Келешектің тұтқасы – білімді ұрпақта

«Білім – бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ-әлдекімнің азығы», – дейді Мұхтар Әуезов. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті болып саналады. Тұлғаны тәрбиелеу үшін ғұлама ғалым Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген басты қағиданы ұсынған болатын.

Сондықтан біз балалар тәрбиесіне баса көңіл аударуға тиіспіз. «Бөбек» оқу-сауықтыру орталығына келген балалармен бірге сайыстар өткізіліп, саяхатқа шығып, әр-түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіледі. «Екі жұлдыз», «Бөбек ханшайымы» мен «Бөбек ханзадасы» сайыстары өтіп, балалар сайыстарға аса қызығушылықпен қатысады. Жеңімпаздар анықталып, нәтижесінде марапатталады. Медеуге, хайуанаттар бағына, 28 Панфилов бағына саяхаттап келген соң, көрген әсерлері туралы эссе жазады.

Тәрбиелік мәні зор әртүрлі тақырыптарда тәрбие сағаттар, жүректен-жүрекке шеңбері өтіліп, балалар адам бойында адамгершілік құндылықтарды бойына дарытады.  Кітап – білім көзі. Кітаптарды оқу балаға пайдалы, өйткені бұл оның интеллектуалды дамуына, сөйлеу қабілеті мен білімін арттыруына ықпал етеді. Осылайша «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешенінде Қазақстанның түкпір – түкпірінен келген балалар бос уақытында кітапханаға барып, кітап оқып, ой бөліседі.

Сонымен қатар кешенімізде балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында, кітап оқу  жарысы өтеді.  Кітапты оқумен қатар мазмұнын, кейіпкерлеріне мінездеме берген балаларға мақтау қағазы беріледі. Қорыта айтқанда, еліміздің болшағы үшін біліммен қатар бойына рухани құндылықтарды дарыта білген жас буын өкілдерін тәрбиелеп шығару біздің парызымыз.

Айжан Амиркожақызы КОККУЗОВА,
«Бөбек» ҰҒПББСО оқу-сауықтыру
кешенінің тәрбиешісі, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий