Дәстүрлі оқыту форматына көшу студенттердің академиялық үлгерімі мен белсенділігіне оң әсерін тигізді

2021 жылы қазақстандық жоғары оқу орындары біртіндеп дәстүрлі оқыту форматына көшті. Бұл студенттердің академиялық үлгеріміне және олардың белсенділігінің артуына оң әсерін тигізді. Мысалы, 51 жоғары оқу орнының 1,5 мың студенті халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ оқу жылының басынан бастап 26 ЖОО базасында студенттер үшін 108 мамандық бойынша республикалық олимпиадалар ұйымдастырылды. Бұл ретте қашықтан оқыту элементтері әлі де қолданылады: цифрлық платформаларда контентті толтыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр; барлық жоғары оқу орны LMS (Platonus, Moodle, Canvas, Univer және т. б.) платформаларына қосылған; 800-ге жуық виртуалды зертхана құрылды; прокторинг (90 ЖОО), қарыз алуды анықтау жүйелері (96 ЖОО) пайдаланылады, пәндерге тіркеудің (94 ЖОО), жатақханаға тіркеудің (78 ЖОО) электрондық жүйелері бар.
Және білім беру форматы ретінде “онлайн оқытуды” енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Бүгінде жоғары оқу орындары платформаларында 2,6 млн-ға жуық электронды оқулық, 5 мыңнан астам электронды оқыту бағдарламасы орналастырылған, 200 мыңға жуық бейне-дәріс пайдаланылады, сондай-ақ 2021 жылы 54 ЖОО 1,5 мыңға жуық жаппай ашық онлайн курсын әзірледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий