Білім сапасындағы функционалдық сауаттылықты дамыту үрдісінің маңызы

Функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі.

Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда, функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту – қазіргі заман талабы, өмірлік зор маңызы бар өзекті іс болып отыр.Орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілінің оқыту сапасын көтерудің басты шарты ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру алынған жағдайда олар әрекеттік бағыт ұстанымына, оқушылардың коммуникативтік құзіреттерінің қалыптасуы ұстанымына, интерактивтік оқыту ұстанымына негізделуі қажет.

Сонда ғана функционалдық сауаттылық оқушының қазақ тілін әлеуметтік сұранымға сай қолдану мүмкіндіктерін арттырады. Орыс тілінде білім беретін мектептегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың қазақ халқының көркем әдебиет туындыларымен, әдебиет теориясымен жүйелі түрде таныстырып, сол негізде оқушыларға жан-жақты тәрбие бере отырып, әдебиетіміздің үздік туындыларымен, көркем мәтіндерді оқыту барысында қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын өз бетінше оқып, түсіне алуын қамтамасыз ететін тілдік негіз қалыптастыру.

Еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Осыған орай өзім сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушыларымның сөйлеу тілдері мен түсіну және ойлау дағдыларын қалыптастыру, тек қалыптастырып қана қоймай дамытуды да, ескере отырып әр түрлі тапсырмалар, соның ішінде халықаралық /TIMSS, PISA және PIRLS/ зерттеулер негізінде ұйымдастырылған курстан өтіп, оқытудың жаңа бағытынан білімімді ұштағаным көп көмектесуде.

Оған дәлел ретінде сабақтарымда қолданып жүрген, курстан өту кезінде құастырған мәтін бойынша тапсырмалардан мысалдар келтіруді жөн көрдім. Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Майя ТЛЕУБАЕВА,
№4 орта мектептің қазақ тілі мен
әдебиет пәні мұғалімі, Қарағанды
облысының Балқаш қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий