QR – код уақыт талабы: Цифрлық жүйені мектеп кітапханасында пайдалану

Кез келген кітапхана жұмысындағы басты міндет – оқырмандарды кітапханаға тарту және баспа туындылары туралы ақпарат беру және насихаттау. Ал сандық білім беру ресурстарының элементтерін кітапхана тәжірибесінде пайдалану – кітаппен, оқырмандармен жұмыс істеудің дәстүрлі әдістерін байытады және түрлендіреді. Толықтырады, бірақ алмастырмайды,  кітапхана қызметінің негізгі міндетін шешуге және тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Жаңа және тез өзгеріп отыратын мобильді технологиялардан қалмай қатар жүру, сондай-ақ инновациялық технологиялар ретінде кітаптарды насихаттауда белсенді түрде QR кодтар пайдаланылу қазіргі уақытта кең өріс алуда. QR коды – «жылдам жауап» дегенді білдіреді және ол штрих-кодтың бір түрі. 1994 жылы Жапонияда ойлап табылған. Осы жерден оның бүкіл әлем бойынша жорығы басталды.

Біздің кітапханамызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қолға алынған «Bilimland» онлайн білім беру порталының «Қазақстанның ашық кітапханасы» цифрлық форматтағы кітаптарды оқу 2018 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Осы орайда «Сыныбымызбен кітап оқимыз» жобасы бойынша кітап оқу акцияларын 2-10 сынып оқушылары арасында өткізуді жоспарладық. «Сыныбымызбен кітап оқимыз» жобасы бойынша оқушылар «Bilimland» онлайн білім беру порталының «Қазақстанның ашық кітапханасы» стендінен ұялы телефон камерасы арқылы арқылы QR коды сканерлеп,  кітапты оқу немесе тыңдау арқылы таңдалған шығармалармен танысады.

Әр сынып оқушылары өздерінің оқыған кітабына  «Рухани жаңғыру» орталығында талдау жасайды. Кітапты талдау, оқушылардың көркем туындыны қабылдауды, бірігіп бір пікірге келуді,  қорытынды жасауды қалыптастырады. Талдау: сұрақ-жауап,  мәтінмен практикалық жұмыс, пікірлесу, ролдік ойын түрінде, «талқылау тербелісі», оқырман конференциясы, әдеби айтыс және тағы да басқалар негізінде жүзеге асады, шығармадан алған әсерлерімен бөліседі. Алға қойған мақсатымыз оқушыларды Қазақстанның көркем әдебиеті мен әлем классикалық әдебиетімен таныстыру және насихаттау,  көркем   мәтінді талдай білу арқылы нақты, дәлелді сөйлеуге дағдыланады, сөз құдіреті мен қасиетін ұғынуға қалыптастыру.

Сандық білім беру ресурстарын қолдану өзекті және тиімді болып табылатын келесі сала – бұл көпшілік жұмыс. Көпшілік кітапханалық іс-шараларын дайындау және өткізу үшін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану оларды неғұрлым жарқын және қызықты етеді. Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуы қарсаңында 5 сыныптар арасында жазушының әңгімелері желісіне буктрейлер жасалды. Буктрейлер – белгілі бір кітап туралы көркем түрде әңгімелейтін қысқа жарнама-бейнеролик.

Бұл бейнероликтердің мақсаты – визуалды құралдар арқылы кітаптарға жарнама жасау және оқырманды кітап оқуға шақырады. Балалар әдебиеті бойынша Ыбрай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар» атты мәнерлеп оқу марафон 4 сынып оқушылары арасында, ал мектеп кітапханашылары арасында «Ыбырай Алтынсарин тағылымы –білім тұмары» атты челлендж ұйымдастырдық. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың мерейтойына орай «Жетпіс жеті мысалын» 6 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқуды ұйымдастырдық, 9 «Б» сынып оқушыларына «Алаштың Әлиханы» атты танымдық сабағын сынып жетекшілерімен бірге өткіздік.

Мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен өтетін көпшілік жұмыстарды әлеуметтік желілерге орналастыру үшін жұмыстардың QR кодтарын дайындаймыз, ол өз кезегінде желілерге қоятын көлемі үлкен материалдарды тез де жылдам жүктерге мүмкіндік береді. Кітапхананың ұйымдастыруымен 2012 жылдан бастап «Біздің сынып кітабы» атты 6-8 сынып оқушылар арасындағы шығармашылық сайыс балалар кітабы апталығы аясында өтеді.

Сайыстың мақсаты: оқушылалардың шығармашылық қабілетін ашу; кітап оқуды насихаттау және балалар шығармашылығымен таныстыру; әдебиетке қызығушылықты арттыру және оқырмандардың ой-өрісін кеңейту; балалардың шығармашылық мүмкіндіктерінің жүзеге асуына ықпал ету; кітапхана, кітап және кітап оқуды насихаттау барысында жаңа ақпараттық технологиямен жұмыстың әдіс-тәсілдерін меңгеру; кітапхананы пиар-технология көмегімен жарнамалаудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру.

Мектеп кітапханасының жұмысына көмектесетін электронды платформаларға тоқтала кетуді жөн деп ойлаймын. Атап айтқанда: https://bilimland.kz/ru  – көптілді онлайн білім беру платформасы, бұл жерден сіздер мектеп бағдарламасына сай қазақ, орыс тіліндегі 2000 мыңға жуық аудиохрестоматияны пайдалануға болады. https://kitap.kz/  Бүгін оқырмансыз, ертең көшбасшысыз. Қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармаларын оқу және тыңдау мүмкіндігін ұсынатын ауқымды онлайн платформа. Бес мыңнан аса кітапты оқу және тыңдауға болады.

Сіздерге өз кітап қорларыңыздағы жоқ кітаптарға осы сайтқа сілтеме жасай отырып өз оқырмандарыңызға ұсына аласыздар. Өз тәжірибемізде «Бір ел-бір кітап» акциясы барысында Марат Қабанбаевтың «Жиһанкез Тити» кітабын осы сайттан алып пайдаланды, және де бүгінгі күнде өзекті болып тұрған коронавирус тақырыбына «Коронавирус. Балаларға арналған кітап» атты кітабын оқуға кеңес бердік. https://adebiportal.kz/  порталына осы күнге дейін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 3 899 электронды кітап жүктеліп, 3301 автордың жеке парақшасы ашылған.

Және де 300-ге тарта кітаптардың қысқаша мазмұны, 800-ден астам әдебиет тақырыбындағы аудио-видео жазбалар орналастырылған. Кітап қорымызда жоқ әдеби шығармаларды осы сайттарды пайдалану арқылы оқырманданымызға көмектесеміз. Цифрлық технологиялардың көмегімен заманауи үлгіде жасалған кітап көрмелері қазірдің өзінде оқырмандар үшін, әсіресе балалар үшін әлдеқайда тартымды бола бастады, соның нәтижесінде кітап көрмелерінен кітап алып оқу артты.

Мысалы: «Шәкәрім-дала данышпаны», «Даланың ұлы ұстазы», «Әлемге танылған тұлға», «Жаңа кітаптар» вертуалды  көрмелерге жасалған QR- кодтарды  әлеуметтік желілерге қоямыз. QR- код арқылы жүктеп алған материалдарды уақытыңыз болған кез-келген жерде оқып таныса аласыздар. Оқырмандарға ақпараттық хабарлама беру мақсатында «Білім шынары» атты стенд жасалды. Бұл Қазақстан Республикасында аталып өтілетін және еске алынатын күндер туралы мәліметтер енгізілген бәйтерек.  «Білім шынары» бәйтерегі кітапты насихаттауда ақпараттық желеу болмақ.

Кітапханада өткен көпшілік жұмыстарды QR код арқылы осы жерден оқып танысады. QR кодтарын пайдалану мүмкіндіктері шексіз. Бірақ, барлық технологиялар сияқты, QR-кодтар болашақта басқа да қызықты да тартымды «қызықтармен» ауыстырылуы мүмкін. Дегенмен, қазір QR код танымал, сондықтан, сіздер, оларды кітапханаңыздың танымалдылығына пайдалануыңыз керек.

Гулжанар Муратбековна ТОБЫКБАЕВА,
Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді
гимназияның кітапханашысы, Шығыс Қазақстан
облысы, Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий