Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыта отырып рухани-адамгершілікке тәрбиелеу

Бәрімізге мәлім, қазіргі таңда адамның кез келген жетістігі белгілі бір салада тұлғалық немесе кәсіби құзыреттілігін дәлелдей алуына негізделген. Кәсіби білім берудің бүгінгі күнгі басты міндеті қазіргі өмірдің сұраныстарына және жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің даму қажеттіліктеріне жауап беретін бәсекеге қабілетті маман даярлау.

«Қазақстан Республикасының Білім туралы» Заңының талаптарына сəйкес педагог мамандарды дайындау сапасын көтеру, студенттердің тұлғалық əлеуетін дамыту жəне кəсіби құзыретін қалыптастыру, педагогикалық оқу орындарында тəрбие үрдісін жетілдіру міндеті негізгі талаптардың біріне айналды.Колледждегі кәсіби тәжірибе-студенттердің теориялық дайындығы мен олардың білім беру мекемелеріндегі кәсіби қызметінің арасындағы байланыстырушы буын.

Оқу-өндірістік практика үздіксіз сипатқа ие және ол бүкіл оқу кезеңі ішінде жүргізіледі. Кәсіптік практикалардың мазмұны білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тұтас тәрбие-білім беру және адамгершілік-рухани процесті жүзеге асыруда студенттердің арнайы кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Дағдыларды қалыптастыру ұзақ уақытты алады және біртіндеп ұзақ педагогикалық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады, олар кейіннен күрделене түседі және күрделі кәсіби шеберлікке біріктіріледі.

Дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне де жаңаша қарауды, студенттердің заман мен еңбек нарығына сәйкестігін арттыруды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап етілуде. Сондықтан, білікті кәсіби мамандар даярлайтын оқу орындарының қазіргі мақсаты – әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері  негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп  көрсетілген.

Мұндай жағдайда білім алушыны өмірге дайындау үшін академиялық білім жеткіліксіз. Дамыған елдердің білім мақсаттары «білімді адамнан»- «шығармашылықпен ойлауға, әрекет етуге және өзін-өзі дамытуға қабілетті гуманистік тұлғаға» өзгертуді талап етеді. Педагогикалық кәсіби тәжірбиенің негізгі мақсаты – нәтижеге бағдарланған білім алушылардың теориялық білімдерін бекіту, тереңдету, таңдаған біліктіліктері бойынша кәсіби қызметті өз бетінше орындау үшін іскерліктер мен дағдыларды меңгеру, білім алушылардың қоғамдық еңбегіне баға беру болып табылады.

Басты міндеттері: – жаңартылған білім беру жағдайында тұтас тәрбие-білім беру және адамгершілік-рухани үдерісті жүзеге асыруда студенттердің арнайы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Практиканттың мектептегі өмірге бейімделуі үшін жағдай жасау, Педагогика, Психология және әдістеме бойынша білімін практикада қолдану. Педагогикалық практика кəсіптік білім беру оқу жүйесінің бөлінбейтін бөлігі, оқыту, тəрбиелеу, білім беру саласына қызмет көрсету болашақ мұғалімдерді кəсіптік машықтан өткізіп даярлаудың тиімді нысаны.

Педагогикалық практика мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сəйкес бөлінген сағат көлемінде жүргізіледі . Практика базасымен оқу орны арасындағы келісім шарт негізінде жүргізілетін машықта əдіскерлер мектеп əкімшілігімен келісе отырып, студенттерді сыныптарға бөліп, сынып мұғалімінің жоспарына сай жұмыс жасайды. Машықкерлер мектептің жалпы тəртібі мен жұмыс режимінде жұмыстанып, бастауыш сынып мұғалімдерінің нұсқауларын орындайды.

Әр мамандыққа байланысты педагогикалық тәжірибе, оқу тәжірбиесі, өндірістік  және дипломалды тәжірбие болып үшке бөлінеді. Осы жердегі  Оқу практикасы бастапқы кәсіби машықтар мен дағдыларды алу мақсатында жүргізіледі. Өндірістік тәжірбие кәсіби шеберлік пен кәсіби қызмет тәжірибесін алу мақсатына бағытталған. Диплом алдындағы практика маман даярлаудың соңғы кезеңі болып табылады және түлектің бастапқы кәсіби тәжірибені меңгеруі, болашақ маманның дербес еңбек қызметіне кәсіби дайындығын тексеруі үшін теориялық және практикалық оқыту бағдарламасын меңгергеннен кейін жүзеге асырылады.

Болашақ мамандардың тұлға ретінде қалыптасуында педагогикалық практиканың мəнін қөтерудің бірнеше себебі бар: біріншіден, оқу орны қабырғасында өткізілген теориялық дайындықтар нəтижесі педагогикалық практика кезінде қолданылады да, оның жетістігі мен кемшілігі айқын көзге түседі. Екіншіден, педагогикалық практика кезінде студенттер оқушылармен тікелей қарым-қатынасқа түсу арқылы оның жеке дара ерекшеліктері мен қабілеттерін айқындайды, олардың мінез-құлықтарындағы кейбір кемшіліктерді түзетуге ұмтылады.

Үшіншіден, педагогикалық практика кезінде студенттердің өзіндік «менінің» мəні арта түседі. «Мен білемін», «үйренемін», «үйретемін», «тəрбиелеймін», «қарым-қатынас жасай аламын» деген сияқты сенімі нығаяды. Шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде құзіреттілік беру студентке ауадай қажет десек, оқытушы ізденісі – бұл білім кепілі. Жаһандану дәуірінде жас ұрпақ әлеуметтену процесіне енеді, мұнда әдептілік, адалдық, адамгершілік, өз іс-әрекетіне жауапкершілік, асыл мақсаттарды таңдау қабілеті ерекше орын алады.

Бұл кезеңде рухани және адамгершілік құндылықтарды материалдық құндылықтарға ауыстырудың болмауы өте маңызды. Заманауи технологиямен адамның ішкі құндылықтары қатар дамуы керек.Ол үшін: оқытудың сүйіспеншілік атмосферасын құру, барлық білім алушыларды тарту; білім алушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған оқытудың белсенді әдістері мен тапсырмаларды пайдалану қажет.

А.КУШЕРОВА,
«Өзін-өзі тану» АҮД гуманитарлық
колледж директорының оқу
өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий