Бала тәрбиесі – игілікті іс

Әрбір мемлекеттің болашағы отбасы мен мектебінде шыңдалады. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар-бүгінгі мектеп  оқушылары. «Ұлт болашағы – білімді ұрпақ қолында», – дегендей, бүгінгі жас-ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті екендігін меңзейді. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.

sVµ^

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың»,-деп бекер айтылмаған. Сондықтан, баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік сияқты құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқаратыны белгілі. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға- ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші-ата-ана және қоғам.

Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді және мектеп ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал, сол жастар «рухани» байлықпен  қалыптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.

Бала тәрбиесінде – отбасы ең үлкен, мықты тәрбие ошағы. Қазақ халқы әуелден-ақ бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, оны ата-ананың борышы санаған. Өйткені, бала-болашақ иесі. Баланың адамдық қасиеттері мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы өзі туған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасына байланысты. Себебі, ата-ана-басты ұстаз. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі-алдымен ананың ақ сүті мен абзал тәрбиесінің жемісі.

Байырғы бабаларымыз «Тәрбие – құнды байлық» десе, түркімендер бұл ойды былай айтқан: «Бала – қазына, тағы үлкен қазынасы – оның тәрбиесі». «Әрбір баланың мінез құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады», – деп Павлов айтпақшы, баланың мінез-құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін саналы азамат болып қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады.

Бала тәрбиесі жөнінде Абай: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады», – деп, осы үшеуінен баланың болашағы шешілетінін ескерткен. Баланың бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынасы, мәдениеттілігі жанұядан алынады. Сондықтан жанұя-бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Меруерт Сериккалиевна БЕРИКБАЕВА,
Binom School «Тұран» мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий