Нәзипа Құлжанова – 135: Ұлттық тәрбиенің ұлы тәрбиешісі

(Н.Құлжанованың 135 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған республикалық ғылыми- тәжірибелік конференция). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Білім  – ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы, сондықтан да  бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр.

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті, ал сол ұстаздарымыз жаңартылған білім беру мазмұнын игеріп, заман талабына сай болуы үшін – әрқашан олардың ізденуін, білімдерін жетілдіруін, жан-жақты, білікті болуын талап етеді.

Қазіргі заманғы жаңа формациядағы педагогтарды даярлау біз үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұл конференцияның негізгі мақсаты қазақ даласында білім мен ғылымның қалыптасып, дамуына үлесін қосқан тарихи тұлғалар, қазақ ұлтының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов пен мектепке дейінгі тәрбие мен  оқытудың негізін қалаған тұңғыш журналист-публицист Назипа Құлжанованың шығармашылығы мен өмір жолын насихаттау арқылы, олардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рухани және ғылыми-білім беру мұраларының маңыздылығын ашу болып табылады.

Осы орайда бабалар алдындағы  парызымызды  келешекте  жастарға  қалдыру мақсатында  «Нәзипа ізбасарлары» үйірмесі нақтылы жоспармен өз жұмыстарын жалғастырып келеді. Н.Құлжанованың туған күніне орай дәстүрлі түрде жылма- жыл  студенттер мен  оқытушылар  арасында  облыстық, колледжішік іс- шаралар  ұйымдастырылып отырады.  Нәзипа Құлжанованың ұлтқа қызмет етудегі қайтпас қайраткерлік тұлғасы әрқайсымызға да үлгі-өнеге. Білімділігімен, парасаттылығымен, ұлтжандылығымен қайраткерлік дәрежеге көтерілген саусақпен санарлық қазақ қыздарының бірі, әрі бірегейі Нәзипа Құлжанованың өмірін, еңбектерін, саналы ғұмырындағы мұрасын зерттеу біздің парызымыз деп білеміз.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының да биыл туғанына 150 жыл толып отыр. Бабалардың  есімін ұлықтау – қашанда ізгілікті іс екені сөзсіз. Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», сол сияқты «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек» деген. Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, мемлекет қайраткері, соңынан із қалдырған жаңашыл ағартушы.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі және  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ортақ жоспары негізінде  Ежелгі Торғай жерінің тумасы ағартушы, қазақ аруынан шыққан тұңғыш журналист-публицист Н. Құлжанованың 135 жылдығына орай Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға еліміздің әр  өңірінен, атап айтсақ ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Серікбай Оспанов, облыстық білім басқармасындағы ТжБК әдістемелік кабинетінің әдіскері Алекешова Қанағат. Анварбековна, Абай облысы, Семей қаласы ф.ғ.к. «М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК директоры Жанаева Шағангүл .Алдамжаровналар қонақ ретінде қатысып мол шығармашылық жұмыстарымен бөлісті.

Жанаева Шағангүл  Алдамжаровна Н.Құлжанованың 135 жылдық мерей тойына тарту ретінде  тарихы бар мағлұматы мол  жинақ құжаттар мен «Алаштың білім ордасы», 110 жыл, 115 жыл II томдық кітаптарын сыйға тартты. Колледжде  Құлжанова  бөлмесінің  экспонаттарын  толықтыруға және  студенттердің оқу процесі мен тәрбиелік жоспарына із қалдыру  ретінде.

Сонымен қатар Серікбай Оспанұлының Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығы жайында тағылымы мол жинақталған «Ыбырай жолы»  атты кітабын колледжге тарту етілдіҚостанай облысы әкімдігі білім басқармасымен конференцияның пленарлық отырысы зуум платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Пленарлық отырыста Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Аубакиров Т.Г, «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ ТжКБ әдістемелік кабинетінің әдіскері құттықтау сөз сөйледі.

Спикерлер: Серікбай Оспанұлы «Ахмет және Нәзипа», Жанаева Ш.А, «Алаштың аяулы Нәзипасы», Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы «Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» КММ басшысы Сәрсекей Г.К, «Нәзипаның халқына жасаған еңбегі», Абдуллина А.Ә. Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті «Қос қарлығаш».  Алекешова Қанағат Анварбековна «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ ТжКБ әдістемелік кәбинетінің әдіскері, Қостанай қаласы «Опыт реализации дуального обучения в организациях ТиПО Қостанайский области как фактора повышения качества практико – ориентированного обучения».

 

Боленбаева А.К.  М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі директорының ғылыми – әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, қоғамдық пәндер оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. «Н.Құлжанованың қоғам қайраткері  ретінде тұлғалық болмысының қалыптасуы», Дроженко.Г.Г зам Директора по ВР профессионально-технического колледжа имени Камшат Доненбаевой Костанайская область Мендикаринский район «Этнопедагогика Назипы Кулжановой  в современном контексте». Мукышева С.А  М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі педагогика оқытушысы. «Нәзипа Құлжанованың мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесін дамытуға қосқан үлесі» тақырыптарында баяндама жасады.

Үзіліс уақытынан кейін онлайн түрде үш бағытта секция жұмыстары жалғасын тапты. I секция «Ұлттық педагогиканың жаңартылған білім берумен сабақтастығы» бойынша 60-мақала, оның 18- іштей оқылды. II секция «Ахмет Байтұрсынов – ұлттық білім беру жүйесінің негізін салушы» бойынша 88-мақала, оның 15-і іштей оқылды. III секция «Н.Құлжанованың мектепке дейінгі білімнің дамуына қосқан үлесі» бойыншы 54- мақала, оның 11-іштей оқылды.

Жалпы конференция жинағы  214 мақаланы құрады. Келген қонақтарға және конференцияға қатынасушыларға алғыс хат пен марапаттар табысталып, іс- шара  соңында  қонақтар колледж саябағында Н.Құлжанованың мүсіні орнатылатын алаңқайға «Жасыл белбеу» аясында  бірнеше ағаш көшеттерін отырғызды.

Сандугаш Орекеновна АЛМАТОВА,
Н.Құлжанова атындағы Торғай
гуманитарлық
колледжінің директоры, Қостанай облысы, Арқалық қаласы
                                               

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий