Педагог білімі бойынша кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың маңызы

Өз білімдерін жетілдіру- педагогтың кәсіби шеберлігін көтерудің бір түрі. Бүгінгі таңда қоғамымыз тарихта болып көрмеген терең және өзгерістерді байқауда. Бір алған білімнің бар өміріне жететін, бұрынғы өмір стиль кезегіне, «Білім бәріне – білім – өмір бойы» жаңа өміршендік стандартына ауысты. Тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігін көрсететін көрсеткіштің бірі – өз білімін жетілдіру қабілеттілігі, алға ұмтылып, өзін жетілдіру болып саналады.

Рухани, кәсіби, жалпы мәдени және физикалық жетілуге ұмтылатын, үйлесімді дамыған, ішкі жан дүниесі бай жеке тұлға; тәрбиелеу мен оқытуда қойған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында түрлі амалдар мен технологияларды, ең тиімді тәсілдерді іректей алады; рефлексивті қызметті ұйымдастыра алушы; педагог әрдайым өзінің білімі мен біліктілігін жетілдіріп, сан қырлы қызығушылықтарына ие болып, кәсіби құзыреттілік деңгейін меңгереді.

Кәсіби өсудің шарттары: Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарын оқу, басқа да нормативті құжаттарын өз жұмысында қолдану; әдістемелік, педагогикалық және пәндік әдебиетті оқу; интернет желісінен  жаңалықтарын, жаңа материалдарын үздіксіз қарау, оқу, өз жұмысында қолдану; семинарларға, конференция, әріптестердің пікірталас, жиналыс, ҰОІӘ қатысу; әріптестердің тәжірибесімен алмасу (сараптау үшін ашық сабақтар өткізу); біліктілігін жоғарылату курстарынан жүйелі өту; ақпаратты компьютерлік технологияларды оқу;  ғаламтордан ustaz.kz, bilim.kz, infust.kz сайттары арқылы аудандық, республикалық көлеміндегі шығармашыл ұстаздармен тәжірибе алмасу; өз жұмысы туралы әдістемелік бірлестік отырыстарында баяндау.

Өз білімін жетілдіруге нақты мақсаты шеберлігі, өзекті мәселені айқындап, және басты, маңызды бөлшегіне назар аударып, оқыту жүйесі мен білімге шығармашылық көзқараспен қарап, өз білімін жетілдіруде рефлексивті ойлау мен жаңына іздену қабілетіне ие болу керек. Күтілетін нәтижелер: балалармен жұмыс барысындағы жағдайларда туындайтын бөлшектерге сараптау жүргізіп және оны терендете іске асыру, өз білімдерін нақтылау, өз бетімен жұмысты атқару, бұл жас педагогқа білімін жетілдіруге септігін тигізеді.

Педагогтардың әрдайым педагогикалық білімдерін толықтыру қажеттілігі дамып, икемді ойлау қалыптасып, тәрбиелеу-оқыту жүйесінде шығармашылық әлеуеті ашылып, өңдеу мен болжам жасай алады. Өз бетімен жұмыс істей алатын педагог мақсатты бағытта ғылыми-практикалық іспен айналысуға мүмкіндігі ашылып, ізденушілік қызметі, жоғары кәсіби білім деңгейі, ең алдымен тәрбиелік-оқыту жүйесінің сапасына, тұтас педагогикалық қызметтің нәтижелігіне әсерін тигізеді.

Алтынай ЕСКАЛИЕВА,
МКҚК № 32 «Қуаныш» ББ меңгерушісі,
Ақтөбе қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий