Үш тілділік – жаңа білім берудегі ресурс

Менің алға қойған мақсаттарымның бірі – өзімнің пәнімді, яғни информатика мазмұнын, материалдарын ағылшын тілі арқылы оқушыларға үйрету. «Қазақ тілін оқыту әрдайым басымдықта бола береді», – Ағылшын тілінің қажеттілігі – бұл әлемдік бағыт және сондай – ақ , көзге көрініп тұрған қажеттілік. Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз, одан айрылу ойланбастық болар еді – деп атап айтқан болатын. Сондықтан үш тілді білу, еркін сөйлеу – заман талабы.


CLIL – пән мазмұны мен тілді дамытудың бірігуі. CLIL дегеніміз – «Пән мен тілді біріктіре оқыту». CLIL – мұғалімдер назарын екі нәрсеге аударады. Біріншісі – пәннің өзі, екіншісі – тілді үйрену. CLIL – тағы бір маңызды компонентінің бірі – сабақ жоспарын құрғанда тіл үйренуді үнемі сабақтың бір мақсаты етіп қою. Ағылшын тілін үйренудегі кедергілерді жеңу. (Бейне сабақты ағылшын тілі сабағында пайдалану арқылы, сабақта өткен терминдердің глоссарийін қалыптастыру, толықтыру).

CLIL – тағы бір негізгі компоненті: сабақ жоспарын құрғанда ағылшын тілін үйренуді үнемі сабақтың бір мақсаты етіп таңдау болып табылады. Сабақ барысында ағылшын тілінде заттардың түрін-түсін не санын айтып отыру, сондай – ақ пән мұғалімдері бір – бірлерімен тәжірибе алмасып, әріптестердің өзара бірлесіп, жоспар құрып, сабақ барысында кеткен кемшіліктер мен жетістіктерді талқылап отырған жағдайда нәтижелі сабақ болары сөзсіз.

Информатика пәнін ағылшын тілінде оқыту оқушы біліміне кедергі келтіреді деп ойламаймын. Себебі, ақпараттарды ағылшын тілінде алу, теориялық ұғымдарды айту оқушыға жеңіл болады. Оқушы сабақты неғұрлым тез түсіну үшін, орыс және қазақ тілінде қатар түсіндіріп отыру қажет.Көп ақпараттар орыс тілінде беріледі.Әрине,бір тілден екінші тілге көшу оңай емес. Сондықтан сабақтан тыс уақытта,өмірде де жазу, әңгімелесу, аудио тыңдауды жолға қою керек.

Баспалдақ төменнен жоғары қарай өрілетінін ескерсек,білім беруді де кезең-кезеңімен жүргізуге тиіспіз. Ол үшін мақалаларды интернеттен тауып оқуға, эссе жазуға дайындауымыз керек. Оқушыға терминдер тізімін жасап ағылшын тілінен орыс, қазақ тіліне аударуға кеңес беруге болады. Оқушының көзін жеткізе отырып, жұмыс жасау оң нәтижесін береді. Үштұғырлы тіл, мемлекеттік тілге зияны жоқ, өмірлік қажеттіліктен туындаған идея.

Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Ағылшын тілін меңгеру дегенді ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деп түсіну керек. Осындай шарықтау заманында көп тілді игергенге ешкімнің таласы болмайтыны хақ.

Нургуль НЫСАНОВА,
М.Шоқай атындағы №187 IT мектеп- лицейі
директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары,
педагог-зерттеуші, математика-информатика
пәнінің мұғалімі, Қызылорда облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий