Педагогикалық шеберліктің шыңына жетудің жолдары

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагогикалық шеберлік негізі неде? Бүгінгі заманның кәсіби маманы қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты білімді, жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, білім алушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен немесе кез-келген ортада ынтымақтастық орнатуға икемді тұлға болуы тиіс.

Бәсекеге қабілетті қоғамдағы педагогтің моделі де осындай – шәкірттерін білімділік, іскерлік дағдылары өскелең, өмір талабына сай тәрбиелейтін, өз бетінше жоспарлап, шешім қабылдай білетін өмірлік көзқарасы, құндылық қасиеттері бар шығармашыл жеке тұлға. Ал міндетіміз – жеке тұлғаның өзіндік көзқарасын қалыптастыру және оны қорғай білуге үйрету, білім алушыларға  тілді меңгерте отырып, белсенділіктерін арттыру, ақыл-ой, танымдық қабілеттерін дамыту.

Педагогтің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады: бірінші жағы, баланы қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші жағы, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу. Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады: қызметтік (мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі), мазмұндық (әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу), басқарушылық (талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу).

Педагогикалық техника – педагогтің өзін-өзі басқара алу іскерлігі (жест, мимика, пантомимика, поза) өзара әрекеттесу іскерлігі (педагогикалық қарым-қатынас орната алуы, кері байланысқа түсе алуы). Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.

Педагогикалық шеберлік: педагогикалық қабілеттер, педагогтік іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық, педагогикалық әдептілік, кәсіби білім, педагогикалық техника, өз сезімін  (эмоциясын) басқару. Педагогикалық қабілеттіліктерде жеке тұлғаның коммуникативтік қасиеттері жетекші рөл атқарады, ең алдымен, қабылдау саласына қатысты перцептивтік (олардың ішінде – бақылағыштығы) қабілеттілік. Дидактикалық қабілеттіліктер – шәкірттерге оқу материалын түсінікті түрде жеткізе білу, пәнге қызығушылығын арттыру, білім алушылардың өз бетімен белсенді ойын дамыту қабілеттілігі.

Академиялық қабілеттіліктер – белгілі ғылым саласына қабілеттіліктер (математикаға, физикаға, биологияға, әдебиетке және тағы да басқа). Перцептивтік қабілеттіліктершәкірттердің ішкі жан дүниесіне бойлай білетін, оларды нәзік түсіне білумен байланысты психологиялық байқағыштық қабілетті педагог елеусіз белгілері бойынша сыртқы және ішкі жағдайындағы сәл ғана өзгерістерді аңғарып отырады.

Коммуникативтік қабілеттіліктер – шәкірттерге дұрыс қатынас жасауды таба білу ептілігі, олармен педагогикалық тұрғыдан қажетті өзара қарым-қатынасты орнату, педагогикалық тәлімнің болу қабілеттілігі. Ұйымдастырушылық қабілеттіліктер – бұл, біріншіден, білім алушылар ұжымын ұйымдастыра білу қабілеттілігі, негізгі міндеттерді бақылауын қажет етеді. Бедел (авторитарлық) қабілеттіліктер мұғалімнің еріктік сапаларына байланысты (тез тоқтамға келу, ұстамдылық, табандылық, талап қоя білу және тағы да басқа).

Сонымен қатар, шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеу үшін жауапкершілік сезімі, педагогтің сенімділігіне байланысты. Педагогикалық қиял – бұл өз іс-әрекетінің болашақта қалай болатындығын алдын-ала білудегі арнайы қабілеттілігі, шәкірттің жеке басын тәрбиелік тұрғыдан жобалау. Сондықтан педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

Андия Ахбергеновна БЕИСЕНКУЛОВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ  Жамбыл облысы бойынша
кәсіби даму институты филиалының аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий