Оқушылардың функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру

Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесуі, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Функционалдық сауаттылық- оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.

Роза Гайдаровна

«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-жылдарының аяғында ЮНЕСКО құжаттарында пайда болып, кейін зерттеушілердің күнделікті өміріне енді. Функционалдық сауаттылық (ФС) кең анықтамасында білім берудің (ең алдымен жалпы) адамның көп қырлы қызметімен байланысын біріктіретін жеке тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде көрсетіледі, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін негізгі факторлардың біріне айналуда.

Функционалдық сауаттылықтың бірнеше түрлері бар. Бәрімізге белгілі, оқушылардың пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік БЕД жатады, ал ұйымдастыру формасына – проблемалық жағдайлар жатады. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: «жаратылыстану сауаттылығы», «математикалық сауаттылық» және «оқу сауаттылығы».

Сонымен қатар оқушылардың креативті ойлауына да тереңінен назар аударылып отыр. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы (ЖҒС) – жаратылыстану ғылымдарын тану және сұрақтар қою, жаңа білімді меңгеру, жаратылыстану құбылыстарын түсіндіру және жаратылыстану мәселелеріне қатысты ғылыми дәлелдемелерге негізделген қорытындыларды тұжырымдау үшін жаратылыстану білімін меңгеру және пайдалану қабілеті; жаратылыстану ғылымының адам танымының бір түрі ретіндегі негізгі белгілерін түсіну; жаратылыстану ғылымдары мен техниканың қоғамның материалдық, интеллектуалдық және мәдени салаларына әсер ететіндігі туралы хабардарлығын көрсету; жаратылыстануға қатысты мәселелерді қарастыру кезінде белсенді азаматтық ұстанымды көрсету.

Математикалық сауаттылық (МС) – жеке тұлғаның математиканы әртүрлі контексттерде тұжырымдау, қолдану және түсіндіру қабілеті. Ол математикалық пайымдауды, құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және болжау үшін математикалық түсініктерді, процедураларды, фактілерді және құралдарды пайдалануды қамтиды. Адамдарға математиканың әлемдегі рөлін түсінуге, негізделген пайымдаулар жасауға және сындарлы, белсенді және рефлексивті азаматтар қабылдауы керек шешімдер ұсынуға көмектеседі.

Оқу сауаттылығы (ОС) – адамның өз мақсатына жету, білімі мен мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдық өмірге қатысу үшін жазбаша мәтіндерді түсіну және пайдалану, олар туралы ой елегінен өткізу және оқумен айналысу қабілеті. Осының ішінде ЖҒС тоқталатын болсақ, жаратылыстану-ғылыми сауатты оқушы не істей алады?-деген сұрақ туындайды. Ол үшін алдымен жаратылыстану-ғылыми сауаттылық құзіреттілігін түсіндірсек.

Құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіру, ақпаратты тану, терминдерді сипаттау, білімін еске түсіру және қолдану, есте сақтау арқылы қайта жаңғырту, мәліметтерді талдау және қорытынды жасау, құбылыстарды түсіндіру, сипаттау, болжам жасау, деректер жинау, деректерді түсіндіру, қорытынды тұжырымдар жасау, ғылыми дәлелдемелерді пайдалану; ғылыми зерттеу жүргізу және бағалау, -зерттеу сұрағын анықтау, зерттеу сұрағының әдістерін ұсыну, дәлелді деректерді мен түсініктерді сенімді сипаттау және бағалау. Жаратылыстану – ғылыми сауаттылығы құзіреттіліктерін қалыптастырудың бірден бір жолы теорияны практикаға негіздей отырып оқыту.

Оқушылар практикалық жұмыстар арқылы жаңалықтарды ашуға қадам жасайды. Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығының құзіреттіліктерін тапсырмалар және зерттеу жобалары арқылы жүзеге асыруға болады. Күнделікті сабақтарда оқу мақсатына сәйкес оқушылардың негізінде,  оқушылар бойында мынадай дағдылар қалыптасады: Мәселерді шешу дағдылары. Өз бетінше ізденіп,талдап,оны таңдай біліп, қызығушылығы артады. Топта, жұппен жұмыс істеуі өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білу арқылы түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істей білу дағдылары қалыптасады.

Үшіншіден – шешімдер қабылдау мен жауаптылыққа бейімділігі, жүйелік әдістер мен жүйелік сараптамаларды пайдалану  дағдысы. Өзінің шығарып отырған есептерінің, орындаған тапсырмаларының өмірмен байланысына көз жеткізе отырып, әр ісіне жауапты қарауға өз мүмкіндігін нақты перспективалық жоспар құрып салыстыра білу дағдысы. Түрлі тапсырмаларды шешудегі жағдаяттар оқушылардың өз ойлауын, нақты мінез-құлықтарын қалыптастыру, өзіндік әрекеттерге бағыттау дағдысы.

Сәуле Шапайқызы

Осы дағдылар арқылы оқушы бойында мынадай сапалар қалыптасады: белсенділік; шығармашылық тұрғыда ойлау; шешім қабылдай алу; өз кәсібін дұрыс таңдай алу; өмір бойы білім алуға дайын тұруы және тағы да басқалар бойынша. Әрбір мұғалім күнделікті өз сабақтарында оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жаратылыстану ғылыми  сауаттылығын, функционалдық сауаттылығын  арттыруға бағытталған тапсырмаларды ықпалдастырып отырса, керемет болар еді.

Бірақ мектептегі оқытуда әрине, кедергілер де кездеседі. Олар мектеп оқушыларының әлемдегі ақпаратты тұтастай емес, бөлшектеп білуімен шектелуі; алдыңғы өткен білімдерін, бүгінгі материалдармен басқа пәндермен байланыстыра отырып жаңғырта алмауы; мұғалімдер үшін оқушылардың алған білімдерінің тиянақты болуына, сапалы меңгеруіне, алған білімдерінің жақсы дамуына жол ашуға пән мен пәнді байланыстыра оқытудағы байланысты жаңа әдіс тәсілдердің жетімсіздігі.

Осындай  кедергілерді оқытудың заманауи үрдісіндегі жаңа технологиялар арқылы ондағы әдіс тәсілдерді үйреніп, оқу, зерттеу арқылы бала бойына сіңіре білу, ізденіспен ұштастырып, көздерін жеткізу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл дегеніміз- оқушылардың теория жүзінде алған білімдерін өмірмен байланысын ашуда қоршаған ортадағы күрделі мәселелерді өз бетімен шеше алуына, өзіндік көзқарасының жан- жақты дамуына зор мүмкіндік береді. Мұндай пәнаралық байланысты ықпалдастыра өткізген сабақтарда оқушы тек өзіндік моделімен шектеліп қалмайды, өзі шешім қабылдай отырып, іс- әрекетті жаңаша ойлау арқылы жаңа нәтижеге қол жеткізе алады.

Пәнаралық байланыста өткізілген ЖҒБ сабағында оқушы бойына жинақтайтын қазіргі заман мұғалімі ақпарат ағымына ілесе алатын, оны сараптап, қажетін таңдап есептегі мәселені тауып, оны шешу жолдарын табуға қабілетті болуы қажет. Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі  оқушыларға алған білімдерін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік береді. Функционалдық сауаттылық білімді бөлшектеп беруден аулақ бола отырып, әлемді тұтас білімде беруге қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Осы айтылған мәселелерді саралай отырып, ЮНЕСКОм-Білім, Ғылым және Мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы- XXIғасырда білім берудің төрт негізін айқындағанын айту керек: білу үшін оқу; адам болып қалыптасу үшін; өмір сүру үшін оқу; алған білімді іске асыру үшін оқу. Қорытындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.

Роза Гайдаровна СЫЗДЫКБАЕВА,
«НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік
орталығының аға менеджері, Шымкент қаласы
Сауле Шапайқызы ОМАШ,
Т.Жананов атындағы №45 мектептің
мұғалімі, Түркістан облысындағы
Ордабасы ауданының Бадам ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий