Білімге инвестиция салу – бүгінгі дағдарыстан тұрақты шығу және еліміздің табысты дамуы үшін ең дұрыс жол

11 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінде ауқымды бағдарламалық сөз сөйлеп, оның барысында жаңа саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүргізілгенін атап өтті, сондай-ақ қоғамымызда өткір туындаған және жинақталған проблемаларды нақты тұжырымдады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде айқындаған мемлекеттің саяси бағыты мен реформалардың жаһандық жоспары білім беру мәселелерін ерекше бақылауға алады. Жолдауда білім беруге және оның сапасын қамтамасыз ету тәсілдерін өзгертуге баса назар аудару кездейсоқ емес. Білімге инвестиция салу – бүгінгі дағдарыстан тұрақты шығу және Қазақстанның табысты дамуы үшін ең дұрыс жол.

Біздің облыста білім беру жүйесін дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2021 жылы 5 мемлекеттік мектеп салынып, 1 жеке меншік мектеп пайдалануға берілді. 2022 жылы 12 мектеп пен 7 балабақшаның құрылысы жалғасады. Бұл шаралар орын тапшылығы және мектептерде 3 ауысымдық оқыту мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Мектептерді жаңғырту және қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру жөніндегі жұмысты жалғастырылатын болады.

Президент өз сөзінде сапалы білім берудің маңызды факторы мектептерді материалдық жабдықтау ғана емес, сонымен қатар мұғалімдерді кәсіби даярлау болып табылатынын атап өтті. Облыстың білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметті 23 мыңға жуық педагог қызметкер жүзеге асырады, жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан өткен педагогтердің саны 10 мыңнан астам адамды құрады. Жыл сайын облыстың білім беру ұйымдарына жұмыс істеу үшін 900-ге жуық маман, оның ішінде 400-ден астам жас педагог келеді.

Президент өңірлер үшін қолдау шараларының тиісті пакетімен үздік педагогтарды тартудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Сайып келгенде, бұл шаралар өңірлер үшін білікті педагог кадрлардың тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді, бұл білім беру сапасына оң әсер етеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы болашақ инженерлерді, өнеркәсіп қызметкерлерін даярлауға гранттарды ұлғайту қажеттігін атап өтті.

Бүгінде облыста шамамен 22 мың студент контингенті бар 32 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді. Колледждер өңірлік еңбек нарығында сұранысқа ие 97 мамандық және 165 біліктілік бойынша кадрлар даярлауды жүргізеді. Өңірдің қажеттілігін ескере отырып, студенттердің 44% – ға жуығы инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша оқиды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп жариялады.

Ағымдағы жылы балаларды әлеуметтік қорғау, қауіпсіздік, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жас қазақстандықтардың тұлғасын жан-жақты дамыту бойынша бағдарламалар іске асырылатын болады. Жалпы, білім беру сапасын арттыруға, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған айтарлықтай жұмысты орындау қажет.

Бейбіт Айтымұлы ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық білім басқармасының
басшысы, Көкшетау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий