Жоғары білім: Мамандар даярлаудың даму бағыттары

Біздің М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ірі көп салалы (профилді) жоғары оқу орны болғандықтан, ел аймағының білім беру, ғылыми, мәдени-гуманитарлық  орталығы ретінде қалыптасқан, сонымен қатар ол қазіргі заманның университеті  және республиканың қарқынды дамуы үшін тиімді үлес қосуға қабілетті, біліктілігі бар  мамандар дайындауда негіз болуды мақсат етуде.

Қазіргі таңда «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасында ғылыми-инновациялық жұмыс азық-түлік нарығын реттеудің мемлекеттік бағдарламасы мен ауыл аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытуға сәйкес жүргізіледі. «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы  ҚР БҒМ және басқа да қорлар тарапынан қаржыландырылатын  ғылыми-зерттеу жобаларын ұсынуға белсенді атсалысып келеді.

Кафедрада білім беру бағдарламасы бойынша мынандай мамандықтарды дайындайды: 6В080610 – Су ресурстары және суды пайдалану, 6В08710 -–Аграрлық техника және технология, 6В07350 – Жерге орналастыру, 6В07360 – Кадастр, 6В07330 – Сумен қамтамсыз ету, суды алып кету және су ресурстарын қорғау, бакалавр дәрежесі бойынша мамандарды дайындайды.

Кафедрада оқу-тәрбие және ғылыми жұмыстарды 21 профессор оқытушы құрамы атқарады: бір т.ғ.д, профессор, 6 т.ғ.к., доценттер, 4 аға оқытушы, алты магистр және 3 оқытушыға қоса төрт оқу көмекші қызметкерлер. Білім беру бағдарламаларына сәйкес ҚР-ның оңтүстік аймағының суғармалы егіншілік, мал шаруашылық өндірісінің механизация деңгейін көтеру, жерге орналастыру және кадастрлық мәселелерін зерттеуге мән берілуде.

ҚР-ның Оңтүстік аймағының егістік алқаптарын кадастрлық бағалау мәліметтерін құру, суғармалы егістік алабын есепке алу, ластанған жерлердің картасын зерттеу, сумен қамтамасыз ету, суғару және жайылымды суландыру мәселелерін шешуге арналған Оңтүстік аймақтық су  ресурстарын кешенді зерттеу, экономика салаларын сумен қамту мәселелерін шешу жолдары, гидроэнергетика жағдайын бағалау және дамуын болжау тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Бәсекеге қабілетті су және ауыл шаруашылығы мамандарын даярлауда оқу, ғылыми және иновациялық тіршілік негізінде жаңа ғылыми-инновациялық технологиялар мен тиімді басқару әдістерін енгізу мақсатында және білімгерлердің тәжірибесін ұйымдастыру (геодезиялық, оқу гидрогеологиялық, өндірістік және диплом алды) және өндірістен біліктілігі жоғары мамандарды оқу үрдісіне тарту мәселелері бойынша өндіріспен тығыз байланыс орнатылған.

Олар: ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің «ОҚГГМЭ» РММ, ҚР экология,геология және табиғат ресурстары министрлігі су ресурстары комитеті «Қазсу шар» РМК Түркістан филиалы, ҚР экология,геология және табиғат ресурстары министрлігі су ресурстары комитеті «Қазсу шар» филиалы «Су метрология», ҚР экология,геология және табиғат ресурстары министрлігі су ресурстары комитеті «Нұр топтық су құбыры» филиалы «Оңтүстік ауыз су», ҚР экология,геология және табиғат ресурстары министрлігі су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу жөніндегі «Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы».

«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС, «Су ресурстары -Маркетинг» ЖШС-не қарасты Су арнасы -5С ЖШС Шымкент қаласы бойынша филиалы, «Проект А» ЖШС, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекетттік корпорациясы, коммерциялық емес акционерлік қоғамның Түркістан  облысы бойынша филиалы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КEАҚ Шымкент қаласы филиалы, «Құрылыс консалтинг» АҚ, «Сити Инжиниринг» ЖШС, «Оңтүстік жер» ЖШС, ҚР АШМ АӨК ШЖК РМК  «Фитосанитария»,  «Рамазан-Агро» ЖШС, «Қ.А.Яссауи» ӨК.

Кафедра Мәскеу мемлекеттік табиғатты үйлестіру университетімен, Қырғыз Аграрлық Академиясымен Ташкент мелиорация институтымен ғылыми-оқу үрдісті бойынша тығыз байланыста. Білім беру сапасын арттыру үшін оқу процесінде ҚР мекемелерінің және алыс, жақын шет елдердің жетекші мамандары арнайы дәріс оқуға шақырылуда және дәріс беруде.

Нақты айтатын болсақ: Әзербайжан Респубикасының ҰҒА-ы агрохимия және топырақ тану институтының а.ш.ғ. докторы, доценті М.Ғ.Мустафаев, Беларусия Республикасының Брест мемлекеттік техникалық университеті т.ғ.к., доценті О.П. Мешик. Кафедра студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады және алыс және жақын шет елдерде (Әзербайжан; Беларусия, Ресей, Германия, Польша және тағы басқа да) іс-тәжірибеден өтуге, сонымен қатар оқуын жалғастыруға мүмкіндіктері бар.

Сөзді түйіндей келгенде, су шаруашылығында, жер қатынастары саласында және аграрлық технологияларды меңгерген мамандардың дайындалуын, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ғана емес, келешек ұрпақ үшін қасиетті қара жерден несібесін айырып, халқымыздың ортақ мүддесі, игілігі жолында еңбек етіп жатқан барашаға жүктеліп отырған үлкен міндеттерді ескере отырып Шымкент қаласы мен Оңтүстік Қазақстан аймағының 2022 жылғы бітіруші түлектерін, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетін таңдаңыздар.

Президентіміз Қасым-Жомарт Ж.Тоқаев барша отандастарымызға арнаған Жолдауында: …Жоғары білім берудің сапасы өте жоғарғы халықаралық талаптарға жауап беру керек, – деп атап айтты.

Есенбек ЕСІМОВ,
Су ресурстары, жерді пайдалану және
агротехник кафедрасының т.ғ.к., доценті

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий