Қоғамдағы ұстаз мәртебесі

Ең мәртебелі ұстаз кім? – десе, есіме бірден қазақ жерінде бірнеше ме­ктеп ашқан Ыбырай Ал­тынсарин түседі. Сосын осы кісіден тәлім алып, қазіргі қазақ оқулықтарының негізін қалаған алашордалық зиялы қауым, талантты ұстаздар легі түседі. Біздер осыдан жүз жыл бұрын Ахмет Байтұрсынұлы жазып кеткен әдебиет теориясы мен қазақ тілі грамматикасын әлі оқытып келеміз. Ә. Бөкейхан, М. Дулатұ­лы, Ж. Аймауытұлы, Х. Досмұхамедұлы,, М. Жұмабайұлы, С. Сәду­ақасұлы және тағы да басқа көпт­ег­ен зиялы қауым өкілд­ері өзара бөлісіп,​ қазақ тілінде, крил­ица әрпінде, түрлі салада оқулықтар жазып шықты.

Осы кезе­ңде К.Д. Ушинский ба­стаған орыс миссионерлері де, қазаққа өз оқулықтарын тықпалап жатты. Бірақ әр ұл­ттың ұстаздары, әуелі өз ұлтының өркендеуіне шын мүдделі болғандықтан, бұл аудармаларды қазақ зиялыл­ары қабылдамады. Ал бүгінгі күні көптеген ұстаздар, осындай орыс ғалымдарының ең­бектеріне жиі сілтеме жасауда! Бағыма орай, мен физика пәні мұғалімімін. Жаратылыстанудың бір бөлігі, айналадағы заттардың сиқырлы құпиясын зерттейтін ғылым физика! Осы құпиялық – физика ғылымын ерекше беделге ие етеді.

Хош! Тақырыпқа оралайын. Ұстаз мәртебесі ол заманда ең жоғары мәртебе болатын. Ал қазір “м­әртебе” неге “мәселе” айналып кетті..? Ақпараттық ғасырда аб­ыройлы болу үшін, не істеуіміз қажет? Өз ойымды тарата отыра­йын: мұғалім мың жерден дарынды,​ мейірімді,​ алымды, қарымды болғанымен, өз саласының терең білгірі болмаса, ешкім сыйламайды! Терең білім – шексіз ізденісті қажет етеді.​ Бізд­ер күні-түні оқып,​ үйреніп, меңгеріп, дамып, жетіліп отырмасақ, кешегі білім бүгінге жарамай қалады.

Балалар қандай сұрақ қойса да, біз жауап бере алуымыз қажет. Біздің салаға қатысты болмаса да. Сонда ғана оқушы санасында “білімді ұстаз” бейнесін қалыптасты­ра аламыз! Осы шексіз білі­мді оқушыға сан түрлі әрі қызықты жолдармен, ақпараттық технологияның көмегімен, мультимедиалық сабақтар арқылы “санасына құйып отырмасақ” – құрметтен айрыламыз. Баласына біз үйрете алмаған білімді, ата-ана ақша төлеп өзге жақтан ала бастайды.

Ал біз – мұғалім атын жамылған жәй бір жетекшіге айналамыз! Ғаламторда ақылды репетиторлар толып жатыр.​ Кез-келгені бізді он орап кетуі мүмкін. Ешқашан балаға ақылы түрде қосымша сабақ өтуге болмайды!​ Неге? Өйткені осы сабақты балаға жан-жақты түсіндіру үш­ін, бізге үкімет айлық төлеп отыр. Үкіметтің айлығын алып, балаға жүз түсіндіре алмай, қосымша ата-ананың қалтасын қағып, өтірік жоғары баға қою – қылмыс!

​Тегін үйрете алмаған адамға, ақы төлеп оқытп­ау қажет. Білімі таяз ұстаз, ақша алғаннан білімді болып кет­пейді. Кейде тіпті одан да сорақы жағдайлар болып жатады.​ Ресейде бір оқушы математика сабағынан үнемі екі немесе үш алады. Тіпті оқушы сабаққа барғысы келме­йтін жағдайға жетеді. Анасы атақты бір математикке өтініш жа­сап, ұлын ақылы түрде оқытуға көндіреді. Әлгі мұғалім балан­ың дәптерін көріп, құлап қала жаздайды.​ Бала – гений болып шығады.​

Ол есепті ерекше ғылыми тәсілмен, түрлі жолдармен шығарған. Ал мектеп бағдарламасына қатып қалған ұстазы, өмірде қосымша математикалық әдістер болатынын білмеген! Баласының өте ақылды екенін айтқанда,​ ​ анасы мүлдем сенбейді. Бірақ ақылды репетитор дәлелдеп шығады.​ Үй тапсырмасын мұғалімі көрсеткендей орындатып,​ қосымша ғылыми олимпиадаларға оқушыны дайындай береді. Нәтижесінде қазір ол оқушы атақты ғалым!

Сол себепті де, бізге ең алдым­ен терең әрі жан-жақ­ты білім қажет! Оқушы ешқашан бір айтқанда түсінбейді.​ Кемі үш рет қайталау қажет.​ Онлайн сабақ болса, әр сабақты бес рет қайтал­ап тыңдауға дағдылансын! Сонда жақсы түсінеді. Ары қарай тап­сырмаларды орындау барысында,​ тіпті те­рең ұғып алады. Шектен тыс қатал, не болмаса шектен тыс бос болуға болм­айды. Оқушыларды бөліп-жармай, теңдей жақсы көріп, өз баламыздай жанашырлық танытуға тиіспіз!

Біз әр оқушының болашақтағы тағдыр жолына, мамандық таңдауына,​ тіпті әріптесіміз болуына әсер ете аламыз! Олар бізге еліктейді.​ Киім киіс, жүріс-тұрыс, сөйлеу-тыңдау, сыйлау-құрметтеу тағы да басқа барлық іс-әрек­еттерімізді олар автоматты түрде қайталайды. Сырт бейнемізге назар аударайық! Егер баланы ішт­ей ұнатпай тұрсақ, ол сезіп қояды.​ Әр бала – махаббатқа лайық! Ешкімді жек көруге болмайды.​

Әсір­есе бұзық, тентек оқушыларды. Олар бізді қатты құрметтейтінд­ей қарым-қатынас жас­ауымыз қажет. Біз​ – психолог болуға ти­іспіз.​ Әр баланың жүрегінен орын алуға ұмтылайық! Бірақ жағымпаздануға болмайд­ы. Оқушы – мені не себепті жақсы көруі керек?​ Осы сұраққа үнемі жауап іздеп жүрсек,​ міндетті түрде табамыз. Ал оқушылары жақсы көретін ұстаз​ -​ ең мәрт­ебелі ұстаз! Күн сайын​ You tube желісінен өз пәніме байланысты бейне жазбаларды кемі жарты сағат көруге уақыт бөл­емін.

Ғаламторда ағылшын тілінде әр салаға байланысты құнды ақпараттар өте кө­п. Орыс тілінде одан әлдеқайда аз. Қазақ тілі­нде мүлдем аз. Тіпті жоқ деуге болады. Кениялық мұғалім Питер Табичи “Varkey Foundation” қорының 1000 000$ сыйақысын иемденген үздік ұстаз.​ Ол Африканың ең лас қаласында (сыныбында 58 оқушыға дейін бар) білім берген. Сайтқа кіре алмайтын жалғыз компьютер және желі онша ұстамайтын бір ұялы телефонмен-ақ, ол ең тәртіпсіз балаларды халықаралық ғылыми олимпиадаларға дайындаған.

Бар жала­қысына мектепке түрлі жабдықтар алып “таланттылар клубын” құрған. Осы клубтың оқушыларына көптеген жаңалықтар жасап көруге көмектескен! Нәтижесінде қазір оны дүниежүзі таниды. Ол үшін “мұғалім”- сөзі мамандық емес, мәртебе! Әлемнің ең озық ұстаздары – балалармен баланың өз тілінде сөйлесе жүріп, үл­кен жетістікке​ жетіп үлгерді. Бірі математикалық терминдер мен сандарды рэп стильінде айтып сабақ өтсе, тағы бірі физика сабағында моторлы велик жасап шығарды. Сабақта рэп-дэнспен үзіліс жасап, небір фокус көрсететін ұстаздар да​ бар.

Осы әріптестеріме қарап,  әр сабақта кем дегенде екі-үш шағын эксперимент көрсетіп отыруға тырысамын. You tube каналында Игорь Блецкийдің таңғажайып физикалық ойындары бар. Балалар емес, үлкендердің өзін жұмыстан қалдырады.  Құр сөзбен теорияны оқыта беру – балаларға қиянат жасау. Әр бала болашақта нанотехнолог, түрлі жаңалықтар ашатын ғалым болуы үшін, физика пәнінің маңызы зор.

Қарапайым спиннердің өзін, тоқтамай айналып тұратындай жасауға болады.  Я болмаса ауада 1 минут айналып тұратын шеңбер. Қағаздан майыспайтын тұтқыш, шырпыға ілінген ауыр заттар. Шарды ортасынан қиып, кішірек ыдысқа керіп кигізіп, ауыр темір шарикке секіретін батут жасап беруге болады. Мұндай ойындарға балалар қатты қызығып қарайды. Жалпақ магнитті темір трубаның сыртынан айналдырып жіберсек, ұзақ уақыт шыр көбелек айналып тұрады.

Осы іспеттес мысалдарды тізе берсем, бәленбай том кітапқа жүк болады. Кейде өзімді ұстаз емес, фокусник секілді сезінемін. Өйткені балалар мені үнемі қызық фокус көрсете­тін мұғалім – деп қабылдайды. Ал мен сол фокустардың формуласын, оқушыларға жаттатуға тырысамын! Өткен сабақтағы формула мен теорияны түгел айтқызбай, жаңа фокус көрсетпеймін! Осы мінезімді білген оқушыларым, үй тапсырмасын тұтас жаттап келеді.

“Егер жақсы оқысаңдар, келесі жолы бұдан да қызық ойындар мен тәжірибелер көрсетемін” – деп, ынталандырып отырамын.  Балалар тамсанып қалады…! Ал мен уәдемде тұруға тырысамын. Балалар алдағанды кеш­ірмей­ді. “Уәде берме, берсең – орында!” -деген қағиданы ұстанамын! Оқушыларға “физика” пәнін таңдауға жиі кеңес беремін. Қазір әлем бойынша физиктер жетіспейді.

Осы мамандықты оқығандар ғарыш айлағында, ядролық полигонда, инженерия, ІТ саласы, электр энергиясы саласында, тіпті қаржы бөлімінде де жұмыс істей алады. Елімізде көптеген физика мұғалімдері, керемет дарынды оқушыларды дайындап та жатыр. Ең бастысы өз мамандығымызды сүйіп істесек, біз мыңдаған ғалымдар даярлап шығара аламыз!

Сагила Абдуллаевна ЖУМАГУЛОВА,
№178 мамандандырылған лицейдің
физика пәні мұғалімі, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий