Ағылшын тілін ауызша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдары

Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі – сөздік жұмысын жүргізу. Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы – оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптасады. Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет.

 

Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте салалық министрліктің ағылшын тілін 1- сыныптан бастап үйретуге назар аударуы – дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім.  Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда.

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім — білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділіген арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей әдістерді жатқызуға болады. Ауызша әдіс – теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады.

Топтық жұмыс кезінде де оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, бірге шешім қабылдауына сонымен қатар постертер арқылы жаңа тақырыпты игеру мен түсіну үшін тиімді болады, себебі ағылшын тілі сабағында жұмыс жасау өте маңызды. Көрнекі әдіс – бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру және оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.

Оқушыларға тапсырмаларға байланысты суреттерді беру арқылы біртұтас әңгіме құрастырады. Жұмыстың бұл түрі яғни сөздікпен жұмыс істеуге ықпал етеді. Практикалық әдіс – практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және тақырып мазмұнына сәйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады. Іздену әдісі – өзінше ойлануды және зерттеу қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданылады.

Индуктивтік әдіс – қорытынды жасау қабілетін дамыту күрделендіре оқыту үшін, ойлау қабілетін қалыптастыру үшін пайдаланылады. Өзіндік жұмыс әдісін – оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту және оқу еңбегінде дағдыны қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды өз бетінше дайындауға, дидактикалық материалдармен тиімді жұмыс жасай білуге баулу үшін қолданылады. Ойын әдісі – оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу-білік дағдыларын қалыптастырады.

Өзін өзі бағалау әдісі – өзара бағалау арқылы орындалады. Тoппен жұмыс іcтеу кезінде cыныптаcтарын бaғалау және өзін-өзі бaғaлау арқылы балaлaр бір-бірінің жұмыcтарына немecе өз жұмыcына жай бaға қoюдан бұның біршамa өзгешелігін түcінеді. Сыныптacтарын бaғaлау балaлaрғa бір-бірінe құнды кeрі байлaныc ұcынуға мүмкіндік бeреді.

Айгуль НАНАЕВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп
лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,
Нұр – Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий