Жаңартылған білім бағдарламасының мәні мен маңызы

Тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық білім беру жүйесінде 2017-2018 оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын  арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастағаны белгілі.

Салалық министрлік тарапынан белгілі мерзімге сай арнайы дайындалып, ел Үкіметінің қауылысымен бекітілген құқықтық құжатта жаңа бағдарламаның басты мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйретуді, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізуді, инновациялық білім негіздерін терең меңгертуді көздейтіндігімен де құнды. Ғылым мен технология қарқынды ілгерілеген осы заманында білім беру саласының шапшаңдығы да жоғары.

«Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі», – деп дана бабаларымыз айтқандай, азаттық алған жұртымыздың кемел келешегіне қалтқысыз қызмет жасайтын бәсекеге қабілетті жас буын ұрпақты уақытүдерісіне сай жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, педагогтер қауымына артылар жүктің де салмағы бұрынғыдан ауырлай түсентіндігі даусыз.

Білімгерлердің бойына жылдам өзгерістерге толы дүбірлі дәуірде өмірдің барлық салаларында табысты болуға жетелейтін қажетті дағдыларды дарыту барысында барлық пән мұғалімдері тынымсыз еңбектенумен қатар үздіксіз ізденуі қажет. Сондықтан жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек таңдаған мамандығына адал әрі жоғары білімі мен кәсіби біліктілігін ұдайы жетілдіре алатын қарымы мен қабілеті биік, ұлтжанды ұстаздар биік белестерді бағындыра алады.

«Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса», – деген екен алаш арыстарының бірі де бірегейі Ахмет Байтұрсынов. Демек тәлімгер тәжірибе жинақтап, шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында қол жеткізген жестіктерімен бір орында тоқтап қалмай үнемі алға ұмтылса ғана шәкірттерін шыңға шығара алады.

Әлем жұртшылығына білім мен ғылым саласындағы табыстарымен танылуы тиіс дамыған рухани бай және интеллектуалды тұлғалардың шоғыры менмұндалауы қажет. «Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», – деген данышпан ғұлама әл-Фарабидің парасатты пайымына жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.

Озық елдердің үздік тәжірибелерін жан-жақты сараптаудың нәтижесінде мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — өскелең жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беру бағытындағы қоғам сұранысын жалпы алғанда қанағаттандыратындығымен олқылықтардың орнын толтырып, кемшіліктерін түзету үшін тың өзгерістер мен жаңа толықтырулар қажеттілігі жөніндегі ұсыныстардың зерделене бастағанын білеміз.

Бұл бағалы бастамалардың бірегей бағдарламаны ұлттық мазмұнға сай барынша байытуға ықпал етері анық әрине. Айталық биология пәні өсімдіктер әлемі туралы түсінік бе­ріп, оқушының экологиялық мәдениетін қалып­тастыратын болса, математикадағы сандық ұғымдар жүйесі жайлы білім баланың есептеу мәдениетін дамытады. Сол сияқты қазақ тілі пәні де ана тіліміздегі ғасырлар бойы қалыптасқан сөйлеу амалдары мен заңдылықтарын таныта келе, жас ұрпақтың тіл туралы лингвистикалық дүниетанымын қалыптастырып, сауатты сөйлеу дағдыларын жетілдіруі тиіс.

Шын мәнінде, мектептегі «Қазақ тілі» оқулығының басты миссиясы – лингвистикадан жүйелі білім беру. Бұл дегеніңіз – жаңартылған білім беру маз­­мұнын жоққа шығару емес, аталған бағ­­дар­­ламаның ұтымды тұстары өте көп. Мәселе – лингвистикалық білім­ді таным­дық біліммен үйлестіре білу­де. Инновация, жаңа­шылдықтың бәрі – өткенге топырақ шашу емес. Қа­зіргі заманға керегі – жаңар­тылған білім мазмұны, инновация, дәстүрлі клас­сикалық білім үштігінің синтезі.

Ал­дыңғы екеуі соңғыны жойып жібереді деген сөз емес. Лингвистикалық білім «Қазақ тілі» оқулығының негізі болуы тиіс. Ал жаңартылған білім беру – жоқтан жара­тылған дүние емес, дәстүрлі оқыту мазмұнына енген тамаша бастама. Осы ерекшеліктер ұтымды үйлестірілуі қажеттілігін түрлі мінберде айтып жүрген зерттеуші ғалымдар мен жанашыр әріптестердің көзқарасын пән мұғалімі ретінде дұрыстығын құптайтындықтан алдағы уақытта кейбір оқулықтардағы түйінді түйткілдердің алдағы уақытта оңтайлы шешімін табатындығына сенім мол.  

Нурсылу Жумаковна ТОЛЕШОВА,
№ 44 мектеп-гимназияның қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Алматы қаласының Түрксіб ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий