Кітап – асыл қазына

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билік пен қоғам арасында сындарлы диалог орната алатын тиімді институционалды құрылымға айналған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында (22. 10. 2020 ж) «Беделді халықаралық зерттеу қорытындылары біздің оқушылардың оқу сауаттылығы бойынша дағдылары жеткілікті деңгейде дамымағанын көрсетіп отыр.

Сондықтан оқу мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту еліміздегі орта білім беру ісінің басым бағытына айналуға тиіс. Баланың оқуға деген қызығушылығы, қоршаған ортаны кітап арқылы тануы мектеп қабырғасында қалыптасу керек. Ал кітапхана оқушының сол ынтасын оятып, оны қызықты кітап әлеміне жетелеуі қажет. Тағы бір маңызды міндет – мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалау және толықтыру.

Қазір бұл кітапханалардың қоры ескірген әрі жұтаң. Әсіресе, көркем туындылар мен тартымды әдебиеттер тапшы. Қазақ тіліндегі тиісті әдебиеттер өте аз немесе мүлдем жоқ. Оқушылардың әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларына қолы жете бермейді», – деп, Білім және ғылым министрлігіне осы мәселелермен мұқият айналысуды және нақты ұсыныстар енгізуді тапсырған болатын.

Осыған орай салалық ведомства тарапынан 2020-2025 жылдарға арналған білім беру ұйымдарының кітапханаларын дамыту жөніндегі жол картасы әзірленіп, «Оқуға құштар мектеп» жобасы  мақұлданғаны белгілі. Шынында да кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы.

Жоба аясында біздің білім ордасының кітапханасында кітап оқудағы оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатын көздейтін «Бірге кітап оқиық!», «Оқырмандар отбасы» байқаулары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ақиық ақын  Мұқағали Мақатаевтың   90 жылдығына орай, «Менің сүйікті ақыным» тақырып шеңберінде 8-сынып оқушылары ақынның өлеңдерін  мәнерлеп  оқудан жарысты.

Кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру. Кітап оқуға басшылық жасау. Оқырмандарды отбасымен кітап оқуға шақыру. Оқушыларды жас кезінен отбасымен кітап оқуға дағдыландыру. Кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру.

Бастауыш сынып оқушыларына үзіліс кезінде «Әжемнің ертегілері» атты тақырыпта оқу марафоны  ұйымдастырылды. Мектеп фойесіндегі «Оқуға құштар  мектеп” аталатын арнайы бұрыштың кітап сөресінде көркем әдебиеттер жинақталған. Әр оқушы өзіне ұнаған кітабын сөреден алып оқиды. Әр оқыған оқырман өзінің оқыған кітабын жарнамалайды.

Қатира ОМАРОВА,
№184 жалпы беретін мектеп
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Сандуғаш ЕРМЕКБАЕВА,
мектеп кітапханашысы,
Алматы қаласының Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий