Халықтық құндылығымен қымбат

Ұлыстың ұлы күні – қазақ халқымыздың байырғы заманнан келе жатқан “көктемгі жаңару” мерекесі. Наурыз – бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Наурыз мейрамы көне заманнан келе жатқан мейрам. «Жаңа күн» деген мағынаны білдіретін шуақты мерекеде түрлі ұлттық тағамдар пісіріледі, оның ішінде наурыз көже ең таңдаулысы.

Оның ерекшелігі жеті түрлі дәнді-дақылдар қосылады. Бұл мерекеде түрлі салт-дәстүрлер жаңғырылады. Мерекелік дастарқандар жасалып, түрлі ұлттық тағамдар  пісіріледі. Қазіргі заманда да бұл мереке өзінің жалғасын табуда. 2021-2022 оқу жылында осы мерекені  біздің ұстаздар ұжымы да өте жоғарғы деңгейде ұйымдастыра білді. Әрбір бірлестік қазағымыздың ұлттық құндылықтарын  жаңғыртатын салт-дәстүрлерден көріністер қойып, қазақтың құда түсу рәсімін сахналады.

Әр бірлестік түрлі салт-дәстүрлерден үзінді көрсетті: қыз ұзату, сырға салу, беташар, шілдехана, тұсаукесер. Жақсылықтар жиынтығы – әз Наурыз деп қазақ халқымыз бекер айтпаған. Наурыз мерекесін әр ұлт өзгеше атап өтеді. Бауырлас өзбек жұрты бұл мерекені наурыз айының 21-і күні атап өтеді. Ұлттық киімдерімен ән айтып, би билейтіндігін білеміз.

 

Осы дәстүр әлі күнге дейін жалғасын табуда. Бұл халықтың түсінігі бойынша наурыз мерекесін қалай күтіп алсаң, жыл толығымен солай өтеді деп сенген. Түркменстан, Тәжікстан, Қытай, Үндістан, Ауғанстан, Иран, Түркия мемлекеттеріне түрліше тойланады.

Асыл Қасенғалиқызы ҚАЙЫҢБАЙ,
№160 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні, мұғалімі,
Алматы қаласының Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий