таңдаудағы мотивін анықтап, мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекет қызметіне араластыру, заманауи шығармашылықтың мәні мен мазмұынын түсіну, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін жинақтап, білімдері мен іскерліктерін қорытындылап, педагогикалық технологияларды тиімді қолдану және жаңа технологиялық элементтерді құрастыру мен енгізу арқылы олардың кәсіби қызметіндегі шығармашылық қабілетін дамытудағы білімі мен іскерліктерін түрлендіру, өзіне бағытталған бақылау-бағалау іс-әрекетін жүзеге асыру мақсатында жоспарлы түрде жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі таңда мұғалімдердің шығармашылық қабілетін дамытуда кәсіби даярлаудың әдіснамалық негіздері айқындалып, олардың шығармашылық тұрғыда өзін-өзі дамыту бағдарламасы жасалса және мұғалімдердің  шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың әдістемелік жүйесі ұсынылса, мұғалімдердің кәсіби білігі жетілдіріледі деп есептейміз. Мұғалім қай уақытта да үнемі ізденіс үстінде болса ғана игі нәтижеге қол жеткізетіні сөзсіз.

Сонымен бірге, мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен және педагогикалық іс-әрекетті нәтижелі ұйымдастырылуымен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болып, педагогикалық іс-әрекетті нәтижелі ұйымдастыра алса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.

Айжан Сматовна ДЖАМБУЛОВА,
М.Құрманғалиева атындағы № 32 мектеп
гимназияның директоры, Ақтөбе қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий