Білімдікпен сапаға жетелеудің кепілі

Жаһандану мен қоғамдағы білім берудің сұранысына байланысты қазіргі заманғы  орта білім беру  үнемі өзгеріс үстінде.  Заманауи  талаптардың  бірі,  мұғалімдердің біліктілігі мен оның кәсіби педагогикалық шеберлігін шыңдау болашақ ұрпақтың сапалы білімді, құзіретті, функционалды сауаттылығы мен өмірлік білім, білік, дағдыларын қалыптастыру кезек күттірмейтін маңызды мәселеге айналды.

Абылай хан кезінде: «Білекке сенген заманда ешкімге дес бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» – деп  аманат еткен, бүгінгі 4.0-тік индустрияның басталған, білімге сенген заманының болашағын дайындайтын орта мектептің оқу сапасын арттырудың бірден бірі кепілі ол – ұстаздардың біліктілігін арттыру екендігіне ешкім шүбә келтірмес. Шетелдік ғалымдар Бебер мен Муршед мектептегі оқу сапасын  қалай арттыру керектігін анықтау үшін әлемнің 25 мыңнан астам орта білім беретін мектептерін зертеудің нәтижесінде, оқу сапасын арттырудың бірден бір кепілі ол –  ұстаздардың біліктілігін жетілдіру екендігін тұжырымдады.

Осы орайда сәуір айының басында «НЗМ» Дербес білім беру ұйымы, Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен қоғам мен заман талабының сұранысына сай мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы өз мәресіне жетті. Аталған курста респубикамыздың барлық өңірінен бес жүзден астам тренерлер келіп өз біліктіліктерін шыңдады. Бұл курстың мазмұндық қамту ауқымы басқа курстардан қарағанда өзіндік ерекшелігімен дараланды.

Курс өзіне  орта мектептегі  бастауыш сыныптан бастап, барлық пәндерді  қамти отырып,  пәндік «күрделі тақырыптарды талдау және пысықтау», «оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау», «сабақта инклюзивті орта құру», «функционалдық сауаттылықты дамыту» сияқты заманауи, ауқымды сұраныстағы фокустарды  өзіне топтастырды. Аталған фокустардың басты мақсаты ұстаздардың біліктілік әдіс-тәсілдерін шыңдап ғана қоймай, оқу мен оқытуда сапаға жетуге бағытталғандығы болып табылады.

Пәндер бойынша құзіреттілікті қалыптастыруда «күрделі тақырыптарды талдау және пысықтау» фокусында аталған мәселені білім алушыға  оңай жолмен үйретудің ең тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыра отырып оқыту мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі қарастырды. Ал,  «оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» фокусы тапсырмаларды құрастырудан бастап, критериалды бағалауды жүзеге асырудың нәзік тұстарын талдай отырып, тиімді бағалау әдіс-тәсілдерін өзіне қамтыды.

Сонымен қатар  курстың ерекшелігінің бірі қоғамның сұранысындағы «сабақта инклюзивті орта құру» мәселесі де қарастырылып, ерекше қажеттілігі бар білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып оқу үрдісін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері де ерекше қарастырылды. Аталған фокус ҚР-сы БҒМ-нің ағымдағы жылғы №6 бұйрығын негізге ала отырып, курс барысында ерекше қажеттілігі бар білім алушылардың әділдікпен, теңдікте білім алуды жүзеге асыруын қамтамасыз ету әдіс тәсілдерін қарастырды.  

Қазіргі заман талабының бірі десекте бірегейі  болып отырған «функционалдық сауаттылықты дамыту» фокусы білім алушылардың алған білімін өмірде, өзінің болашақ мамандығында қолдана алу мүмкіндіктерін жүзеге асыру, білік пен дағдыларын қалыптастырудың әдіс тәсілдерін шыңдауға бағытталды. Иә, еліміздің әртарабынан келіп, білімін шыңдаған тренерлерлерімізге стаздардың біліктілігін шыңдауда табыстар мен сәттіліктерге жетеді деген зор үміт артылып отыр.  

Мадениет ХАБАТ,
«НЗМ» ДББҰ. ПШО, Қарағанды
филиалының тренері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий