Қостанай облысы: Мектептердегі математикалық білім берудің жағдайы

Қостанай қаласы білім бөлімінің №10 жалпы орта білім беретін мектептің базасында облыстық математика пәні педагогтерінің съезі өткізілді. Алғашқы рет өткізіліп отырған съезді Қостанай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айман Елемановна Ибраева ашты, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

А. Ибраева математика пәні педагогтерінің кәсіби біліктілігі мен шеберлігі, оқушылар мен мұғалімдердің жетістігіне тоқтала отырып, математика пәнінің оқытылуына қатысты біздің өңірдегі бірқатар мәселелерді көтеріп, олардың  шешу жолдарын ұсынды. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің физика, математика және цифрлық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Асканбаева Галия Баймухамбетовна, жоғары оқу орындарында математика пәні мұғалімдерін дайындау бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны туралы сөз қозғады.

Және математика мамандағын бітірген түлектердің мектепке орналасуы және математика пәні мұғалімдерін дайындауда мектептермен ынтымақтастық бағыттарына тоқталды. Қостанай қаласының «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының менеджері, педагогика ғылымдарының магистрі Сагадиева Кенжегуль Биахметовна қазіргі уақытта функционалдық сауаттылық деңгейін дамыту мәселесі, функционалдық сауаттылықты дамыту міндеттері, сондай-ақ оқушылардың қосымша және кәсіптік білім алуына қатысты мәселелерді көтерді.

«Қостанай дарыны» республикалық ғылыми-практикалық орталығы  директорының ұйымдастыру-көпшілік жұмысы жөніндегі орынбасары Рябинина Наталья Михайловна өз баяндамасында Қостанай облысы оқушыларына облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік беретін математикалық жарыстар жүйесі бойынша, сонымен қатар дарынды оқушыларды дайындауда назар аударатын бірнеше мәселелерді тілге тиек етті.

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімінің М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пән мұғалімі Есенгулов Канат Маратович өз сөзінде математика мұғалімдерінің Республикалық съезінде көтерілген өзекті мәселелерді қозғай отырып, облыстағы математиканы оқыту мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ маңызды мәселелердің бір – олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындық мәселелерін де назардан тыс қалдырмады.

Практик мұғалім математика пәнін оқытудағы туындайтын сұрақтарды шешудің жолдарын да ұсынды. Планерлық бөлімде пәнге қатысты түйіткілді мәселер көтеріліп, бірқатар сұрақтарды шешу мәселелері педагогтердің құзіреттілігі мен біліктілігіне қатысты екендігі де ашық айтылды. Съезде мұғалімдер тарапынан сұрақтар қойылып, проблемаларды көтеретін  диологтік алаңға айналды. Пленарлық бөлімнен шыққан педагогтер  маңызды болған сұрақтарын секциялық жұмыста талқылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий