Жер кадастры арнайы дайындық пен білімді талап ететін маңызды мәселе

Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерлерінің және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері нысаналы пайдаланылу мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуымен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.

Жер кадастры арнайы дайындықты және білімді талап ететін күрделі шара. Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн. құрайды. Жер -адамның өмір сүр ортасы, өсімдік және мал шаруашылығы өнімін өндірудің ең басты құралы, елді мекендердің тұрағы және өнеркәсіптік құрылыстарды, байланыс көліктерін орналастыру негізі, сондай-ақ табиғат байлығының қоймасы.

Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекетті жер пайдаланушылықтар жалға берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Бұл ретте жер учаскелерін пайдалану төлемақысының ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерінен төмен белгіленбейді.Жалдау құқығын сату төлемақысы нақты жер учаскесінің кадастрлық бағалау құнына қарай сараланып белгіленеді.

Жерге орналастыру шешімдерінің тиімділігіне әсер етуші экономикалық және әлеуметтік жағдайлар. Жерге орналастыру, қоғамның өндірістің құрамды бөлігі ретінде, әрқашанда нақты экономикалық жағдайларда жүргізіледі. Ол бірінші кезекте сол кездегі өндіріс әдісіне тән объективтік экономикалық заңдар мен өндіргіш күштерінің және өндірістік қатынастарының арасындағы белгілі бір байланыстармен себептеледі.

Сондықтан жерге орналастыруда жобаларды дұрыс негіздеу және жылдам жүзеге асыру мақсатымен, басқаша айтқанда, жоғары экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тиімділікке барынша тез жету үшін, осы заңдарды жан-жақты ескеру қажет. Салааралық және шаруашылықаралық жерге орналастыруды жүргізгенде оларға қатысты объектілердің макро экономикалық күйін, салалар мен шаруашылықтардың мүдделерін, сонымен қатар нақты экономикалық жағдайларын зерттеу қажеттілігі туындайды.

Нақты жер учаскесінің кадастрлық бағалау құнын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган мемлекеттің жеке меншікке өтеулі негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына сәйкес оған түзету коэффициенттерін қолдана отырып белгілейді және жер учаскесінің кадастрлық бағалау құнын айқындау актісімен рәсімдейді. Жер сапасы дегеніміз – шаруашылықтың өнімділігінің ең басты негізгі факторы. Сондықтан шаруа қожалығының құжаттарының басты бөлігіне топырақтың құнарлы сатысы, балл бонитетімен көрсетілуі керек.

Осы екі фактор арқылы жер өнімділігін, өнім көлемін анықтауға және жоғары өнім алуға болады. Негізгі топтама балл бонитеті мен егістік көлемінің орташа салмағын қарастыруды қадағалау болады. Жерге орналастыру іс-қимылдарына осылармен қатар топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақ геоботанткалық және басқа да зерттеу іздестіру жұмыстары жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау жерді бағалау жұмыстарын орындау жатады.

Жерге орналастыру жобаларында жер пайдаланушылықтардың кеңістік кемшіліктерін жою арқылы жолы жоқ жерлер мен жергілікті маңыздағы жолдарда жүру қашықтықтары айтарлыктай қысқартылады. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің демалу және санитарлық-гигиеналық жағдайларын жақсарту мақсатымен алқаптық қостар мен орман жолақтары жобаланады, жарамсыз және тасталған жерлерде ағаш өсіру, жалпы мәдени ландшафттарды қалыптастыру және жақсарту жөніндегі шара­лар жоспарланады.

Гүлбану Іздібайқызы ЕСБОЛАЙ,
Yessenov University аға оқытушысы,
магистр,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий