Кәсіпкерлік қолөнерден басталады

Дүниежүзілік бәсекеге түскен белсенді қоғамымыз ұрпағының енжар, жалқау, немқұрайлы болғанын қаламайды. Қазіргі кездің талабы жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім және өз ойын дұрыс жеткізе білетін, жауапкершілігі мол, іскерлікке бейімделген, ынтымақты, ақылды, өнерлі тұлға қалыптастыру. Ал, бұл істің үрдісіне қалай жетуге  болады? Бүгінгі мұғалім жылына бір-екі  рет беретін ашық сабақтармен ғана шектелмей, кез-келген дәрісте оқушының шығармашылық жұмыс істеуіне ықпал етуі қажет.

Қандай ортада болсын баланың тіл табысып кетуіне,өзіндік көзқарасы қалыптасқан заманауи шәкірт дайындау  арқылы ғана  алға жылжи алатынымыз анық. Әрине, бала жүрегінің пернесін дәл табу оңай емес. Сондықтан мұғалім сабақтағы тәрбиелі сөзімен, үнемі іс-қимылымен, шеберлігімен бала жүрегіне әсер ететін жол табы керек. «Қадірлі ұстаз» болу үшін мұғалім үнемі жаңашыл, шығармашылық ізденісте жүруі тиесілі. .Жақсы ұстаз өзі біліп қана қоймай, сонымен қатар оқушының бойындағы қабілетін дәл тауып, оның талантын ашуға ұйтқы бола біледі.

Яғни, «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші әр баланың пернесін шатаспай тауып, дәл басуға тырысу керек. Мұғалім мамандығының  құдіреттілігінің өзі осында емес пе?!.. Мен «мұғалім – үнемі оқып, ізденгенде ғана мұғалім, ізденуді тоқтатқан күні мұғалім болудан да қалатындығы» туралы қанатты сөзді қасымдағы әріптестеріме естен шығармау керек екенін жиі айтып қоямын. Біздің білім ордасындағы көркем еңбек пәні мұғалімдері оқушылырдың шығармашылықпен айналысуына ұйтқы болып, ұлттық қолөнерді дамыту және ұлттық кәсіптің философиялық мәнін түсіндіру мақсатында мектеп дәлізінің оң жақ қанатында «Кәсіпкерлік қолөнерден басталады» тақырыбында үлкен көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде ер балалардың қолымен жасалынған: оригами (танк, ұшақ, тікұшақ, биші роботтар) 5 сыныптар, тақтайға күйдіріп жануарлардың суретін салу (6 сынып), ағаштан кәдесый «домбыра» жасау (8 сыныптар), ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасау (білезік, сақиналар) 8 және 9 сыныптар жасаған шығармашылық жұмыстар тамашаланды. Қыз балалардың қолымен жасалынған: оригами (аққу түрлерін жасау), моншақтан тоқылған сирень, дала гүлдері (5 сыныптар), алжапқыш, ілмек бізбен тоқылған «Амигуруми» жұмсақ ойыншықтары мен салфеткалар, шалмалар, сөмкелер (6 сыныптар), текемет және текеметке салынатын оюлар (7 сыныптар), ұлттық бас киімдер, үкілі сәукеле,  ұлттық ши тоқу өнері (8 сыныптар), станокпен заманауи салфеткалар тоқу, ұлттық құрақ құрау (9 сыныптар) шығармашылық жұмыстары көрерменнің көңілінен шықты.

Көрмеде жетекшісі көркем еңбек пәні мұғалімі Гүлмира Арынбекованың басшылығымен 5-сынып оқушылары жасаған биші роботтары, 7-сынып қыздарының талғаммен тігілген ұлттық текеметі мен ұлттық текемет оюлары, ұлттық сақина білезіктер (әртүрлі материалдан) ерекше көзге түсті. Баланың ұшқыр қиялы, бала қолымен жасаған қолөнер бұйымдары өзінше бір тылысым күш-қуат тілінде сөйлегендей болды.

Дәлізде өтіп бара жатқан адам еріксіз  оқушылар көрмесіне  мойнын бұрып, сондай шынайы  көңілмен жасаған қолөнер бұйымдарынан  ерекше күйге бөленгенін  күлімдеген көздері мен ілтипатты сөздерімен білдірді. «Биылғы көрме ерекше» болыпты деген ойлар да айтылып жатты. Иә, биылғы көрменің өзгеше болатын жөні бар. Себебі, ер балалар мен қыз балалардың сабақ өтетін кабинеттері барлық құрал-жабдықтармен, заманауи білдектер (станоктар) мен тігін машиналары, ас бөлмесіне арналған ыдыс-аяқтар мен заманауи техникалармен қамтамасыз етілді.

Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасалынды. Балалар шығармашылығынан бөлінген  шынайы да пәк қуат кез-келген адамның жанын рахатқа бөлеп, емдейтіні сезілді. Жетекшісі педагог-зерттеуші Имангазина Айдаржан Мұратхановнаның 8 «В» оқушысы Бикмуханова Анардың тіккен үкілі сәукелесі ,ою салып тоқыған ши өнері мектепішілік көрмеден  «үздік» деп таңдалынып, Әуезов адандық байқауына жіберілді.

Ауданнан бірінші орын алған Анар, қаладан 2-ші орынды еш талассыз қанжығасына байлады. Бұл жетістік оқушыны қолөнерге деген сүйіпеншілігіне жетелеп, шабытын одан әрі дамыта түсті десем артық айтқандық болмас. Оқу бағдарламасының аясындағы  сәндік қолданбалы, тоқыма тоқу өнері, матамен жұмыс, тігін машинасымен жұмыс, ши тоқу өнері, салфетка тоқу, ағашпен жұмыс, металл және қағазбен жұмыс бөлімдері түгел қамтылды. Оқушы ер балалар ағашты сүргілеу, білдекпен тесу, білдекпен жону, білдекпен айналдыра жону және кесу әдістерін меңгерді.

Жұқа тақтайдан қыл арамен кесу әдісін үйренді. Осы жұмыстар арқылы педагог –зерттеуші  көркем еңбек пәнінің мұғалімі (30 жыл педагогикалық өтілі бар) Амангелді Ауелбеков оқушылардың көркем еңбек пәніне қызығушылығының жоғары екенін байқады. Атап айтсақ, төменгі сыныптар Абдуллаев Мақди, Ереймен Сырым, Дінәш Рахым, Шайх Асылбек, Батырбек Бекжан әсіресе жоғарғы  сыныбының ер балалары өте ынталы, тапсырманы мұхият орындаумен өздерін көрсете білді.

Мектеп дәлізінде ұйымдастырылған көрме мектепке келген ата-аналарға, қонақтарға оқушыларға, мұғалімдерге жақсы көңіл күй сыйлады. Тіпті, оқушылар «мынау менің жасаған жұмысым!», – деп мақтанышпен құрбыларына көрсетіп жатты. Ер балалар алғашқы кездерде әртүрлі білдекпен (станок) жұмыс жасағанда сескеніп, қолдары дірілдеп әлсіздік танытқаны анық. Содан соң оқушылардың бойынан өзіне деген сенімсіздік сейіліп, кейіннен нағыз «жігітпіз» деген сенімдер пайда болды, – дейді Амангелді ағай.

Көрме ұйымдастыру ол – бала тәрбиесінде елеулі орыны бар тәрбие түрі. Бала өз жасаған жұмысынан ләззат алады және шығармашылық ізденісте болады. Еңбекке деген сүйіспеншілік  артады. Баланың ойы ұшқырланыып,қиял кемесімен ұшады. Сөйтіп, тағы бір шығармашылық туынды өмірге келеді. Шын өнерді сүйіп, шығармашылықпен айналысамын деген адамға тапшылық та, дағдарыс та әсер етпейтініне көзім жетті. Адам мақсатына  жету үшін қандайда бір қиыншылқты бастан кешірсе де, нәтижеге жетері сөзсіз.

Қыздың шолпысының сыңғыры – әдептілікті, жігіттің берен белдігі-ер жігіттіктің, батылдықтың, үкілі сәукеле – пәктіктің, кимешек – кемелдіктің және тағы да басқа ұлттық дәстүрдің белгілері – ұлттық  тәрбие философияның тереңдігі мен тектілікті осы көркем еңбек сабағында өздері қолмен жасау арқылы сезінеді. «Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер», – демекші  жеті атадан берілетін дәстүрлі  ұлттық өнер мен кәсібімізді жаңа заманның иновациялық техникаларын  пайдалана отырып, бүгінгі оқушыларға жеткізе білу мына біздің міндетіміз деп білемін.

Айдаржан Мұратхановна ИМАНГАЗИНА,
А.Байтурсынов атындағы №139 мектеп
гимназияның көркем еңбек пәні мұғалімі,
педагог-зерттеуші, Алматы қаласы, Әуезов ауданы                    

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий