Мұнайы бардың шырайы бар

Әлемде көптеген мамандықтар бар, олардың барлығы әр салада өз орны бар, қызықты және сұранысқа ие. Мамандық таңдау туралы ойлаған кезде, әр түлек идеалды мамандық туралы, өз ой-пікірлеріне сәйкес келетін белгілі бір қасиеттер жиынтығы бойынша мамандық таңдайды. Мен мұнайшы мамандығы туралы өз ойымды салсам, бәрімізге мәлім әлемге энергия қажет, ал мұнай қәзіргі таңда бұл қажеттілікті қамтамасыз ететін энергия көзі болып отырғаны сөзсіз.

Мұнай – бұл қозғалыс, сонымен қатар көптеген түрлі өнімдер – медициналық құралдар, косметика, пластик, маталар және тағы да басқа. Адамзат ежелден бері мұнайды пайдаланды, мысалы, жанғыш материал ретінде, құрылыста байланыстырушы материалдар ретінде. Алайда, дистилляция, крекинг және оны өңдеудің басқа нұсқалары ашылғаннан бері мұнайдың маңыздылығы ұлғайды, себебі бензин, керосин, дизель отыны, мазут, сондай-ақ химия, фармацевтика және құрылыс өнеркәсібіне қажетті көптеген маңызды заттар тікелей мұнайдан өндіріледі.

Мұнай 19 ғасырдың аяғында адамзаттың ең маңызды стратегиялық өнімдерінің біріне айналып және баламалы энергия көздерінің көптігіне қарамастан әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпады. Өнеркәсіптің барлық салалары мұнай мен оны қайта өңдеу өнімдеріне байланысты. Мұнайшы мамандығы әртүрлі ғылыми салалармен, мысалы, геофизикамен, сейсмологиямен, химиямен,  IT – мен, және өзге де бағыттағы мамандықтарға байланысты өте қызықты және күрделі міндеттерді шешуді көздейді.

Мұнай мен газ қорлары орасан зор, оларды дәл бағалау мүмкін емес, көптеген зерттелмеген кен орындары бар. Кен орынды игеру күрделене түсуде, пайдалы қазбаларды тиімдірек өндіру үшін жаңа технологиялар жасақталуда және осы саладағы кәсіби мамандардың бағасы артып келеді. Кез келген компания өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылады және мұнда персонал маңызды рөл атқарады: жақсы ынталы және амбициясы бар мамандар қабылдауға тырысады.

Жұмысқа қабылдауда және жоғарылату туралы шешім қабылдауда жеке қасиеттерге ерекше мән беріледі, аса көңіл бөлетіндері үміткердің жетістігі техникалық білім/тәжірибе және жеке қасиеттердің үйлесімі болып табылады. Осы күнгі «мұнайы бардың шырайы бар» деген сөз де осыған байланысты айтылса керек. Шырайды шығару үшін мұнай көзін тауып, оны игеру қажет. Маңғыстау облысындағы жоғары білім көшбасшысы болып табылатын – Ш.Есенов атындағы  технологиялар және инжиниринг университетінің «Мұнайхимия инжинирингі» кафедарасы, міне, осындай мамандар даярлайды.

Өзінің болашағын мұнай саласына арнаған кафедра студенттері оқу барысында мұнай кенорындарын жобалау және игеру; олардың жұмыс режимін және ұңғыларды пайдалану әдістерін айқындау; қабаттардың мұнай өнімділігін арттыруға қолдан әсер ету технологиясын ойластыру; көмірсутегі қорына бақылау жасау, жабдықтардың оңтайлы жұмыс режимін қалыптастыру ісін меңгеріп, мұнай-газ кенорындарын игеру мен пайдалану проблемалары бойынша ғылыми –зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Бұл процестерді меңгеру іргелі және жан-жақты кәсіпшілік білім арқылы ғана жүзеге асырылады. Студенттердің сапалы білім алуы оқытушы құрамының біліктілігімен бірге, материалдық-техникалық базаға да байланысты екендігі белгілі. Бұл орайда факультет қазіргі заманғы оқу базасына ие. Кафедрада бүгін барлық материалды-техникалық жағдай, сапалы білім алуға толық мүмкіндіктер бар.

Мұнда есептеу кешені жаңа техникалық қондырғылармен жарақатандырылған зертханалар бар. Қазір ғылыми-зерттеу зертханаларын дамытуға бағыт ұсталып отыр. Соның нәтижесінде зерттеушілікке бейімі бар студенттер ғылыми жұмысқа кеңінен тартылып, білім алушылардың шығармашылық ізденістеріне осылайша жол ашылып, олардың сапалы білім алуына ойдағыдай ықпал етілуде. 

Айта кететін жәйт, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті және Рок Флоу Динамикс жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (“РФД “ЖШС) қабаттарды гидродинамикалық үлгілеуге арналған параллельді интерактивті пакет – tNavigator бағдарламалық жасақтамасының  лицензиясын университетке өтеусіз негізде беру туралы келісім жасасты. “Rock Flow Dynamics”компаниясы кен орындарын игеру процессін оның тиімді пайдалануды t-Navigator бағдарламалық кешенін қолданып модельдеу саласында бай тәжірибесі бар.

Бұл бағдарламалық кешеннің негізінде заманауи сәулеті бар көп процессорлы есептеу техникасын барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ең заманауи ғылыми әзірлемелердің арқасында білім алушыларымыз мұнай кен орындарын игеру кезінде гидродинамикалық модельдеуді толық меңгеруге мүмкіндік туындады. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.

Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі. Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау болып табылады.

«Тәжірибеге бағытталған оқыту» бойынша студенттеріміз мамандығын кәсіби тұрғыдан толыққанды  игеріп қазіргі заманауи озық технологияны меңгеріп ары қарай дамытуы аясында «Қаражанбасмұнай АҚ қарасты Қаражанбас кенорындарында дуалды тәжірибеден өту қолға алынуда. Осылайша олар теориялыық білімдерін тәжірибелік іспен ұштастырады. Өндірісте өздерін білікті маман ретінде таныта білген біздің түлектеріміз Қазақстан мұнай-газ кенорындарын ашу, игеру ісіне лайықты үлестерін қосып келеді.

Қорыта айтқанда, кафедрамыздың бүгінгі тыныс-тіршілігінің сипаты, міне осындай. Мұндай үрдіс алға қарай да өзінің заңды жалғасын таба береді. Ал, мұнайшы мамандығын таңдаған жастарға есігіміз әрдайым ашық.

Ләззат НҰРШАХАНОВА, 
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар

және инжиниринг университетінің профессоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий