Кафедраның қалыптасуы мен дамуы және келешегі

«Білім – адамзаттың ортақ қазынасы» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, үздіксіз оқу үдерісінде болу арқылы ғана адам баласы алға қарай жылжымақ. Ілімсіз ілгерілеймін деудің өзі қателік. Баланың бойында негізгі кірпішті мектеп қалайтын болса, оның өсіп-өркендеуіне, бағыт-бағдарын табуына септігін тигізетін – жоғары оқу орындары. Осы орайда, еліміздің жоғары білім беру жүйесі де жыл сайын жаңашылдық енгізіп, әлемдік деңгейде дамуда.

Осыған орай, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», – деген болатын. Кемелді келешектің негізін қалайтын өскелең ұрпақ пен оларға білім нәрін беретін ұстаздар қауымына мол жауапкершілік жүктеліп отыр. 

Бұл міндеттерді шешу болашақ мамандарға мемлекеттік стандартқа, оқу бағдарламаларына сәйкес ғылым салаларынан табысты білім берумен ғана шектелмейді. Жоғары мектепті бітіруші болашақ мамандар аға ұрпақ тәжірибесін меңгерген, білімін өз кәсібінде ұтымды пайдалана алатын құзыретті, әлемдік бәсекеге қабілетті болуы керек. Осы тұрғыда қазіргі уақытта 25 жылдық мерейтойын республика көлемінде атап өткен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жоғары кәсіби кадрларды қалыптастырудың құнды тәжірибесін жинақтаған маңдайалды оқу орындарының бірі ретінде әлемдік стандарттарға жауап береді.

Міне сол білім ордасындағы 1962 жылы негізі қаланған С. Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институты базасында құрылған «Педагогика» кафедрасының  60 жылдық тарихы бар. Оған қоса отандық білім беру жүйесіне жүктеліп отырған зор міндеттерді жүзеге асырудағы атқарған қызметі  ұшан-теңіз. Ұзақ жылдардан бері кафедрада көптеген ғылыми-педагогикалық, әдіснамалық-зерттеушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар атқарылып келеді. Кафедраның құрылуы мен дамуына әр жылдары үлес қосып, оның даңқын асқақтатқан педагог-ғалымдарды атап өткен абзал.

Өйткені білім мекені осы жандармен қуат алып, заманауи біліммен қарулана түсті:  Итбаев Н.М., Қоянбаев Ж.Б., Зязин Б.П., Белканов Н.А., Агиянц Е.В., Сарыбеков М.Н.,  Әбдікәрімов Б.Ә., Әбдіманапов С.Ә., Құрманов Н.М., Аймағамбетова Р.Х., Романенко М.Э., Кенесарина З.У., Кариев С.К., Сарыбекова Ж.Т., Меңлібекова Г.Ж.  және оның қазіргі құрамы: Шалғынбаева Қ.Қ., Сейітқазы П.Б., Абибулаева А.Б., Қалкеева К.Р., Төлеубекова Р.К., Длимбетова Ғ.К., Кертаева Г.М., Қашхынбай Б.Б., Уразбаева Г.Т., Жиенбаева С.Н., Атемова Қ.Т., Албытова Н.П., Сламбекова Т.С., Асылбекова М.П., Шолпанкулова Г.К., Жұмабекова Ф.Н., Нефедова Л.В., Салиева А.Ж., Рахымбаева М.М., Байсарина С.С., Айберген А.И., Жубакова С.С., Жукенова Г.Б.,Байменова Б.С., Шарипова О.Б., Жумадилова А.Н., Қожаева С.Қ., Бүрдесбекова Ү.И., Муталиева А.Ш., Ботабаева Ә.Е., Ахтанова С.К., Темиров Қ.У., Лекенова А. және PhD докторлар Махадиева А.К., Меркулова А.Б., Қуатов А.К., Балтабаева Ж.Б сынды оқытушы-профессорлық құрам кеудеде мақтаныш сезімін кернетеді.

Солардың арасында әр жылдары кафедра меңгерушілері болып қызмет атқарған ғалымдар да бар: Итбаев Н.М., Зязин Б.Н., Коянбаев Ж.Б., Агиянц Е.В., Белканов Н.А., Грибушенко С.П., Абдыманапов С.А., Абдыкаримов Б.А., Сарыбеков Н.М., Кенесарина З.У., Дмитриенко Е.А., Кариев С.К., Курманов М.К., Менлибекова Г.Ж., Аймагамбетова Р.Х., Абибуллаева А.Б., Албытова Н.П, Шалғынбаева Қ.Қ. Ал 2019–2021 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.к., профессор міндетін атқарушы Сламбекова Толқын Сламкулқызы атқарса, 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Асылбекова Мәрзия Пазыловқызы бүгінгі күнге дейін кафедра меңгерушісі болып еңбек етуде.

2010–2020 жылдардағы кафедраның даму тарихынан айрықша оң өзгерістерді аңғаруға болады. Себебі педагогика кафедрасының атауы 2010 жылы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» деп өзгертіліп, кафедра меңгерушісі ретінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қадиша Қадырқызы Шалғынбаева тағайындалды. 2011 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігіне арнайы мамандық ашуға байланысты лицензия алу үшін қызметтік хат жазылып, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығынан бакалавриат, магистратура және PhD-докторантура деңгейлері бойынша лицензияға қол жеткізілді.

Міне, осы оқу жылында алғаш рет бакалаврға 22 талапкер Мемлекеттік грантпен студент болып оқуға қабылданды. Сондай-ақ осы 2012 оқу жылында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»мамандығы бойынша алғаш рет магистратураға түлектер қабылданып, 7 магистрант оқуға қабылданды. 2013-2014 оқу жылында «Психология» кафедрасының қайта құрылуына орай әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасына кіріктіріліп, оқытушы-профессорлар құрамының саны ұлғайды.

Кафедра 49 адамды құрады, олардың ішінде 10 ғылым докторы, 3 PhD докторы, 25 ғылым кандидаты, 11 магистрлік дәрежедегі аға оқытушылар қызмет атқарды. Аталған кафедра құрамының арасындағы 15 оқытушы-профессор «Психология» мамандығы бойынша бакалавр және магистратура деңгейінде болашақ мамандарды даярлауға үлкен септігін тигізді.

Олар: психология ғылымының докторы, профессор Ерментаева А.Р., псих.ғ.к., доцент Нурадинов А.С., псих.ғ.к., доцент Мамбеталина А.С., п.ғ.к., доцент Айқынбаева Г.К., п.ғ.к., доцент Айтышева А.М., псих.ғ.к., доцент Аубакирова Ж.К., псих.ғ.к., доцент Байжуманова Б.Ш., псих.ғ.к., доцент Валиева А.Б., псих.ғ.к., доцент Рыскулова М.М., псих.ғ.к., доцент  Бекова Ж.К., псих.ғ.к., доцент Карибаева Г.М. және магистрлік дәрежедегі аға оқытушылар – Қуатов А.К., Ақымбек Г.Ш., Құнанбаева А.Ж.,  Гитихмаева Л.М.

Өз кәсіби қабілеттерін көрсете білген білікті мамандармен тек қана марқайып-мақтануға болады. 2014-2015 оқу жылдары кафедра жақын және алыс шетелдердегі жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс орнатты. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Башқұрт, Украина, Түркия, Германия, АҚШ  ғалымдары докторанттардың кафедра тарапынан сайланған ғылыми кеңесшісі болумен қатар, шетелдік ғылыми кеңесшілері болып қызмет атқарады.

Ал  2014 жылдан  Ресей Федерациясы Ақмұлла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетімен Университеттердің Шанхай Ұйымдары Ынтымақтастығы және «Педагогика» бағыты бойынша 7М01103 – «Педагогика және психология» мамандығының магистратура деңгейінде келісімшарт орнатып, қос дипломдық білім беру үдерісін іске асырды. Сондай-ақ  2016 жылдан  бастап осы бағыт бойынша Мәскеу қаласындағы Ресей Халықтар достығы университетімен де бірлесіп,  магистратура деңгейінде 7М01103 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы негізінде қос дипломдық білім беру жалғасын тапты.

Қазіргі уақытта да аталған екі жоғары оқу орнымен студенттердің, магистранттардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы да сәтті іске асып жатыр. Қоса кететін жайт, ШЫҰУ дамуы аясында бірлескен ғылыми-желілік зерттеу жұмыстары және жоғары оқу орындары серіктестіктер арасында вебинарлар ұйымдастырылып тұрады. Сонымен бірге 2021 жылдан бастап Астрахан мемлекеттік университетімен келісімшарт жасалып, оның негізінде бірқатар істер мақсатына жетіп жатыр (Ресей Федерациясы, Астрахан).

2018 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша американдық ғалым Девид Майерстің ағылшын тіліндегі «Әлеуметтік психология» оқулығының 12-ші басылымын кафедраның 8 оқытушы-профессорлары: Шалғынбаева Қ.Қ., Қалкеева Қ.Р., Ерментаева А.Р., Айқынбаева Г.К., Нурадинов А.С., Шолпанкулова Г.К., Айтышева А.М., Байжуманова Б.Ш тікелей ағылшын тілінен қазақ тіліне аударып алғашқы қазақ тіліне аударылған 18 жаңа оқулық таныстырылымына ілікті.

Сонымен қатар кафедрада 2012 жылдан бастап ҚР БжҒМ «Мәңгілік елдің» ғылыми негіздері ХХI ғасыр білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша төменде берілген тақырыптардағы гранттық ғылыми жобалар орындалды: “Медиа білім беру үрдісінде студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» (2012–2014 жж.). Жобаның ғылыми жетекшісі – п.ғ.д., профессор Сейітқазы П.Б.

«Қазақстанның білім беруі және педагогика тарихы» оқу пәнін тәжірибеге ендірудің теориялық-әдіснамалық негізі». Жобаның ғылыми жетекшісі – п.ғ.д., профессор Калкеева Қ.Р. «Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында шетелдік тәжірибе негізінде (АҚШ, Англия) студенттерге академиялық қолдау көрсету» (2015–2017 жж). Жобаның  ғылыми жетекшісі – PhD докторы, доцент Абдыхалықова Ж.Е. Экологизация вузовской системы образования как инновационный путь модернизации духовного сознания студентов» (2018–2020 гг.). Жобаның ғылыми жетекшісі – п.ғ.д., профессор Длимбетова Г.К.

Разработка  методологии андрогогического образования в контексте третьей модернизации Казахстана» (2018–2020 гг.). Жобаның  ғылыми жетекшісі – п.ғ.д., профессор Менлибекова Г.Ж. «Шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, мектепке дейінгі білім беру мамандарының ғылыми-зерттеу дайындығын өзгерту (Финляндия)». Жетекшісі – п.ғ.д., профессор м.а. Жұмабекова Ф.Н. Халқымызда «Кімде-кім өткенін есте сақтамаса, оның болашағы бұлыңғыр» деген қағида бар.

Демек, университеттің, ол жердегі «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының 60 жылдық тарихын жадымызда сақтай отырып, жастарды оқыту және оларды тәрбиелеу ісіне қосып отырған кафедраның үлесі мен оқытушы-профессорлық құрамның кәсіби шеберліктері жоғары бағалауға тұрарлық екеніне айрықша тоқталған абзал. Себебі келешек мықты мамандар бүгінгі білікті ұстаздардан шығады.

Д.И. Менделеев айтқандай, «ғылым мен білімді күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады». Иә, зер сала қарасақ, біздің кафедраға табан тірейтін әр ұстаз өз жұмысын махаббатпен жасайды екен. Осы себепті нәтижелі еңбек болары хақ. Кафедра ұжымына шалқар шабыт, өнімді еңбек, жарқын жетістіктер тілеймін. Жоғары білікті, әлемдік бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жолындағы жұмыстары жемісті болсын.

Әлі талай сан жылдар бойы ел үшін ерен еңбек ете берері сөзсіз. Мемлекет мәртебесі білімді ұрпақпен қалыптасады, ал білім, яғни оқу инемен құдық қазғандай екені баршаға анық. Осы қиын да қажырлы еңбек жолында жүрген жоғары оқу орындарының бірі – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  университеті өзінің 25 жылдық мерейтойын стратегиялық міндеттерді жүзеге асырудағы елеулі жетістіктерімен атап өтті. Осы қалыптан таймай, бұдан да биіктен көрінеріне сенімім мол. Келешекте Қазақстан Республикасының дамуына лайықты үлес қоса алатын жоғары оқу орны ретінде өзінің ұлттық мәртебесін асқақтата берсін!

Қадиша Қадырқызы ШАЛҒЫНБАЕВА,
п.ғ.д., профессор, «Білім беру ісінің құрметті
қызметкері», Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий