“Soft skills”: Дағдылар не үшін қажет?

Қазіргі уақытта оқу бағдарламаларын жобалау орталығы, дүниежүзілік экономикалық форумы, экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы  сияқты беделді ұйымдары дербес зерттеулер негізінде қоғам өмірінің өзгеруіне елеулі дәрежеде әсер ететін бірнеше әлемдік тенденциялардың ықпалын анықтайды. Олардың ішіндегі ең басты және жиі кездесетін үрдістер: біріншіден, өмір сүру және әлем жағдайының өзгеруінің өте жылдам қарқынмен жүруі.

Екіншіден, технологиялар мен қоғамның тұрақты және үздіксіз дамуы айтарлықтай дәрежеде кәсіби саланың өзгеруін анықтауда. Осыған сәйкес бұл үрдістер болып жатқан өзгерістер контекстінде адамдардың тиімді қызмет етуіне қажетті сапасына талаптар қоюда, бұл ең алдымен, икемді дағдылармен (soft skills) сипатталады. Жалпы, маманның кәсіби біліктілік моделінде дағдыларды soft skills (жұмсақ) және hard skills (қатаң) деп бөледі.

Hard skills – аясы тар, күнделікті жұмыс барысында нақты міндеттерді шешу үшін қолданылатын кәсіби дағдылар. Бұларды аз уақытта меңгеруге болады. Hard skills техникалық білімдерге негізделген және оқу, үйрету процесінде қалыптасады. Soft skills. Бұл дағдылар мен қабілеттер өмірде де, жұмыста да дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Soft skills дағдыларына жатады: сыни тұрғыдан ойлау, мәселені шешу, дәлел келтіру; ғылыми-зерттеу дағдылары мен әдістері; шығармашылық, қызығушылық, қиял, инновация; тұрақтылық, өзін-өзі басқару, жоспарлау; ауызша және жазбаша қарым-қатынас, жұрт алдында сөйлеу және презентация жасау, тыңдау; көшбасшылық, топтық жұмыс, ынтымақтастық; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), бұқаралық ақпарат құралдары мен интернетсауаттылық, деректерді түсіндіру және талдау, бағдарламалау.

Soft skills дағдыларды қашан және қалай дамыту керек? Soft skills дағдылары адамға туғаннан берілу мүмкін, мысалы: табандылық, жақсы есте сақтау, қызығушылық.  Баланың ерте жас кезеңіңен  басталып, үздіксіз өмір бойы дамиды.  Ол дағдыларды мектепте арнайы оқытпайды, бірақ оларды дамытудың алуан түрлі жолдары ұсынылады: Балаларға арналған секциялар мен үйірмелер құзыреттіліктің барлық түрлерін дамытады.

Спорт ерікті құзыреттілікті дамытады, ал командалық спорт ұжымда жұмыс істеуге үйретеді. Музыка және сурет шығармашылықты, креативтілікті дамытады және барлық зияткерлік құзыреттердің дамуына серпін береді. Шахмат ойнау кезінде логикалық ойлау дамиды. Мектептегі жобалық жұмыс әлеуметтік, көшбасшылық және зияткерлік құзіреттіліктерді дамытуға мүмкіндік береді.

Алем НЕСИПБАЕВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар
филиалының аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий