Қосымша білім беру ұйымдарындағы заманауи оқыту технологиялары

Адамның танымдық және шығармашылық мотивациясын дамытуды мақсат еткен қосымша білім беру мектептен тыс оқыту мен тәрбиелеу, оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыру дәстүріне сүйенеді. Ол қосымша оқыту бағдарламалары мен қосымша білім беру қызметтерін көрсетуден тұрады және мемлекеттің, қоғамның оқушылардың мүддесін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында іске асырылады.

Қосымша білім беру балалардың отбасынан, мектептен алған білім-тәрбиесін толықтырады, солармен бірлесе отырып бір мақсатты жүзеге асырады: жеткіншектердің дені сау болуына, ақыл-ойының дұрыс қалыптасуына, рухани-әлеуметтік, моральдық тұрғыда дамуына ықпал етеді. Қазіргі таңда біздің мекеме мен ұжымға қарасты 19 аула  клубын қоса алғанда, 6586 оқушы әртүрлі үйірмеде тегін қосымша білім алуда.

Тәрбиеленушілер өз жетістіктерін әлемдік, халықаралық, республикалық деңгейлерде көрсетіп, жүлделі орындармен қоржынымызды толтыруда. Оған себеп болып отырған мекемемізде қызмет атқаратын 130 педагог. Педагогтеріміз жыл сайын өз біліктіліктерін арттырып, қосымша білім беру жүйесінің әлеуетін арттырып бала тәрбиесіне зор үлестерін қосып отыр. Бүгінде мекемеміз 4 бағыт бойынша жұмыс істейді.

Атап айтсақ: көркем эстетикалық бағыт; техникалық бағыт; спорттық бағыт; әлеуметтік – педагогикалық бағыт. Мекемеміздің негізгі мақсаты: балалардың шығармашылық және танымдық мотивациясын дамыту; дербес талаптарын қанағаттандыру; өз еркіне сай дербес кәсіп таңдауына жәрдемдесу; қоғамдық өмірге бейімдеу; бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруына жағдай жасау. Қосымша білім беру ұйымдары балалар мен жасөспірімдерге кез келген жағдайда да жаңа білім алуға, бағалауға, шығармашылық белсенділігін дамытуға бағыттайды.

Қосымша білім беру ұйымдарындағы педагогтер білімі де жыл сайын белгілі деңгейде жаңартылып отырады. Балаларға қосымша білім беру мекемелерінің бағдарламасы, қазіргі даму жүйесі барлық білім беретін мекемелердегі педагогикалық үрдістің ұйымдастырылуы мен бағдарламаларының талаптарына сай, белгілі бір стандартпен тәртіп бойынша орындалуы тиіс. Бұл ретте, қосымша білім беру ұйымдарының басты жақсы тұсы – білімнің адам өмірі мен қоғамдағы орнын анықтап, тұлғалық даму тұрғысында озық жетістікке бағыттауында. Сондай-ақ, ғылымдағы жаңа тенденцияларды ажырата білуге бағыттайды.

Оқушы қосымша ақпарат алумен шектелмей, шығармашылық дарынын арттырады. Алдағы уақыттағы біздің басты мақсатымыз бен міндетіміз нарық экономикасының талабына сай өркениетті қоғамның ерікті, бас бостандығын кез-келген жағдайда қысқа уақыт аралығында қорғай да, қарсыласын аргументті тойтарыс бере алатын ғаламдық тәрбие үлгілерімен әлемдік ғылыми жетістіктерге негізделген озық үлгідегі технологияларды меңгерген мәдениеті жоғары, жан-жақты жарасымды қалыптасқан, тұлғалық болмысын нақты іс-әрекет барысында көрсете алатын дағды, білік қалыптасқан жаңаша ойлау қабілеті дамыған дарынды дара тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Бүгінгі таңда тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру. Осы орайда біз мекемемізде заман талабына сай осы үш бағыт бойынша өзгерістер еңгізуді қарастырып отырмыз. Яғни біздің болашақтағы мақсатымыз ескі форматтағы it кабинеттерін жаңа форматтағы web design, графикалық дизайн, киберқауіпсіздік және тағы да сондай сияқты көптеген жаңашылдыққа ауыстыру көзделіп отыр.

Педагог бейнесінің кәсіби сипаты мен қызметінің қажеттілігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қамтамасыз ету, халықаралық баспа беттерінде жарияланымдар жасау қызметтерін жүйелеу жұмыстары аса маңызды. Электронды оқулықтарды, ақпараттық технологияны  пайдалану заманның талабы екенін ұмытпауымыз тиіс. Қорыта айтқанда, цифрландырудың сиқырлы әлеміне ену жөніндегі еліміздің қазіргі ынта-жігері және ұмтылысы көптеген бағалаулар бойынша жаман емес.

Дегенмен қол жеткенге тоқмейілсудің ешбір реті жоқ. Керісінше, үдерісті одан әрі үдете түсу қажет. Жас ұрпаққа тәрбие – отбасында, балабақшада, мектепте, жоғары оқу орындары мен қосымша білім беру ұйымдарында беріледі. Сондықтан осы бала тәрбиелейтін орындар үйлесімді, бірігіп, жан-жақты жұмыс істесе, сонда ғана келер ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жетеді. Бұл орындардың арасында байланыс болмай тәрбиеде табысқа жету мүмкін емес деп ойлаймын.

Фаррух Каримович ЮЛДАШОВ,
«Оқушы орталығы» КММ директоры,
Маңғыстау облысының Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий