Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолданудың маңызы

Қазақстандық білім беруді жаңғырту жағдайында, әсіресе, тұлғаның табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін пәндердің рөлі күшеюі тиіс. Оған, бірінші кезекте, тарих, оның құндылығы даусыз, өйткені ол адамды тарихи тәжірибе білуімен қаруландырады, бұл оған қазіргі заманғы әлеуметтік және саяси процестерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді, өткен және қазіргі оқиғаларға қатысты жеке көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді, белсенді азаматтық ұстанымды оқушылардың бойында қалыптастырады.

Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде сын тұрғысынан ойлау оқушылардың өз білімдерін, іскерліктерін ашуға, ең бастысы оларды өмірде қолдануға мүмкіндік береді. Өз жұмысымда оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясын қолданамын. Бұл технологияның мақсаты-оқушылардың тек оқуда ғана емес, қарапайым өмірде де қажетті ойлау дағдыларын дамыту.

Салмақты шешімдер қабылдай білу, ақпаратпен жұмыс істей білу, құбылыстардың түрлі жақтарын талдау және тағы да басқа. Оқыту мен оқудағы тәжірибені жетілдіру үшін сыни тұрғыдан ойлауды және ең алдымен оның құрамдас бөліктерін, мысалы, белсенділікті, жаңа ақпаратты игеру қабілетін, мәтіндерді барабар игеруді, интеллектуалды ұтқырлықты, ойлау икемділігін, рефлексияны қалыптастыру міндеті алға қойылды.

Мұның бәрі қазіргі қоғамдағы адамның өмір сүру жағдайына салыстырмалы түрде ауыртпалықсыз бейімделуінің маңызды шарты. Ол үшін сіз өз бетінше үйреніп, өз пікіріңізді тыңдап, пікір таластыра білуіңіз керек, ұжымдық ізденіс дағдыларын игеруіңіз керек. Осы орайда Алатау ауданы білім беру ұйымдарының гуманитарлық бағыттағы және эстетикалық пән педагог-зерттеуші мұғалімдері Тумабаева Асель Илебайевна, Кабылбекова Бакыткул  Нуржаубаевна, Шарипбаева Асель Секеновна, Кәрім Аягүл Кәрімқызы, Ахметова  Гулсара Мухаметкалиевна және мен  Есембек Элмира Тұрсынқалиқызы аудандық семинарда өз іс – тәжірибемізбен бөлістік.

Семинарда сыни тұрғыда ойлауды дамытудың қазіргі заманғы 21 ғасыр оқушылары үшін маңызын, технологияның ақсап жатқан мәселелерін қарастырдық. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыс оқу процесін жақсартуға көмектеседі, оқушылар мен мұғалімнің белсенділігін арттырады. Балалардың көздерін нұрға бөлеу, зерттелетін материалға қызығушылық таныту және «ең әлсіз» оқушы белсенділігін арттыру үшін көп еңбек етіп, оқытуға деген көзқарасыңызды өзгерту керек.

Қортындылай келе сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін қалыптастыру оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тікелей байланысты. Мұғалім мен оқушы тең жұмыс жасап, бірлесіп жұмыс жасаса, сабақ сәтті болады. Ынтымақтастық қалай туады? Оқушылар мұғалімнің мақсаттарымен бөліскен кезде, белсенділік пайда болады, ал мұғалім осы мақсаттарды жүзеге асырудың қажетті әдістерін таңдау керек.

Бұл мұғалімнен тек жақсы білімді ғана емес, сонымен қатар жоғары әдістемелік шеберлікті, шығармашылық көзқарасты талап етеді. Отандық іс-тәжірибе негізінде әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылы­ғымызды арттыру үшін сыни тұрғыда ойлай алатын оқушылар мен ұстаздарымыздың қатары көп болатынына,  жақсы нәтижеге жететінімізге сенімдіміз.

Болашақ ол біздің  – ізденіске бай, білімді ұстаздарымыз, еліміздің ғарыштауына үлкен үлесін қосатын бүгінгі оқушыларымыз және Елбасымыздың салиқалы саясаты! Жаңартылған білім – болашағымыздың кепілі!

Эльмира Тұрсынқалиқызы ЕСЕМБЕК,
№151 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Алматы қаласының Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий