Дарынды оқушылардың қабілетін дамытудың маңызы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын  қамтамасыз етеді.

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу- ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс.

Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды: баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.

Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр. Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.

Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы  жүзеге асады. психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге болады.  Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар: дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі; оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым- қатынаста болуы; дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығу таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі; дарынды оқушының  ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы.

Дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы; мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар: өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі; қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі; оқушы дарындылығын моделін білуі; жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі; дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі; қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі.

Дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі; Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар: дарынды оқушына анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы; дарынды оқушыларды оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлма құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі; оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы; дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі.

Оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі; дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі; Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс -тәсілдерді қолданамыз: баланың отбасы жағдайын зерттеу; шығармашылық қабілетін анықтау; саулнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу; ата-анасымен әңгімелесу; пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру. 

Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарынды балалардың қабылетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады: сабақтар, ОҚҒ-ның жұмысы; пәндік үйірмелер; тіл мерекесі; Абай оқулары; олимпиадалар; интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы; ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау); оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу).

Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі); Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай . Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады.

Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз – теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінде жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, шығарамшылық ізденістегі адам. Дарындылықты данышпандылыққа айналдыру үшін қажымай-талмай еңбектену қажет. Әр ұстаз алдында отырған шәкіртінің табиғи дарынын танып, оны одан әрі дамытуға күш жұмсауы керек.

Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауды мынандай жұмыс түрлерін қолдандық: дарынды оқушылардың қызығушылығын анықтау; дарынды оқушылардың қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру; дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету; шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу; дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру.

Сабақтан тыс мезгілде жүргізілтін жұмыстарға – пәндік олимиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы түрде жүргізу. Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың мақсаты: жан-жақты дамыған, білімді, білікті жеке тұлғаны қалыптастыру; оқу-тәрбие жұмысының негізгі өзегі ретінде тұлғалық бағдарлы, гуманды – тұлғалық педагогика идеясы ұстанымдарын қолдану. Міндеттері: өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.

Оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған оқу – тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану; оқушының өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы жеке тұлғасының дамуына қолдайлы жағдай туғызу; ауызша, жазбаша тілдік қорларын арттыру. Шығарма, ой толғау жаза білуге дағдыландыру; оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып, дарынды тұлғаны дамыту.

Дарынды балаларды бір орталыққа іріктеу, айқындау-белгілі бір баланың дамуына талдау жасау ұзақ процесс. Дарындылықты жеке бір әдіске сүйене отырып, мысалы тест арқылы анықтай қою мүмкін емес. Дарынды балаларды іздеу – арнайы бағдарламалар бойынша кезеңді түрде жүргізілуі қажет. Әрбір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады», – демекші, дарынды оқушылардың көп болуы шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты.

Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмекгі арқылы ашылады және дамиды. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге әсерін тигізеді.

Бибигул АЛЬМУХАНОВА,
№25 жалпы орта білім беретін
мектеп директорының оқу-әдістемелік
ісі  жөніндегі орынбасары, Батыс Қазақстан
облысының орталығы Орал қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий