Басқару мәдениетінің оқу жағдайындағы келбеті

Қазіргі кезеңде  елімізде  Қазақстандық білім беру жүйесі  әлемдік  білім беру кеңістігіне  енуге бағыт алуда. Бұл білім саласында  оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі  өзгерістерге байланысты  болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Мектеп – оқушылармен олардың ата-аналарымен ұстаздар қауымдастықпен білім үрдісінде жеке оқушының тұлғасын жоғары өнегелілік іс-әрекет мақсатында қалыптастыратын орын әрі білім әлемі.

Алтын ұядан қанат қомдап ұшқан әрбір шәкірттердің кейінгі жолына да зер саламын. Сол оқушыларымның, ата-ананың, білім беріп жатқан ұстаздардың да ойы мен үшін аса маңызды. Әр ұстаздың алдына қойған мақсаты білім сапасын арттырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін, танымдық қабілетін дамытып, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға ынталандыру. Бүгінде игі істің бастамаларын мұғалімдер еңсеріп, әрі қарай жұмыс жасауда.

Мектептің даму жоспары, даму желісі білім берудің өзгерісімен анықталады. Мектеп дамуындағы мәселелер, білім нәтижесіне қол жеткізудегі басты көрсеткіштер, мұғалімнің іс-әрекетінің мазмұнын, оқушылардың шығармашылық дербестігімен көрініс табады. Мектептің дамуы нақты шынайылығы мектеп дамуының, оның рухани жетілуіне мәні терең, тәрбиелік, білімділік құндылығы ретінде танылуының маңызы зор. Мектептің даму жоспары сүлбесінің (моделі)  жүзеге асырылуын қадағалау, бағалау, кері байланыс, қадамдар жасау оқушылардың оқу жетістіктерін жетілдіруге ғана бағытталмай, бұл мектеп тәжірибесіне бағдарлама идеяларын енгізу арқылы оқыту және оқу тәжірибесін өзгертуге, жетілдіруге өзінің зор ықпалын тигізеді.

Білімдегі түбегейлі өзгерістер әрқайсымыздың белсенділігімізді арттырып, ой-өрісімізді, санадағы өрлеуге жол ашып отыр  Мектепте қашықтан оқыту  бастамасы жалпы оңды болды деген ойдамын. Мектепті басқару сүлбесі бұл  осы үрдіске мүмкіндігінше көп қатысушыларды тартуды көздейді. Олардың ішіне алдымен кіретіндер – тәжірибе жүргізуші мұғалім, сынып жетекшісі, оқушылар, ата – аналар, әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, мектеп директоры, директордың орынбасарлары, инновациялық басқарудың І және ІІ деңгейіндегі топтар, оқу-тәрбие үдерісін іске асырушылар.

Кестеде көрсетілгендей  әрбір  қатысушының міндеттері белгіленіп қойылған. Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі тәжірибе жасаушы мұғалімдерге консультативтік жәрдем жасайды, тәжірибе жасаушы мұғалімдердің – шығармашылық топтың жұмысын ұйымдастырады. Оқу материалының  мазмұнын игеруді зерттеу мақсатында бақылау тапсырмаларын жүргізіп, талдайды. Мектеп директоры жаңаша бағыттағы жұмыстардың барысында  жалпы басшылық жасайды. Мектептің өмірі қоғамның күнделікті өмірімен, өзгерісімен бірге қадам басады.

Қазіргі кезде әрбір қоғам өркениеттілік жолына түсіп, жоғары өркениетті қоғам болу бағытында дамып отырғаны баршамызға мәлім.  Біріншісі: педагогикалық практиканың екі сатыда тұруы. Бірінші сатысына инновациялық басқарудың І деңгейі педагогикалық  жүйелер жасау ісі жатса, ал инновациялық басқарудың екінші сатысына осы педагогикалық  жүйелер негізінде педагогикалық істің атқарылуы жатады. Педагогикалық істің екі түрі белгілі: біріншісі, білім беру ісі болса, екіншісі, білім  тексеру ісі болмақ.

Білім беру ісі үш тұрғыдан қарастырылады: білім алушы, мұғалім, білім ошағы. Мұғалім тарапынан алғанда педагогикалық мақсат оқушының пәндік оқу мақсатына жетуіне көмектесу, ал педагогикалық міндеті соған барлық жағдай жасау болып табылады. Білім оқушы  мен мұғалімнің  өзара бірлескен іс-әрекетінің  нәтижесінде қол жеткен білім, білік және  дағдының,  ойлау тәсілдерінің және тіршілікке қажетті дағдылардың жүйесі ретінде жүзеге асыру дәрежесі  қоғамның қазіргі даму кезеңінің жоғары талаптарына  сәйкес келетін  нәтиже жетістігін яғни оқыту өнімдері қамтамасыз етуді көздейді.

Білім беру жүйесінің мұндай қызметін қамтамасыз ету  білімнің нақты,  жүзеге асатындай сапасының берілген бағдардан ауытқуына, білім беру нәтижесіне қойылатын талаптардың өзгеруіне әсерінің алдын алу мүмкін болатындай жоспарланған білім беру деңгейіне жету үшін жағдай жасауға бағытталған. Шәкірттердің алған білімдерінің тұлғалық дамуының және қазіргі жағдайда  өмір сүруге дайындығының дәрежесін бейнелейтін,  ғылыми негізделіп ұсынылған, білім алу жағынан жетістіктерге жету жолдарының жүйесі  технология ұғымының құраушылары болып табылатын оқытудың және  тәрбиелеудің алгоритмдері, әдіс-тәсілдері білім сапасының  қажетті деңгейіне жетуге кепілдік береді.

Адамзат баласының сана-сезімінің өсіп өркендеуіне білімнің ықпалының зор екендігі де тарихи шындық.Бұл тұрғыда халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатов: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Әр ұжым ортақ мүдде үшін жанын салады,уақытпен санаспайды, ізденіс жасайды. Мен үшін ұжымның мүддесі аса ерекше.

Біз, бәріміз ұлттық мүддеге жұмыс жасаймыз. Жұмыс нәтижелі, мектеп өміріне түрліше өзгеріс енгізіліп, өнегелі ортаға айналған сапалы білім беретін табысты мектеп жасау қазіргі таңдағы ұжымның басты қағидасына айналды. Білім берудің қай сатысында  болмасын оның негізгі көрсеткіші-оның сапасы. Басқарушылық мәдениетті бағалау үшін келесі өлшемшарттар таңдап алынды: басқарушылық мәдениеттің рефлексивті компонентінің қалыптасу сапасын бағалау: әдісі-сауалнама жүргізу; педагогикалық ұжымды басқаруының стилі.

Жетекшіге оның қол астындағылардың көзқарасы: әдісі-сауалнама жүргізу; білім беру мекемесіндегі психологиялық ахуал. Білім беру мекемесінің басқару мәдениетін қалыптастыруға байланысты жұмыс практикасында сондай-ақ, жеке «ілестіріп жүру» жүйесі қолданылады. Басқару мәдениетін қалыптастырудың дифференциалды тәсілін ұйымдастырудың ерекшеліктері кестеде көрсетілген. 1-ші кесте.                                            

Еңбек өтілі

Басқарудағы мұғалімдердің кәсіби қызметінің сипаттамасы:

 

Психологиялық демеу

 

Басқару мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс түрлері

1-5 жыл

Оқу орнын тамамдаған түлектің білім беру мекемесіндегі жұмыс жағдайларына ыңғайлануы.

Көп білсе де, қолынан келері аз. Өзіне, өз мүмкіндіктеріне басым назар аударады.

«отбасы», «жақын адамдар» және «достар» сияқты құндылықтарға бағытталған;

(Бейімделу)

Әсер ету үшін тәртіпке шақыру тәсілдерін қолданады.

Негізгі міндеттері:

Үйренісу үрдісінде көңілі қалу мен жанжалдардың алдын алу;

Жетекшіні эмоциялық қолдау, өз-өзіне сенімін нығайту;

Ең тиімді әдістер:

Білім беру мекемелері жағдайындағы кәсіби жұмыста кездесетін қиындықтарды анықтау мен талдау;

Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас туралы бейнетренингтер;

Басқарушылық мәдениетті қалыпастыруға бағытталған жұмыс түрлері; 

Тәжірибелері көбірек ұстаздардың жұмысын қарап шығу және талдау;

Жеке және топтық консультациялар;

Жаттығу карталары;

Сауалнама жүргізу мен оның қортындысын талқылау.

 

6-10 жыл

Мұғалімнің кәсіби жұмысын тұрақтандыру, кәсіби ұстанымын қалыптастыру;

мектеп ұстаздарының қашықтықтан оқытудағы әдістері мен тәсілдер жиынтығын жетілдіреді;

 Өмірде кәсіби іс-әрекеттің маңыздылығы артады.

 

Негізгі міндеттері:

Басшыға өзінің ресурстарын (позитивті мүмкіндіктерін) және шектеулерін ой елегінен өткізуге көмектесу;

Кәсіби шеберлікті жетілдіру әдістерін анықтап алу;

Ең тиімді әдістер:                            

Өзіндік жетілу бойынша тренинг;

Жеке кеңеспен көмек.

Ашық көрсетілім және өзіндік сараптама;

Семинар-практикумдар;

Жобалау әдісі;

Психологиялық-педагогикалық тренингтер;

Консультациялар;

Әңгімелесулер.

11-15 жыл

Бір нәрсені (жұмыс әдістері, адамдармен қатынас стилі, т.б.) өзгерту және мүмкіндіктерінің қарам-қайшылығынан түсінуден келіп шығатын «педагогикалық дағдарыс»; 

Ұстаздармен сындарлы қарым-қатынас орната білу

• Аз талаптар, қауіптер мен жазалар.

Кәсіби қызметтің стереотипі

Негізгі міндеттері:

• кәсіптік қызметті стереотиптендірудің алдын алу;

Жаңаны қабылдау қабілетін қалыптастыру;

• мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту.

Ең тиімді әдістер:

• рефлексив жаттығулар;

• мұғалімдердің оқу семинарларын ұйымдастыру; шығармашылық жобалау топтарында жұмыс жасау

 

 

Өз тәжірибесін  жалпылау.

Педагогикалық кеңестерде,  отырыстарда баяндама жасау;

Педагогикалық оқуларға қатысу;

Әріптестерге практикалық ұсыныстар жасау;

Кәсіби қауымдастықтардағы жұмыс (Қостанай  облысы, шығармашылық топтар, әдістемелік кеңестер);

Сұхбат.

Мектеп басшылары мен ұстаздарды  серіктес мектептермен, басқа  да білім беру мекемелеріндегі  педагогикалық процесті бақылауға тартылуы

16-20 жыл

 Өмір ортасы» дағдарысы (өмірдің алдын-ала нәтижелері).

• «Шынайы мен» және «мен болғым келетін» арасындағы сәйкессіздік пайда болады.

• Кәсіби шеберліктің аздап төмендеуі немесе керісінше, оның артуы, өз ісіне әуестік күшеюі мүмкін.

 Негізгі міндет:

• өмір ортасындағы дағдарысты жеңілдету.

Ең тиімді әдістер:

• коммуникативтік дайындық;

• мүдделері бойынша бос уақытты өткізудің топтық формалары

Басшыларды басқа оқу орындарындағы педагогикалық процесті бақылау үшін  тарту;

Кәсіби қауымдастықтардағы жұмыс

Сұхбат;

Өз тәжірибесін жалпылау;

Мақалалар, буклеттер дайындау;

Тәлімгерлік

21-25 жыл

 Кәсіби қызметтің «шыңы»: шебер -мұғалім.

• кәсіби маңызды сапалардың жоғары деңгейі. Өзіңізді мамандыққа арнау мүмкіндігі;

Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық;

• Психологпен араласуға дайын болмау

 Негізгі міндет:

• Топтық жұмыста көшбасшының сеніміне ие болу;

Ең тиімді әдістер:

• оқу орнын басқару мәселелері бойынша шебер оқытушының жеке ақыл-кеңестері;

• шеберлік сабақтарын ұйымдастыру

Шеберлік сабақтары;

Өз тәжірибесін тарату;

 Педагогикалық оқуларға қатысу;

Әріптестерге практикалық ұсыныстар жасау;

Кәсіби қауымдастықтардағы жұмыс (Қостанай  облысы, шығармашылық топтар, әдістемелік кеңестер).

25 жылдан астам

«Әлі құру синдромы»: биологиялық және кәсіби қартаю (жаңаға иммунитет, балалармен серіктестік қатынастарды бұзу), психоэмоционалды шектеу

 

 Негізгі міндеттері:

• «Әлі құру синдромын» азайту;

• «лайықты демалысқа» көшуге дайындық.

Ең тиімді әдістер:

• «ардагер» мәртебесін сақтау;

• ұжымның жалпы жиналыстарында шебердің өмірбаянындағы ерекше сәттерге «маңыз беру»

Шебердің әдістемелік банкін дайындау.

Жобалау;

Әңгімелесу

 

 

Шартты түрдегі бұл бөлініс, әр топтың проблемалары мен болашағын анықтауға мүмкіндік береді, білім мекемесі басшыларының басқару мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмысты жоспарлауға көмектеседі.Басшылар арасында басқару мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жұмыс туралы айта отырып, жұмыс тиімділігін бағалау мәселесін қозғамай кетуге болмайды. Олардың қызметінің тиімділігін үш бағытта бағалаймын: бала үшін, ата-ана үшін, мұғалімдер үшін тиімділік.

Біз білім беру ұйымдарының басшылары арасында басқарушылық мәдениеттің тиімділігінің келесі өлшемдерін анықтадым. Балаға тиімділігі: Мектептегі білім беру мен оқыту сапасының оң динамикасы. мектеп оқушыларының денсаулық жағдайындағы теріс динамиканың болмауы. Әр балаға сараланымдық (дифференциалдық) тәсіл.Ата-ана үшін тиімділік: мектеп пен мұғалімдердің қызметіне ата-аналар тарапынан оң баға беру. Ата-аналардың мектепке көмектесуге даяр және ықыласты болуы. Мектептегі жағдай турасында ата-аналардың көбірек хабардар болуы.

Оқытушы үшін тиімділік: ұжымдағы жағымды психологиялық ахуал. Мұғалімдердің шығармашылық пен инновацияға қызығушылығы. Мұғалімнің жеке өзінің іс-әрекетіне қанағаттанушылығы. Біліктілікті жоғарылатудың жақсы ұйымдастырылған жүйесі. Кәсіби қызметтің жоғары деңгейі. Ерекше маңызды жайт- басшының жыл соңында, орынбасарларының жұмысын қорытындылап талдауы, қорытынды нәтижелерге сүйене отырып алға өзекті мақсаттар қоюды және басқаруды соған құруға мүмкіндік береді.

Басқарушылық мониторингтің қорытынды бағасы, мектеп басшысының кәсіби карточкасында көрсетілген басқару мәдениетін жоғарылату нәтижелерін талдау арқылы жүзеге асырылады.Білім беру ұйымдарының басшылары арасында басқару мәдениетін қалыптастыру үдерісін оңтайландыру бойынша жұмысты қорытындылай келе: білім мекемелеріндегі директор және оның орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін арттыру, көшбасшыларды ұжымды тиімді басқару тәсілдеріне үйрету, мұғалімдердің жалпы мәдениетін арттыру, біз таңдалған әдістер мен әдістер дұрыс деп тұжырымдай аламыз.

Жасалған әрбір игі істің бастамасында нәтижеге қол жеткізуде бірқатар кемшіліктердің де орын алатыны мәлім. Кедергілерден кемелденуге ұдайы ұмтылыс өзі қуаныш, үлкен іске бет алғанда еңбектің нәтижелі, жемісті болатыны белгілі. Басшының адамгершілігі біреуге ғана істеген қызметімен емес, қоғамның дамуына қосқан үлесімен өлшенсе, өркениетке жету деген сол. Жетістік-әрекетте, жетілу-мақсат, ізгі мұрат жолында еш аянбау біздің  міндетіміз.

Қымбат  Исланбекқызы БІРМАНОВА,
Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп

гимназияның директоры, педагог-шебер,
білім магистрі, Қостанай облысы, Рудный қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий