Discussion club: Жас спикерлер мен дебатерлардың кездесуі

Біздің жергілікті орталықта «Discussion club» жас спикерлер мен дебатерлардың кездесуі» атты екінші ауысым ұйымдастырылды. Басты мақсат – жариялы талқылау арқылы балалардың шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту, өз көзқарастары мен пікірлерін белсенді қорғауға үйрету, көшбасшылыққа баулу, спикерлер мен дебатерларды қолдау.

Дебат жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ортаңыз өзгереді, достарыңыз көбейеді. Сөйлеу мәдениетіңіз қалыптасып, ойды тиянақты жеткізуге  дағдыланасыз. Кез келген тақырыпта ойыңызды еркін, нақты жеткізе аласыз. Үнемі ізденісте боласыз. Айтылған қарсы пікірге қарамастан,  ойыңыздың дұрыстығын дәлелдейсіз. Ауысымға сай  атқарылған іс-шараларды айтсақ: «Полиглот» зияткерлік ойыны, «30 жылдағы Қазақстан» пікірталас турнирі, «Құқық. Тарих. Дінтану» білгірлер сайысы, «TEDxBALDAUREN» конференциясы.

Қатысушылары – халықаралық, республикалық облыстық сайыстар лауреаттары мен дипломаттары, жас спикерлер,  шығармашылық ұжымдар, оқу озаттары. «Полиглот» атты бірнеше тілді меңгерген жас өспірімдерге арналған зияткерлік ойынның мақсаты: көпмәдениетті тұлға қалыптастыру; тілдерді игеруге сүйіспеншілігін ояту. Сайыс үш тілде (қазақ, орыс, және ағылшын) жүргізілді тілі. Зияткерлік ойын 4 кезеңнен тұрды.

Әр кезең күрделене түсті, бірақ қатысушылар үздік баға көрсетіп марапатталды.  «30 жылдағы Қазақстан» пікірталас турнирі жас спикерлер мен дебатерлар арасында мектепішілік дебаттық қозғалысты дамыту және насихаттауға бағытталған. «Тарих, Құқық. Дінтану» білгірлері» зияткерлік  сайысы оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін жүйелеу, тереңдету, адамгершілік пен ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, ой ұшқырлығын дамыта отырып, пәнге қызығушылығын арттыруды көздейді.

«TEDxBALDAUREN» конференциясының мақсаты ынталы да талапты, алғыр оқушыларды анықтау және оларды ізденуге, тез ойлауға баулу арқылы қызығушылығын арттыру арқылы сахна мәдениетіне баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ел дәстүрін, халық қалпын дөп басып, аз сөзбен көп мағына тұжырамдайды. Бұл жобаны біздің жиырма жылдық тарихы бар орталық ең алғаш рет өткізкізді.

Бұл әрине өте қуантарлық әрі тарихи сәт. TEDx қазақша баламасы технология, көңіл көтеру және дизайн деп аталады. Осы үш сөздің аясында идеялар айтылатын конференция деген сөз. Ал «x» деген ТЕД-тің форматында өткізілетін тәуелсіз іс-шаралар дегенді білдіреді. Бұл жерде таратуға тұрарлық идеялар болуы керек. Бұл идеяны бастаған – Ричард Сол Вармен. Ол «ақпараттық архитектураның» негізін салған.

Ричардқа Гарри Маркс көмектесті. 1984 жылы Монтерей қаласында Sony компаниясы шығарған Macintosh компьютерінің көрсетілімі болды. Онда математик Бенуа Мандельброт өзінің фрактал теориясының практикада қолданылуын көрсетті. Бұл ауысымда дарынды және талантты оқушылардың мүмкіндіктерін дамытуға үлкен үлес қосты.

Інжу Бауыржанқызы ШЕРТАЕВА,
«Балдәурен» оқу сауықтыру орталығының
ағылшын тілі пәні мұғалімі, Алматы облысы,
Қапшағай қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий