Кадастр мамандығы жаңа технологиялар кезеңінде қаншалықты маңызды…

Жер қойнауында адамның тіршілік әрекетіне қажетті байлықтың аса маңызды қоры жинақталған. Қазақстан Республикасы жер ресурстарын қорғауға, жердің құнарлығын көтеруге және нысаналы мақсатына байланысты пайдалануына көп көңіл бөледі. Жер кодексінде жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін мемлекеттік жер кадастры жүргізіледі деп көрсетілген. Кадастр бір жүйеде жүргізіледі.

Жер кадастрын енгізу, құжаттардың формасы мен мазмұны, кадастрлық мәліметтерді жаңарту және оны бекітуді Қазақстан Республикасы Үкіметі жүзеге асырады. Мемлекеттік жер кадастры, Қазақстан Республикасы жерлерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, орналасқан орны, нысаналы пайдалануы, ауданы мен шекарасы, сапалық жағдайы, жер пайдалануды есепке алу мен жер учаскелерін бағалау туралы және тағы да басқа мәліметтерден тұрады.

Мемлекеттік жер кадастры мәліметтері жер пайдалануды жобалау мен қорғауда, жерге орналастыру және жермен байланысты жұмыстар жүргізілгенде, жер учаскесіне төленетін төлемдерді анықтау кезінде негіз болып табылады. Кадастр дегеніміз не? Кадастр мамандығы қазіргі кезде қаншалықты маңызды. «Кадастр» сөзі латынның «саріtastrum» деген сөзінен шыққан. Бұл сөз «салық салынатын заттардың тізімі» дегенұғым береді.

Осыған байланысты әуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты (реестр) айтатын. Есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және басқа кадастрлері деп бөлінді. Сонымен жақты түсінікте жер кадастрі – жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте – жерге салық салу үшін туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әректтер жүйесі.

Кадастрлердің басқа түрлерінен жер кадастрі өзінің объектісімен (жер – өндіріс құралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшелінеді. Жер кадастрі әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың көлемдері, құрамы және сапасы анықталады. Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс-тарихи және экономикалық қасиеттері анықталып жазылады.

Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құндылығы және пайдалылығы анықталады. Жер кадастрі салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдің құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол аркылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.

Жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы. Қазақстанда жер мемлекеттің меншігіндегі болғандықтан, оған барлық жер қорының табиғи, қүқықтық, шаруашылық жайы туралы мәліметтер қажет. Экономикалық тұрғыда жерді өндірістің ең басты құралы ретінде есепке алу, бағалау туындайды. Мемлекеттің даму жоспарларын, бағдарламаларын, болжамдарын ғылыми негіздеп құру үшін оның материалдық мүмкіндіктерін білу керек.

Осы жағдай адам, материалдық, табиғилық қорларын/соның ішінде әсіресе, жердің маңызы зор/есепке алу қажеттілігін есептейді. Кадастрде әр жер учаскесі үшін физикалық сипаттамалары келтіріледі. Олар учаскені кеңістікте бөліп көрсетеді, оның орнын, мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік береді. Жер учаскелері туралы мәліметтер жер кадастрлік карталарда да келтіріледі,оның кадастрлік нөмірі, орны, шекарасы, жазулары айқындалады.

Мәліметтер тиісті әкімшілік аудан деңгейінде жинақталады. Онда учаскенің кадастрлік нөмірі, жеке немесе заңды тұлға /жер учаскенің құқықтық субъектісі/ аты, атқарушы органдардың хаттамалары, орны, мөлшері, бағалық құны, нысаналы арналуы, бөліну, бөлінбеуі, сервитут, пайдалану жөнінде шектеу туралы мәліметтер көрсетіліп, сақталынады. Бұл мәліметтер меншіктеу түрлері, жер санаттары аудандар, облыстар, қалалар, республика бойынша жүйелендіріледі.

Гүлбану Іздібайқызы ЕСБОЛАЙ,
Yessenov University аға оқытушысы, магистр,
Маңғыстау облысының Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий