Болашақ инженердің құндылық бағдарлары

Инженер – латын тілінен аударғанда «талантты, дарынды» дегенді білдіреді. Әр жасөспірімнің өмірінде ерте ме, кеш пе, қандай мамандықты таңдау керек және ол үшін қайда оқу керек деген сұрақтың туындайтыны заңдылық.  Өмірлік тәжірибесі мен шешім қабылдау тәжірибесі жоқ жастар есейіп, осы сияқты маңызды мәселені шешуге мәжбүр болады. Қазіргі адамзат өркениеті техникалық мамандардың жетістіктерін пайдалануға негізделген. Инженерлік мамандық олардың арасында жетекші орынға ие.

Кез келген құрылыс, өндірістің барлық түрлері техникалық жобаларды жүзеге асыру арқылы орындалады. Барлық заманауи электрондық және механикалық құрылғылар осы кәсіппен айналысатын адамдардың еңбегімен жасалынады. Күрделі құрылғылардың сызбаларын жасайтың, математикалық есептеулерді оңай қолданатың, электр шайнектерден ғарыш кемесі қозғалтқышына дейін жасауға дағдыланған, заманауи техникалық ортаны қолдайтын жоғары білікті мамандар инженерлер армиясын құрайды.

Инженерлік мамандықтың сан алуан түрлері бар. Әлемде оларға деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Жетекші кадрлық агенттіктердің болжамы бойынша, алдағы жылдары инженерлерге сұраныс бұрынғыдан да  арта түседі. Бұл мамандықтың иелері құрылыс ұйымдарында, ғылыми мекемелерде, өндірістік кәсіпорындарда, тамақ өнеркәсібінде жоғары  сұранысқа ие. Инженердің ойлау қабілеті ерекше болуы керек.

Бүгінгі таңда бізді қоршап тұрған барлық нәрсе – автомобильдер, компьютерлік құрылғылар мен ғарыш кемелері, атом электр станциялары, темір жолдар мен ұшақтар – бұлардың бәрі олардың жетістіктерінсіз мүмкін болмас еді. Инженерлік мамандықтар бойынша бейіндік білім техникалық университеттерде беріледі. Сұранысқа ие мамандықтар рейтингіне бағдарламалаушылар мен жүйелік әкімшілер енгізілген. Бұл нарықта кәсіби өсу үшін жақсы мүмкіндіктер беретіні сөзсіз.

АЭжБУ-да қандай сұранысқа ие мамандықтарды алуға болады? Барлық мамандықтардың ішінен тек кейбіреулерін ғана атап өтелік. Web-дизайнмен айналысатын ірі компаниялардың қызметкерлері лайықты жалақы алады. IT саласының басты артықшылығы – қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі. Бағдарламалаушы кәсіпорында да жұмыс жасай алады және қосымша жобалармен интернет арқылы қашықтан айналыса алады.

Баламалы энергия саласын дамытуға маманданған инженер электрик – өнеркәсіптік кәсіпорындар мен елді мекендерді электрмен жабдықтау жүйесін жобалайды. Есіңізде болсын, инженерлік мамандық сізге таңдау еркіндігін береді: үлкен компанияда, шағын кәсіпорында жұмыс істеңіз, өзіңіз үшін жұмыс жасаңыз немесе кеңесші болыңыз. Еңбек нарығында техникалық мамандықтардың жетіспеуі анық байқалады.

Ал инженерлік мамандықтар арасында бағдарламалаушылар мен жобалаушылардың, конструкторлардың, энергетиктер мен жылу техника инженерлерінің жетіспеуі байқалады. Қазақстан түрлі салаларда — тамақ өнеркәсібінен ауыр машина жасауға дейін өз өндірісін дамытуы тиіс. Сондықтан ірі және шағын өндірістік компаниялар мен кәсіпорындар инженерлерді жұмысқа белсенді түрде шақырады. Сарапшылардың болжамынша, мұндай мамандарға деген сұраныс алдағы жылдары да арта беретін болады.

Мәншук Жұмамуратовна БАЙСАЛОВА,
Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика
және байланыс университетіндегі
м
атематика және математикалық үлгілеу
кафедрасының меңгерушісі, ф.–м.ғ.к., профессор

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий